21-ғасырдағы жылу толқындары қоғам мен қоршаған ортаға қауіп төндіреді

27.06.2023

Ағымдағы 21-ғасырда климаттың экстремалды құбылыстарына жататын жылу толқындарының жиілігі, қарқындылығы және ұзақтығы артады деп күтілуде, бұл өз кезегінде әлем үшін үлкен проблема тудырады.

Жылу толқынының әмбебап анықтамасы жоқ, бірақ ағымдағы жылдың сәуір айында жарық көрген және осы құбылыс бойынша соңғы әзірлемелер зерттелген «Жылу толқындары: физикалық түсіну және ғылыми мәселелер» (Heat Waves: Physical Understanding and Scientific Challenges) мақаласында  жылу толқындары температуралар берілген мәндерде осы мекенде тіркелген әдеттегі мәндерден едәуір асатын кезеңдер ретінде анықталады.

Климаттың өзгеруі әлемнің көптеген өңірлерінде қатты ыстық кезеңдердің жиі және қарқынды болуына ықпал етеді. Жылу толқындары құрғақшылық, шаңды дауылдар немесе дала өрттері сияқты басқа экстремалды оқиғаларға сәйкес келуі мүмкін. Олардың бірлескен пайда болуы көбінесе жалпы атмосфералық себептермен немесе жер мен атмосфера арасындағы кері байланыстармен байланысты, осының салдарынан бұл құбылыстар бір-бірін нашарлатады.



Климаттық модельдер зерттеушілерге болашақ жылу толқындарының өзгеруін жаһандық және өңірлік ауқымда бағалауға мүмкіндік береді. Үздіксіз жаһандық жылыну құрлықтың көптеген өңірлерінде ұзағырақ, қарқынды, кеңірек және жиі жылу толқындарына әкеледі, тіпті +0,5 ºC қосымша жылыну кезінде де. Эль-Ниньо сияқты табиғи құбылыстар көпжылдық ауқымда жылу толқындарын айтарлықтай нашарлатуы мүмкін.

Төтенше жылу құбылыстарының шамасы өңірлік ауқымда әлі анықталмағанымен, ол жаһандық жылынумен сызықтық деңгейде өсуге бейім. Сонымен қатар, кейбір өңірлер үшін бұл шамалар қазіргі уақытта болжанғаннан гөрі маңызды болады.Қазақстандағы орташа температура жаһандық орташа температурадан бір жарым есе жылдам өсетінін ескерсек, экономикалық жоспарлауда қазірдің өзінде пайда болу ықтималдығын және экономика секторына теріс әсер етуді ескеру қажет.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, экстремалды ауа-райы құбылыстарынан  зиынды азайту және бейімделу шараларын жоспарлау үшін климаттық тәуекелдерді зерттеудің жүйелілігін едәуір кеңейту қажет. Ол үшін климаттық модельдер, болып жатқан экстремалды ауа райы құбылыстарынан келтірілген залал бойынша экономикалық деректерді жинау тетігі және климаттық тәуекелдердің экономика секторларына, ел өңірлеріне әсерін бағалау құралдары және алдын алу шаралары мен ден қою шараларын әзірлеу түріндегі талдамалық құралдарды кеңейту қажет.



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!