21.06.2023
2023 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығыстары 8 072,6 млрд. теңге құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 676,9 млрд. теңгеге немесе 26,2% артық.
Негізінен, бюджет шығыстарының өсуі білім беру мен әлеуметтік көмек шығындарының ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Мәселен, білім беру шығындары 32,4%-ке (+438,1 млрд. теңге) өсті. Әлеуметтік міндеттемелер бойынша ақшалай шығыстар 19,8%-ке (+283,4 млрд. теңге) ұлғайды.
Сондай-ақ, Үкіметтің және ЖАО (жергілікті атқарушы органдардың) борышына қызмет көрсетуге мемлекеттік бюджет шығындарының ұлғаюын атап өту қажет.
Борышты өтеуге арналған шығындар 38,9%-ке (+212,5 млрд. теңге немесе) ұлғайды, осылайша ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша 740,8 млрд.теңгені құрады.
Ескерту, 2023 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Үкіметтің борышы 22 717,9 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге 21,9% құрады. Бұл ретте борыштың қауіпсіз төменгі шектік мәні ЖІӨ-нің 60% деңгейі болып саналады.
Көпбаев Әлім - Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының жетекші сарапшысы
Барлық мақалалар