Әлемнің температуралық рекордтары

01.08.2023

Қатты жылу толқындар АҚШ-тың оңтүстігін, Жерорта теңізін, Солтүстік Африканы, Таяу Шығысты және Азияның кейбір елдерін, соның ішінде Қытайды қамтуда.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ)  Ауа-райы және климаттық төтенше құбылыстар мұрағатына сәйкес, бұрын соңды тіркелген ең жоғары температура 1913 жылы 10 шілде айында Калифорниядағы Өлім аңғары Фернас-Крикте болды. Ол 56,7°C құрады.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 7 шілде айында ДМҰ-ға сәйкес орташа ғаламдық температура 17,24°C құрады, бұл 2016 жылдың 16 тамыз айында орнатылған алдыңғы 16,94° C рекордтан жоғары.

Шілде айының бірінші аптасы күндізгі температуралар бойынша жаңа рекорд орнатты.Төменде осы жазда әлемнің әртүрлі жерлерінде қандай температуралық рекордтар жаңартылғанын қарастырайық:
  • 1961 жылы 10 маусым айында Қытай егжей-тегжейлі жазбаларды жүргізе бастаған кезде орнатылған 40,6°c алдыңғы рекордын жаңартып, 22 маусым айында Бейжіңдегі температура 41,1°C-қа дейін көтерілді. 18 шілде айында Бейжің астанасында жылдың ең жоғары температурасымен ең үлкен күндер саны бойынша басқа рекорд жаңартылды. Бұл күні, 27 күн қатарынан температура 35°C-тан асты;
  • 16 шілде айында Қытайда рекордтық температура 52,2°C (Шыңжаңның Турфан ойпатындағы Санбао ауылы) тіркелді. Алдыңғы максимум 50,3 °C 2015 жылы Турфан ойпатында орналасқан Айдингте тіркелген;
  • 18 шілде айында Италияның көп бөлігінде бірнеше қалаларда рекордтық температуралармен ыстық күн болды. Лационың өңірлік метеорологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, Римде термометрлер бағандары қаланың жаңа рекордын көрсетті – 41,8°C. Сицилияның оңтүстік жағалауындағы шағын порт Ликатта сынап бағанасы 46,3°C-қа дейін көтерілді, бұл ұлттық рекорд болып табылады;
  • 18 шілде айында Францияның оңтүстігінде Alped'Huez альпілік тау шаңғысы курортында рекордтық температура 29,5°C тіркелді, ал Пиренеев тау бөктеріндегі Верденде алғаш рет температура 40,6°c тіркелді;
  • 18 шілде айында Испанияда да рекордтар жаңартылды. Осылайша, Каталонияда ресми бақылаулар басталғаннан бері бұрын-соңды тіркелген ең жоғары температура Фигераста -45,3°C тіркелді. Испанияның басқа қалаларында да рекордтар жаңартылды.

Айта кету керек, метеорологтар Еуропада 2021 жылдың тамыз айында Сицилияда орнатылған 48,8 °C температуралық рекордты жаңартуды күтуде. Метеорологтар мен сарапшылар қауымдастығы осы жазда бүкіл әлем бойынша көлемді жылу толқындарының арқасында басқа да рекордтарды жаңартады деп күтеді.

Қазақстанда осы жылдың маусым айында температуралық рекордтар да тіркелді. Қазгидрометтің ақпаратына сәйкес, маусымның бірінші онкүндігінде күндізгі ауа температурасы Қазақстанда өткен жылдардың абсолютті максимумдарының рекордын жаңартты.
 

Солай, еліміздің бірнеше қалаларында осы жазда соңғы онжылдықтардағы температуралық рекорд жаңартылды:
  • 4 маусым Қостанайда +38,2°С, 
  • 6 маусым Қызылордада +41,6°С және Астанада +38,4°С,
  • 7 маусым Петропавлда +38,0°С және Жезқазғанда +40,6°С, 
  • 8 маусым Павлодарда +40,0°С, Өскеменда +37,1°С, және Түркістанда +40,7°С, 
  • 9 маусым Таразда +38,9°С.


Бакдолотов Айдын Айсултанович, орталығының директоры



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 30.10.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!