Қазақстан өңірлерінің жиынтық сұраныстың талықсытпаларына реакциясы

14.08.2023

ТЕОРИЯ. Алдыңғы шолуларда біз «Өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнім» статистикасының деректері негізінде ұлттық экономиканың салалары жиынтық сұранысының талықсытпаларына қалай әсер ететінін анықтауға болатынын көрсеттік. 

Өңірлердің жиынтық сұраныс талықсытпаларына реакциясын бағалау үшін «Жалпы өңірлік өнім» (бұдан әрі - ЖӨӨ) кестесінің статистикалық деректері пайдаланылады.

Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде сұраныс талықсытпаларының көріну ерекшеліктерін неғұрлым дәл сәйкестендіру үшін біз олардың ЖӨӨ-дегі өнеркәсіп, қызмет көрсету немесе ауыл шаруашылығы салаларының үлесінің басым болуына байланысты өңірлерді олардың мамандануы бойынша ірілендірілген топтастыруды жасадық:
  • өнеркәсіптік өңірлер;
  • өнеркәсіптік-сервистік;
  • аграрлық-сервистік;
  • сервистік өңірлер.

Мұндай құрылымдық тәсіл экономикалық дағдарыс жағдайында және одан кейінгі өңірлердегі сұраныс пен ұсыныстың талықсытпалар себептері мен салдарын объективті талдауға мүмкіндік береді. Бұл өңірлердің экономикасын тұрақтандыру бойынша макроэкономикалық және өңірлік саясаттың неғұрлым барабар тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік береді.


ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПРАКТИКА: Қазақстан өңірлерінің 2020 жылғы дағдарысқа сұраныс пен ұсыныстың талықсытпаларына реакциясы

Біз болжағандай, өңірлердің жиынтық сұраныс пен ұсыныстың талықсытпаларына реакциясының ерекшеліктері айтарлықтай шамада өңірдің салалық мамандануымен анықталды.

Экспортқа бағытталған өңірлерде сыртқы сұраныс талықсытпалары. «Сыртқы сұраныс» макроэкономикалық көрсеткішінің әсері Қазақстанның 2020 жылғы ЖӨӨ құрылымында айқын көрінеді, ол экспортқа бағдарланған мұнай-газ өңірлерінде барынша қысқарды:
  • Ақтөбе облысы -98,9%;
  • Атырау облысы - 93,7%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 99,1%;
  • Қызылорда облысы – 89,0%;
  • Маңғыстау облысы – 94,3%; 
  • Павлодар облысы – 96,6%. 

Тіпті 2021 жылы Қазақстанның белсенді қалпына келтіру өсімі аясында (4,1%) кейбір мұнай-газ өңірлері әлдеқайда баяу қалпына келді:
  • Батыс Қазақстан – 98,1%;
  • Қызылорда облысы – 100,6%;
  • Маңғыстау облысы – 101,2%.

Әлбетте, ғаламдық тұрақсыздық, мұнай экспортының қысқаруының ықтимал тәуекелдері немесе мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуі тағы да осы өңірлерге тікелей әсер ететін жиынтық сұраныстың дәл сондай талықсытпаларын тудыруы мүмкін. Осыған байланысты, осы өңірлерде сұраныс талықсытпаларының әлеуметтік тұрақтылық мәселелерімен байланысын неғұрлым нақты қадағалау қажет.

Ішкі жиынтық сұраныстың талықсытпалары. 

Ішкі сұраныс талықсытпаларын талдау кезінде сервистік және аграрлық-сервистік өңірлердің «Үй шаруашылықтарын түпкілікті тұтынуға арналған шығыстар» макроэкономикалық көрсеткішін қысқартуға әсері ерекше назар аударады. 2020 жылы ол 96,3%-ке дейін қысқарды.


Нәтижесінде, дәл осы сервистік және аграрлық-сервистік өңірлерде, олардың экономикасындағы қызмет көрсету саласының жоғары үлесімен, ЖӨӨ көлемінің ең көп төмендеуі орын алды:
  • Алматы қ. ЖӨӨ 95,1%-ке дейін қысқарды (сервистік мамандандыру -ЖӨӨ-дегі қызмет көрсету саласының үлесі 86% құрайды);
  • Алматы облысы - ЖӨӨ 97,6%-ке дейін қысқарды (аграрлық-сервистік мамандандыру - ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласының үлесі - 63%).

Яғни, осы өңірлерде жұмыспен қамтудың экономикасының  табысты дамуы айтарлықтай шамада халықтың табыс деңгейі мен тұтынуына байланысты болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Біздің шолуымыз көрсеткендей, жиынтық сұраныстың талықсытпалары туындаған жағдайда қызмет көрсету саласының жоғары үлесі бар экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік және ірі сервистік өңірлерде экономиканың айтарлықтай қысқаруы ықтимал.

Сервистік өңірлерде бейресми жұмыспен қамтылғандардың едәуір саны жұмыс істейтін, табысы төмен және тұрақты емес сауда саласында ерекше тәуекелдер қалыптасуы мүмкін. Бұл өңірлерді жоғары әлеуметтік-саяси тәуекел аймақтарына жатқызуға болады. 

Мемлекеттің ынталандырушы қолдауымен 2023 жылы жақсы өнім алу шарты кезінде аграрлық және аграрлық-өнеркәсіптік өңірлер талықсытпаларға төзімділікті сақтай алады. Бұл Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін және инфляциялық тәуекелдердің төмендеуін қамтамасыз ету тиіс.

Сара Алпысбаева
э.ғ.д., профессор, Қоғамның бас ғылыми қызметкері


*Ал жиынтық сұраныстың ықтимал талықсытпалары Қазақстан экономикасына қалай және қандай әсер етуі мүмкін екенін алдын ала болжауға бола ма? Бұл қалай жасалады? Егер қызық болса, онда  бұл туралы келесі шолуда.



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!