Қазақстандағы ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау: Солтүстік Қазақстан облысы

13.08.2023

2023 жылғы 27 сәуір мен 21 мамыр аралығында облыста алты ауылдық округте (Власовка ауылдық округі, Ивановка ауылдық округі, Черкаска ауылдық округі, Архангельск ауылдық округі, Дружба ауылдық округі, Городецкий ауылдық округі) әкімдер сайлауы өтті.


Алты ауылдық округ әкімі лауазымына 19 үміткер болды. Оның ішінде тек 6 үміткерді саяси партиялар ұсынды: "Аманат" – 4, Қазақстан Халық Партиясы – 2. Қалған 13-і өзін-өзі ұсынған.

Үміткерлердің орташа жасы - 44. Сонымен қатар, ең жас – 28 жаста, ең үлкені – 59 жаста. Үміткерлер арасында Гендерлік теңдік байқалады (52,6% – ерлер, 47,4% - әйелдер).

Аққайың ауданында сайлау үш ауылдық округте өтті (Власовский, Ивановский және Черкасский). Барлығы 9 үміткер тіркелді. Оның 5-і саяси партиялармен ұсынылды ("Аманат" – 3, Қазақстан Халық партиясы – 2), қалған 4-і өзін-өзі ұсынушылар болды. Үміткерлердің орташа жасы - 44. Ең үлкен үміткер – 59 жаста, ең жас – 32 жаста.

Власовка ауылдық округінде сайлауға үш кандидат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімі болып 40 жастағы ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі сайланды. Иваново ауылдық округінде сайлаушылардың көпшілігі 34 жастағы биология және химия мұғаліміне дауыс берді. Черкас ауылдық округінде сайлауда "Черкасское Агро" ЖШС директорының 54 жастағы орынбасары жеңіске жетті.

Қызылжар ауданында әкімдердің тікелей сайлауы Архангельск ауылдық округінде өтті. Ауылдық округ бойынша барлығы 4 кандидат тіркелді. Оның ішінде 1 кандидатты "Аманат" партиясы ұсынды, қалған 3 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды. Үміткерлердің орташа жасы – 44 жас. Ең жас үміткер 33 жаста болса, ал ең үлкені 54 жаста. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа әкім болып Қаражар ауданының 54 жастағы тұрғыны, "AMANAT "партиясы" қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының консультанты сайланды.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда аумақтық сайлау комиссиясы Дружба ауылдық округі әкіміне 3 кандидатты тіркеді. Үміткерлердің орташа жасы - 41. Ең үлкені 54 жаста, ал ең жасы - 28 жаста. Барлық үміткерлер өзін-өзі ұсынушылар болып табылады. Сайлау нәтижесі бойынша Дружба ауылдық округінің әкімі болып Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының орта мектебіндегі 41 жастағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі сайланды.

Шал ақын ауданында Городецкий ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Ауылдық округ әкімінің тікелей сайлауына қатысу үшін 3 кандидат тіркелді. Барлық үміткерлер өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды. Үміткерлердің орташа жасы 46 жасты құрады. Ең жас үміткер 50 жаста, ең жас үміткер 44 жаста еді.


Сайлау қорытындысы бойынша Городецк ауылдық округінің әкімі болып Солтүстік Қазақстан облысы "Шал ақын ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" КММ бөлім басшысының 44 жастағы орынбасары сайланды.

Айта кете, 2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысында "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында 41 ауылда 6 млрд теңгеден астам сомаға 49 жоба іске асырылды. "Дипломмен ауылға" жобасы аясында 872 маман көтерме жәрдемақы, 258 – тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алды.
Облыстың ауылдық елді мекендерінің өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес объектілермен және қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілуі 2022 жылы 54,5% -құрады. 

Диана Садуахасова
аға сарапшысы 



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 02.01.2025





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!