22.06.2023
Жұмыссыздық жастарға қатысты болған кезде, бұл елдің экономикасындағы немесе білім беру жүйесіндегі құрылымдық проблемаларды көрсетеді, бұл жастардың еңбек нарығына сәтті кіруін қиындатады.
Қытайдағы жастар жұмыссыздығының сәуір айындағы 20,4%-ке дейін өсімінен кейін, мамыр айында бұл көрсеткіш өсіп, рекордтық 20,8%-ке жетті.
Бұл бір ай бұрын жасалған қытайлық еңбек нарығындағы жағдай жазда бұдан әрі нашарлайды деген болжамымызды растайды. Мамандардың бағалауы бойынша Қытайдың еңбек нарығына жазда 11,6 млн. түлек шығады.
Сонымен қатар, ел бойынша мамыр айындағы жұмыссыздықтың жалпы көрсеткіші сәуір айындағыдай соңғы 17 айдағы рекордтық ең төменгі мәндерде скақталып, 5,2% құрайды.
Сараптамалық пікір:
Қытайдағы жастар жұмыссыздығы мәселесі біреше жыл қатарынан байқалуда. Жастар арасындағы жұмыссыздық шыңы әдетте бітіру маусымында – шамамен әр жылдың шілде-тамыз айларында болады. Жыл сайын университеттер мен колледждерден көптеген білікті кадрлар шығарылады, бірақ тәжірибесіз жас түлектерді жұмыс берушілер жұмысқа қабылданбайды. 1990 жылдардың аяғында басталған елдегі университеттік білім берудің жаппай танымалдығы түлектердің үлкен ағынын тудырды және де еңбек нарығында жоғары білікті жұмысшылардың сұранысы мен ұсынысы арасында қиғаштық тудырды, оған ел экономикасы дайын болмады.
Еңбек нарығындағы жағдайды қиындататын тағы бір мәселе – бұл жас түлектердің дағдыларының елдің технологиялық және білім беру секторларындағы жоғары өсуге сәйкес келмеуі. Жоғары оқу орындарындағы білім беру мамандықтары көбінесе еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес келмейді.
Жас түлектерге көбінесе біліктілігі төмен кадрларға арналған жалақысы аз жұмыс ұсынылады. Көптеген университет түлектері WCEWT (ағылш. «Without a CertainEducation, WorkandTraining» - белгілі бір білімсіз, жұмыссыз және дайындықсыз) мәртебесімен жұмыссыз қалмас үшін олардың білім деңгейіне сәйкес келмейтін жұмысқа баруға мәжбүр.
.
Жастардың жұмыссыздығының жоғары деңгейін сақтау экономиканың өзгеруіне ғана емес (мысалы, жастардың тұтынуға енді ақшасы аз), сонымен қатар ішкі әлеуметтік-экономикалық шиеленістер қаупін арттырады.
Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығы Аға сарапшысы Назигуль Жанакова
Барлық мақалалар