24.07.2023
Бұрын күткендей, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-Кредит саясаты комитетінің 2023 жылғы 5 шілдедегі кезекті отырысында базалық мөлшерлемені 16,75 проценттік тармақ деңгейінде сақтау туралы шешім қабылданды.
Өтімділікті беру бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме – 17,75%, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша – 15,75% деңгейінде қалыптасты.
ГЖылдық инфляция біздің болжамның бәтуаластық шегінде қалыптасады. 2023 жылдың маусым айында күтілгендей жылдық инфляция 14,6%-ке дейін төмендеді (2023 жылдың мамыр айында 15,9%).
Тұтыну бағаларының жылдық индексінің ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 1,3 п.т. болған қысқаруы көбінесе «өткен жылдың жоғары базасының» техникалық әсерімен, сондай-ақ азық-түлік бағасына оң әсер ететін маусымдық құрамдас бөлігімен түсіндіріледі.
Елдегі инфляциялық күтулер жоғары болып қалуда.
л ішіндегі бағаларға жоғарылатушылық қысым фискалдық ынталандыру жағынан да сақталады. Осы факторлардың барлығы ҚР ҰБ-ға АКС Комитетінің өз отырысында базалық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік бермеді.
Осылайша, Қазақстанда жылдық мәнде келесі баға динамикасы байқалады:
- азық-түлік тауарлар – 14,6% (- 1,9%, өткен аймен салыстырғанда);
- азық-түлік емес тауарлар – 15,8% (-1,4%, өткен аймен салыстырғанда);
- ақылы қызметтер – 13,3% (- 0,2%, өткен аймен салыстырғанда).
Графиктен көріп отырғанымыздай, Ұлттық банк 8 ай қатарынан базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтап өзгертпейді.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2023 жылғы 25 тамызда жарияланады. Реттеуші өз релизінде инфляцияның байқалған баяулауы базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендету үшін кеңістік құра бастағанын атап өтті. Бұл Қазақстанның барлық қаржы нарығына ағымдағы үрдістер кезінде реттеуші базалық мөлшерлемені төмендетуге ниетті болуы ықтимал екеніне ескертілуі мүмкін.
Оңтайлы проценттік мөлшерлемені басқару теориясына сәйкес (оны оңтайлы ақша саясаты теориясы деп те атайды) орталық банк экономикалық циклдің басында проценттік мөлшерлемені күрт көтеру, содан кейін цикл жалғасқан сайын мөлшерлемені жоспарлы түрде төмендету арқылы экономикалық белсенділік пен баға тұрақтылығының оңтайлы деңгейіне қол жеткізе алады деп болжануда. Осылайша, ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдаған жағдайда, бұл жоспарлы түрде 50 базистік пункттер шегінде болуға тиістігі ықтимал.
Тоқтасын Бақберген
аға эксперт
Барлық мақалалар