Google салығынан түсетін түсімдер

18.07.2023

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның Салық кодексі жаңа бөліммен толықтырылды, оған сәйкес тауарларымен электрондық сауда интернет-алаң арқылы жүзеге асырылатын, сондай-ақ жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компаниялардың қосылған құн салығын (ҚҚС) салу тәртібі айқындалды, яғни Google салығы енгізілді.

Мұндай шетелдік интернет-компаниялар ҚҚС төлеушілер болып танылады және салық органында шартты тіркеуге жатады. Шетелдік интернет-компанияны шартты тіркеу үшін пошта арқылы ҚР ҚМ МКК-ге жазбаша растау (шетелдік компанияның толық атауын, салықтық тіркеу және мемлекеттік тіркеу нөмірін, ҚҚС төленетін банктік деректемені және пошта деректемесін көрсете отырып) жіберу жеткілікті.

Тауарлардың электрондық саудасымен және жеке тұлғаларға электрондық қызметтер көрсетумен байланысты шетелдік интернет-компанияның айналымдарына электрондық нысанда өткізілген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құнына 12% мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынады және әрбір тоқсан үшін мынадай мерзімдер бойынша төленуге тиіс: 25 мамырға, 25 тамызға, 25 қарашаға және 25 ақпанға дейін.

Бизнес-процесті жеңілдету мақсатында шетелдік интернет-компаниялар ҚҚС бойынша салық есептемесін ұсынбайды және электрондық шот-фактураларды жазып бермейді.

ҚР ҚМ МКК деректері бойынша 2022 жылдың қорытындысы бойынша 44 шетелдік интернет-компаниялардан Google салығы деп аталатын бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасы 16,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде түсімдердің 58,11%  үш шетелдік интернет-компаниялар қамтамасыз етті.

Сонымен, төленген салық мөлшері бойынша көшбасшы iHerb компаниясы болып табылады. Оның атынан қазына 2022 жылы 4,1 млрд теңгеге немесе Google салығының жалпы түсімінің 25,19%-ке толықты. Metaplatformsirelandlimited компаниясынан бюджетке 2,9 млрд теңге немесе 17,81% түсті. Google-ға төленген салық мөлшері бойынша көшбасшылардың үштігін қазынаны 2,5 млрд теңгеге немесе 15,12%-ке толықтырған Apple Distribution International Limited компаниясы жабады.


2023 жылдың басынан Google-ға салық төлеушілердің тізімі өткен жылмен салыстырғанда тағы 9 шетелдік интернет-компаниялармен толықтырылдым – AmazonJapan, Nintendo, Paddle.comMarketLimited, ProxiomaBetaPTELimited, RiotGamesLimited, Taxamosupport,UnivercityofLondon, БИФЛЕКС, GOG spolka .organiczonaodpowiedzialnoscia. 

2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 53 шетелдік интернет-компаниядан бюджетке түсімдер 5,7 млрд теңгені құрады, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 112,2% құрады (2022 жылдың 1 тоқсанында 2,7 млрд теңге түсті).

2023 жылдың 1 тоқсанында, 2022 жылдың қорытындысындай біріншілік iHerb компаниясында сақталды, ол қазынаны 1,4 млрд теңгеге немесе 24,34%-ке толықтырды (2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  0,7 млрд теңгеге ұлғайды). Google Commerce Limited компаниясы қазынаны  1,2 млрд теңгеге немесе 20,22% -ке (0,1 млрд теңгеге көп) толықтырды. Бұл рейтингті ValveCorporation компаниясы қазынаны 1,0 млрд теңгеге немесе 17,6% -ке (0,8 млрд теңгеге көп) толықтыра отырып жабады.

Осипова Эльмира, жетекші сарапшысы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!