30.06.2023
Соңғы 5 жылда Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің мұнайға қатысты емес кірістері * іс жүзінде 2 есеге ұлғайды: 2018 жылғы 7,1 трлн теңгеден 2022 жылы 14,0 трлн теңгеге дейін.
Мұнайға қатысты емес кірістер - ҚР Ұлттық қорынан берілетін трансферттерді және шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждарды алып тастағандағы кірістер.
Мұнайға қатысты емес кірістердің өсуіне қарамастан, олардың ЖІӨ-дегі үлесі төмен болып қалуда: 2018-2022 жылдары орта есеппен 12,7%. Бірақ, COVID-19 кезеңінде шектеу шараларын (карантин және жекелеген өндірістерді жабу) және салықтық ынталандыру шараларын (жекелеген салықтардың ставкаларын жою/төмендету, кейбір салықтарды төлеуді кейінге қалдыру, мәжбүрлеу әдістері мен шараларын тоқтата тұру) енгізу салдарынан салық түсімдерінің төмендеуімен түсіндірілетін 2021 жылдың көрсеткіштерін ескермесек, бұл ретте қаралып отырған кезеңде (2018-2022 ж.ж.) ЖІӨ дегі мұнай емес кірістер үлесінің жыл сайынғы өсу үрдісі байқалады.
Мұнай емес түсімдердің негізгі көздері ҚҚС және КТС болды, олар 2018-2022 жылдары сәйкесінше орташа алғанда 29,0% және 24,9% құрады.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап ШОБ-тан түсетін КТС жергілікті бюджеттерге олардың қаржылық дербестігін қамтамасыз ету үшін түседі. 2022 жылы жергілікті бюджеттердегі ШОБ-тан КТС 1,04 трлн теңгені (жергілікті бюджеттер кірістерінің 13,5%) құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 2 есеге артық (0,48 трлн теңге, 6,2%).
Барлық мақалалар