10.08.2023
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы наурыз айында өткен Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сүру сапасы жөніндегі сауалнаманың нәтижелерін жариялады.
Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 41,8%-і өзінің өмір сүру деңгейіне қанағаттанған. 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,5 п.т. (2022ж. – 41,3%) өсті. Бұл ретте 2023 жылы халықтың өмірге қанағаттануы 2021 жылмен салыстырғанда 19,5 п.т. төмендеді (2021 ж. – 61,3%).
Сауалнаманың күтпеген нәтижесі - ауыл тұрғындары қалалық жерлерге (39,6%) қарағанда өз өмірлеріне (46,5%) көбірек қанағаттанғаны болды.
Жас топтары бөлігінде 18-28 жас аралығындағы жас қазақстандықтар – респонденттердің 69,7%-і өз өмірлеріне барынша қанағаттанды. 29-38 жас тобында бұл көрсеткіш төмен және 47,3% құрады. Жасөспірімдер арасында (15-17 жас) респонденттердің 47,2% -і өз өмірлеріне қанағаттанған.
Сұралынған респонденттердің 57,7%-і ішінара – өз өмір сүру деңгейіне қанағаттанған, оның ішінде қалаларда – 60,1%, ауылдарда - 52,4%.
Жұмыспен қамту мәртебесі бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандар өз өмірлеріне барлығынан көп қанағаттанған (51,1%). Жалдамалы жұмысшылар арасында өз өміріне қанағаттанғандардың үлесі 41,9%, ал жұмыссыздардың үлесі - 37,6% құрады.
Респонденттердің 51,8%-і өмір сүру жағдайларына қанағаттанған. Ауылдардағы ауылдық жерлердің инфрақұрылымдық проблемаларына қарамастан, өмір сүру жағдайларына қанағаттану қалаларға қарағанда жоғары болды: ауыл - 56,9%, қала – 49,5%.
Жұмыспен қамту мәртебесі бойынша өзін–өзі жұмыспен қамтыған халықтың өмір сүру жағдайларына ең көп қанағаттануы байқалады - 53,2%. Жалдамалы жұмысшылар арасында өмір сүру жағдайларына қанағаттанғандардың үлесі – 52%, ал жұмыссыздар арасында – 46,9% құрады.
Респонденттердің 47,6%-і өз денсаулығына қанағаттанған. Бұл ретте ауылдарда өз денсаулығына қанағаттану қалалық жерлерге қарағанда (44,3%) жоғары (54,6%).
Жұмыспен қамту мәртебесі бойынша халықтың топтары арасында өз денсаулығына ең үлкен қанағаттану өзіндік жұмысмен қамтылған халық арасында байқалады – 55,5%. Жалдамалы жұмыс істейтіндер арасында респонденттердің 52,5%-і өз денсаулығына қанағаттанған, ал жұмыссыздар арасында бұл көрсеткіш 46,8% құрады.
Сауалнама нәтижелері, сондай-ақ қазақстандықтардың қамтамасыз етілу деңгейі (ауқаттылық) неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олар өз өміріне, өмір сүру жағдайларына және денсаулығына қанағаттанатынын көрсетеді.
Айтжан Мейрембаев
Орталығы директорының орынбасары
Барлық мақалалар