Қазақстандағы ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау: Қарағанды облысы

29.07.2023

Қарағанды облысында 2023 жылғы 12 ақпаннан 18 маусымға дейін 6 ауданда (Абай,Бұқар Жырау, Шет, Осакаров, Ақтоғай, Нұра) және Ақтау кентінде (Теміртау қ.) ауыл әкімдерінің сайлауы өтті.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға 29 үміткер қатысты.Үміткерлердің орташа жасы 43 жасты құрады. Бұл ретте, ең жасы – 27 жаста, ең үлкені – 59 жаста. Жынысы бойынша үміткерлердің құрамы: 21 ер адам (57,9%), 8 әйел (42,1%).


Ақтау кентінде (Теміртау қ.) әкім сайлауына үш үміткер қатысты. Олардың біреуі – «Аманат» партиясымен, екеуі - өзін-өзі ұсынумен берілген.Үміткерлердің орташа жасы - 44, бұл ретте ең жас үміткер – 33 жаста, ал ең үлкені – 59 жас. Тіркелген үміткерлердің ішінде 3 (75%) ер адам және 1 (25%) әйел бар. Сондай-ақ, 1 үміткерге тіркеуден бас тартылғанын атап өткен жөн.

Абай ауданында сайлау Дубовка ауылдық округінде өтті. Барлығы 3 үміткер тіркелді, оның ішінде «Аманат» партиясынан - 1, 2 – өзін-өзі ұсынушылар. Үміткерлердің орташа жасы 48 жасты құрады. Ең жас үміткер -36 жаста, ал ең жасы үлкен – 58 жаста.

Бұқар Жырау ауданында ауылдық округ әкімінің тікелей сайлауына қатысу үшін 3 үміткер тіркелді. Барлық кандидаттар «Аманат» партиясының атынан қатысты.Үміткерлердің орташа жасы 37 жасты құрады. Ең жас үміткер 31 жаста, ал ең үлкені-  49 жаста болды.
Шет ауданында әкім сайлауы Ортау ауылдық округінде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 3 үміткер енгізілді, оның ішінде 1 үміткерді «Аманат» партиясы, 2  - өзі ұсыну арқылы ұсынды.Барлық 3 үміткер ер адамдар.

Осакаров ауданында Молодежный кентінің, сондай-ақ Ертіс және Батпақты ауылдық округтерінің әкімдері таңдалды. Барлығы 9 үміткер тіркелді. Ең жас үміткер 30 жаста, ең жасы - 59 жаста.Үміткерлер арасында ерлер саны 6, әйелдер саны – 3.

Ақтоғай ауданында Тасарар ауылдық округінің әкімін таңдады. Әкім лауазымына 3 үміткер талаптанды. Бір үміткерді «Аманат » партиясы ұсынды, 2 үміткер өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды. Үміткерлердің орташа жасы 41 жасты құрады. Ең жасы 36 жаста, ең жасы үлкені - 44 жаста.Тіркелген үміткерлердің арасында 2 ер адам мен 1 әйел болды.

Нұра ауданында сайлау Ақмешіт ауылдық округінде өтті. Өз әкімдерін Шұбаркөл кенті мен Заречное, Балықтыкөл ауылдарының тұрғындары таңдады. Сайлауға барлығы 4 үміткер қатысты, оның ішінде 3 ер адам, 1 әйел. Қатысқан үміткерлердің орташа жасы 39 жасты құрады. Бұл ретте, ең жасы үлкен үміткер 57 жаста, ең жасы  – 27 жаста.

Қарағанды облысының ауылдарындағы негізгі проблемалар әлеуметтік объектілердің жетіспеушілігі, инженерлік және жол инфрақұрылымының тозуы және т. б. болып табылады.

2022 жылы Қарағанды облысында «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 21 ауылда төрт миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген 42 жоба іске асырылды. 

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында 351 адам көтерме жәрдемақылар мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несиелер алды.
Облыстың ауылдық елді мекендерінің Өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес объектілермен және қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілуі 2022 жылы 55,5%-і құрады.

Садуахасова Диана
аға сарапшысы


Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!