16.08.2023
Салықтық тексеру - бұл салық органы жүзеге асыратын салықтық бақылау нысандарының бірі, ҚР салық заңнамасының нормаларын орындау. Тексерулер жүргізудің жалпы тәртібі Кәсіпкерлік кодексімен регламенттелген. Салық органдарының тексерулеріне бастамашылық жасау мәселесі Салық кодексінің 18-тарауымен шектелген және реттелген.
2023 жылғы 1 қаңтар айынан бастап тексерудің жаңа түрі енгізілді – тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер.
Бұл жаңалық Кәсіпкерлік кодексте тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша тексерулер алынып тасталғандығына байланысты.
Мерзімді тексерулердің мақсаты ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін жойылған тексерулерге ұқсас (салық органдары салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша тағайындайды (салық агенттері)).
Мұндай тексеруді тағайындаудың негізі жартыжылдық график болып табылады.
Жалпы тәртіп бойынша тексеру жүргізуге және оны жүргізу мерзімдерін ұзартуға негіз болып табылатын нұсқама мен қосымша нұсқама (қарсы тексерулерден басқа) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде міндетті түрде тіркелетінін атап өту маңызды.
Соңғы 3 жылда кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексерулер санының іс жүзінде 3 есеге төмендеуі байқалады.
2020-2024 жылдар аралығында мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес микро және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту мақсатында салықтық тексерулерге (жоспардан тыс тексерулерден басқа) мораторий енгізілді, осыған байланысты ерекше тәртіп бойынша тағайындалған салықтық тексерулер санын төмендету үрдісі айқын.
Айта кету керек, 2020 жылдан бастап салық органдарының тексерулерін орта және ірі бизнеске қайта бағдарлау арқылы жүргізілетін салықтық тексерулер құрылымының айтарлықтай өзгеруі байқалады (2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы орта бизнеске 52,9% –ке, ірі бизнеске – 43,2% -ке және 2022 жылы - 20%-ке тексерулердің өсуі байқалады), ол көрсетілген күннен бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторий енгізілгендіктен өзгеріске ұшырады (2019 жылмен салыстырғанда шағын бизнеске 2020 жылы 86,6% –ке, 2021 жылы 97,7% -ке тексерулердің төмендеуі байқалады).
Ерекше тәртіп бойынша салықтық тексерулер нәтижелерінің қорытындысы бойынша тексерулердің 95,5%-і салықтар мен бюджетке төлемдерді қосымша есептеуге әкелетін ҚР салық заңнамасының нормаларын бұзушылықтар анықталумен аяқталады. 2022 жылы салық органдары жалпы 3,2 есе өсіммен (2021 жылы – 208,8 млрд. теңге) 677 млрд.теңге қайта есептелген, 1,7 есе өсіммен (2021 жылы – 108,5 млрд. теңге) 180 млрд. теңге өндіріп алды.
Осылайша, микро және шағын кәсіпкерлікті салықтық тексерулерге мораторий енгізу тұтастай алғанда экономиканың осы секторының рөлін күшейтуге бағытталған бизнесті қолдау бойынша мемлекет тарапынан тиімді шаралардың бірі болып табылады, сонымен қатар мораторий салық міндеттемелерін толық орындағаны үшін бизнес субъектілерінің жауапкершілігін әлсірету (төмендету) факторларының бірі болып табылады.
Осипова Эльмира,
жетекші сарапшысы
Барлық мақалалар