17.08.2023
Халықтың өмір сүру сапасының құрамдас бөліктерінің бірі арнаулы әлеуметтік қызметтердің қамтамасыз етілуі мен қолжетімділігі болып табылады.
Әлеуметтік қызмет арнайы әлеуметтік қызметтерді (АӘҚ) ұсыну бойынша қызметін көрсетеді. Арнаулы әлеуметтік қызметтер - тұлғаға (отбасына) адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын және басқа азаматтармен қоғам өміріне қатысуға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған негіздерді еңсеру
үшін жағдай жасайтын қызметтер кешені.
АӘҚ көрсету ұйымдары - бұл жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және стационар, жартылай стационар, уақытша үйде болу жағдайында АӘҚ мұқтаж адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар.
2022 жылы Қазақстан Республикасында 281 ұйым болды, бұл 2018 жылдан 32 бірлікке артық (немесе 12,8%). Бұл ұйымдарда тұратындардың саны 40321 адамды құрады. АӘҚ беру бойынша ұйымдарда тұратындардың негізгі контингенті - мүгедектігі бар адамдар және жасы бойынша зейнеткерлер.
Мүгедектігі бар адамдардың саны 24724 адамды немесе қызмет көрсетушілердің жалпы санының 61,3% құрады, оның ішінде қимыл-тірек аппараты бұзылған тұрғындар саны 17,5%, мінез-құлқының психикалық бұзылулары бар адамдар саны - 77,4% құрады. Осы ұйымдарда тұратын зейнеткерлер саны - 13624 адамды немесе 33,8% құрады.
Жұмыс істеп тұрған АӘҚ ұйымдарын талдау өңірлер бөлінісінде халықтың АӘҚ ұйымдарымен қамтамасыз етілуінде диспропорциялар бар екенін көрсетті.
Кестеден көрініп тұрғандай, 10 өңірде АӘҚ ұйымдарының үлес салмағы 5,0%-тен асады (Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Қостанай,Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, Шымкент қаласы, Абай және Жетісу облыстары).
Қалған өңірлерде АӘҚ ұйымдармен қамтамасыз етілуі салыстырмалы түрде төмен (ұйымдардың үлес салмағы 5,0%-тен төмен) және қанағаттандырылмаған сұраныс пен қызмет тапшылығының туындау қаупі бар. Бұл әсіресе Павлодар, Алматы облыстары, Астана және Алматы қалалары сияқты өңірлерге қатысты, онда мүгедектігі бар адамдар мен жасына байланысты зейнеткерлер санының көптігіне байланысты (олардың үлес салмағы 5,0%-тенн жоғары) АӘҚ-ға әлеуетті сұраныстың жоғары деңгейі бар.
АӘҚ ұйымдарымен қамтамасыз ету проблемасы осы ұйымдардың қызметтеріне сұраныстың артуы ықтимал екендігіне байланысты, өйткені 2018-2022 жылдар аралығында негізгі контингент санының өсуі байқалады: мүгедектігі бар адамдар саны 4,6%-ке, қарттар саны 10,6%-ке өсті.
Қол жетімділікті арттыру мақсатында ҚР Әлеуметтік кодексінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде мынадай өзгерістер көзделген:
- өтініш берушіден АӘҚ көрсетудің проактивті нысанына көшу. Халықтың АӘҚ-ға қажеттіліктері азаматтардың өтінішін күтпей-ақ, отбасының цифрлық картасының (ОЦК) көмегімен автоматты түрде айқындалатын болады. ОЦК базасында қажеттіліктер карталары қалыптастырылатын болады;
- ірі интернат-үйлерде қызмет көрсетуден шағын жинақты ұйымдарға көшу. Мүгедектігі бар адамдар тұратын жерлерде (МБА) сыйымдылығы аз үйлер (САҮ), оның ішінде ауылдық жерлерде құрылатын болады. Бірінші САҮ психоневрологиялық патологиясы бар және қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған Қарағанды қ. пайдалануға берілді;
- жаңа технологияларды енгізу және әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің ғылыми-әдістемелік орталықтарына немесе әлеуметтік қызмет көрсетудің көпсалалы үйлеріне ірі интернат үйлерін кезең-кезеңімен трансформациялау;
- мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тарту. МБА туыстары тиісті жалақымен және әлеуметтік аударымдармен жеке көмекшілер ретінде рәсімделетін болады;
- АӘҚ стандарттарын қайта қарау және тариф белгілеудің жаңа тәсілдерін енгізу (АӘҚ ұсынатын ұйымдар үшін жан басына шаққандағы норматив, өтемдік техникалық құралдарды, шекті бағаларды беретін ұйымдар үшін енгізілетін болады);
- жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған Әлеуметтік қызметтер порталы (ӘҚП) бойынша комиссиялардың өкілеттіктерін кеңейту: сапасыз тауар немесе қызмет туралы МБА өтінішін 5 күн ішінде қабылдау және қарау; өнім берушіге өтініш жолдау және оның орындалуын бақылау; ӘҚП жеткізушісін алып тастау және жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау;
- әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігін беру. Берілген жоба 2025 жылы іске асырылатын болады. Осы мақсатта Әлеуметтік кодексте: Әлеуметтік қызметкерлер тізілімін қалыптастыру, кәсіби стандарттарды әзірлеу, ұсынылатын қызметтердің біліктілік деңгейін, санаты мен ерекшелігін ескеретін еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.
Жалпы, Әлеуметтік кодекстің міндеттерін іске асыру әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау деңгейін арттырады деп күтілуде, бұл Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Бектлеева Дина,
жетекші сарапшысы
Барлық мақалалар