Қазақстан өңірлеріндегі сумен қамтамасыз ету жағдайы қандай?

22.06.2023

Су - адам тіршілігінің негізі. Осыған байланысты, мемлекеттің басты міндеті халықты барлық санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады.

Көптеген жылдар бойы мемлекет өңірлерде сумен жабдықтау мәселесін шешуге тырысуда. Бүгінгі таңда еліміздің қалалары мен ауылдарындағы сумен жабдықтау жағдайы қандай күйде?


Қанша қала суқұбырымен қамтамасыз етілмеген?
Бүгінде орталықтандырылған көздерден ауыз сумен қала тұрғындарының 98,4%-і немесе 12 млн. адам қамтамасыз етілген.

Дереккөз: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала деректері 

10 өңірде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген қала тұрғындарының үлесі 100%-ке жетеді (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстары).

Қалған аймақтарда жағдай әр-түрлі. Орталықтандырылған сумен жабдықтаудың ең төмен көрсеткіштері Павлодар (96%), Ақмола (95,3), Жамбыл (92) облыстарында, сондай-ақ Абай облысында (92,8) байқалады.

Қай өңір ауылдарында орталықтандырылған су қолжетімді?

Егер қалаларда жағдай анағұрлым қолайлы болса, онда ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу мәселесі өте өзекті.
Солай, 2022 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша 700 мыңнан астам ауыл тұрғынының орталықтандырылған көздерден суды пайдалану мүмкіндігі жоқ. Жалпы ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтаудың қамтамасыз ету деңгейі 91% құрайды.

Өңірлер бөлінісінде орталықтандырылған көздерден ауыз сумен ең көп қамту Алматы (99,3%), Маңғыстау (99,3), Қызылорда (98,1) облыстарының ауылдарында, сондай-ақ Жетісу (98,8%) облысында байқалады.

Артта қалған өңірлердің қатарында Солтүстік Қазақстан (57%), Қостанай (69,9) облыстары және Абай (78,9) облысы болды.


Дереккөз: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала деректері

Келтірілген сандар орталықтандырылған көздерден ауыз сумен қамтамасыз ету проблемалары қала тұрғындары үшін де, ауыл тұрғындары үшін де сақталатынын көрсетеді.

Бүгінгі таңда қолданыстағы сумен жабдықтау инфрақұрылымының тозуы жоғары және жаңа объектілерді салу қажеттілігі болған кезде жергілікті атқарушы органдар сумен жабдықтау желілері мен объектілерін, әсіресе ауылдық жерлерде жаңғыртуға ерекше назар аударуы қажет.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес 2026 жылға қарай Үкімет қалалар мен ауылдардағы халық үшін сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз етуді жоспарлағанын атап өту керек.

Өмір сапасы орталығы директорының орынбасары, Мейрембаев Айтжан 



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!