Қазақстандағы ЖЭК келбеті

18.08.2023

Қазақстандағы ЖЭК елеулі мемлекеттік қолдау алады, оның ішінде қосылу нүктелеріне кепілді қолжетімділік; электр энергиясын кепілді сатып алу; тіркелген тарифтер мен аукциондық бағаларды индекстеу; жер учаскелерін резервтеу; төлем қабілетсіздігі тәуекелдері туындаған жағдайда қаржылық қолдау; құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдық сатып алуға жұмсалған шығындардың 30%-не дейін өтеу; электр энергиясын сатып алуға шағын көлемді ЖЭК жобаларын орнату және т.б. бар.


Бұл шаралар ЖЭК дамуына айтарлықтай серпін берді. Осылайша, Қазақстанда 2013-2022 жылдар ішінде ЖЭК объектілерінің саны 26 объектіден 148 объектіге дейін 5,7 есеге өсті. Тиісінше, ЖЭК белгіленген қуатының 177,5 МВт-тан 2 400,0 МВт-қа дейін 13,5 есе артуы байқалады.

Нәтижесінде Қазақстанда өндірістің жалпы көлемінен ЖЭК электр энергиясын өндіру үлесі 7,8 есеге өсіп, 4,5% -ке жетті.  

Белгіленген қуаттардың жартысы күн энергетикасына, 38,3% – жел энергетикасына, 12,0% – гидроэнергетикаға және 0,3% – биоэнергетикаға тиесілі. Бұл ретте электр энергиясының 47,1%-ін ЖЭС, 35,0% - күн электр станциялары, 18,0%-ін - шағын ГЭС және 0,01%-ін - БГҚ өндіреді., 35,0%-ін - КЭС, 18,0%-ін - шағын су электр станциялары және 0,01%-ін - биогаз қондырғысы өндіреді. 
 
Жобаларды Қазақстан өңірлері бойынша бөлу климаттық әлеуетке және соның салдарынан белгіленген қуатты пайдалану коэффициентіне тікелей байланысты. Мысалы, күн электр станциясы үшін ең қолайлы климаттық жағдайлар Қазақстанның оңтүстік бөлігі (БҚПК орта есеппен 22%), жел электр станциясы үшін – Қазақстанның батыс және солтүстік бөлігі (БҚПК орта есеппен 35%), су электр станциясы үшін – Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігі (БҚПК орта есеппен 70%) болып табылады.


ЖЭК объектілерінде жұмыспен қамтылған халықтың саны соңғы 3 жылда 450 адамнан 1700 адамға дейін өсті, мұнда орта есеппен 50%-і гидроэлектростанцияларда жұмыс істейді. 

Жалпы алғанда, әр түрлі бағалаулар бойынша Қазақстанда ЖЭК құрылысына 2011 жылдан бері 700 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды (күн электр станцияларына 347 млрд теңге, жел электр станцияларына 292,5 млрд теңге, су электр станцияларына 59 млрд теңге және БиоЭС-ке 1,5 млрд теңге). 

ЖЭК жобаларын қаржыландырумен көбінесе даму банктері айналысады. Мысалы, 2011-2020 жылдары даму банктері арасында қаржыландырудың 44,7%-і Еуразиялық қайта құру және даму банкіне, 18,5%-і Қазақстанның даму банкіне, 8%-і Қытайдың даму банкіне, 5,8%-і Азия даму банкіне және т.б. тиесілі болды. 

Бұл ретте жергілікті инвесторлар үлкен дәрежеде шағын жобаларды (10 МВт-қа дейін) қаржыландырады, ал шетелдік инвесторлар ірі жобаларды іске асыруға мүдделі.

Қаржыландырудың ең көп таралған схемасы – 70/30, яғни жоба құнының 70%-ы қарыз қаражатымен (борыштық), 30%-і меншікті қаражатпен қаржыландырылады. 

2023 жылы қуаты 276 МВт болатын қосымша 15 ЖЭК жобасын пайдалануға беру жоспарлануда. 

2035 жылға қарай энергетикалық теңгерімге сәйкес ЖЭС және КЭС жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 15%-ті құрайды. 

Балтабай Сыздыков 
орталығы директорының орынбасары




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 17.08.2023





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!