Мемлекеттік сатып алу және бизнесті жауапты жүргізу қағидаттары

22.08.2023

Мемлекеттік сатып алу порталында жасалған шарттардың сомасы 4700 млрд. теңгеге жуық, оның ішінде шағын бизнес субъектілерімен – 39%, орта – 41 %, ірі – 20%.

Мемлекеттік сатып алу – бұл мемлекеттік органдардың (және ұлттық заңнамаға сәйкес жекелеген субъектілердің) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толық немесе ішінара бюджет қаражаты және (немесе) өз кірістері есебінен сатып алу тәсілі.

Мемлекеттік сатып алу порталы 24 мыңға жуық тапсырыс беруші мен 100 мыңнан астам әлеуетті өнім беруші ұсынылған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатудың ірі алаңы болып табылады.

Порталдың үлкен мүмкіндіктері мен көлемі, сондай-ақ басқа да бірқатар әлеуметтік-экономикалық факторлар бизнес үшін ғана емес, жосықсыз субъектілер үшін де тартымды, осылайша, портал статистикасына сәйкес жосықсыз өнім берушілердің жалпы саны – 11896 (2023 жылғы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінің деректері).

Жосықсыз өнім берушілердің жалпы санынан тізілімге 44,5% шарт бойынша міндеттемені орындамау не тиісінше орындамау себебі бойынша, 30,5% шарт жасасудан жалтару себебі бойынша енгізілді.

Бұл факторлар тапсырыс берушілер мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар үшін проблемалар туғызады, жобаларды орындаудағы кідірістерге, жеткізілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының нашарлауына, сондай-ақ бюджет қаражатының шығынына және ұзақ сот дау-дамайына әкеледі, нәтижесінде мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді орындау мерзімдерінің бұзылуына және халықтың белгілі бір игіліктерді алмауына әкеледі.
 
11 мыңнан астам келісімшарт орындалмады немесе шарт талаптарын бұза отырып орындалды және тапсырыс берушілер шығынға ұшырады.
Мемлекеттік сатып алу жүйесі халықтың өмір сүру деңгейіне тікелей немесе жанама әсер ететіндіктен, бюджет қаражатын пайдалану құралы болып табылатындықтан, мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның жосықсыз субъектілерді електен өткізу және адал кәсіпкерлерді ынталандыру бойынша сүзгісі болуы маңызды. 

Бұған қоса, мемлекеттік сатып алу келісімшарттық сатып алу жүйесіне жататындығын, яғни мемлекет бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалану мақсатында заңнамада белгіленгеннен жоғары талаптарды белгілей алатындығын және белгілеуі тиістігін ескерсек, менің ойымша, «Бизнесті жауапты жүргізу қағидаттары» сияқты өлшемшартты қарастыратын уақыт келді.


Осылайша, ЭЫДҰ елдерінде әлемдік тәжірибеде «бизнесті жауапты жүргізу» қағидаттары кеңінен енгізілуде, оған сәйкес кәсіпорындар тұрақты дамуға қол жеткізу мақсатында экономикалық, экологиялық және әлеуметтік дамуға жәрдемдесуі және олардың қызметіне байланысты қолайсыз салдардың алдын алу үшін шаралар қабылдауы тиіс.

Жеңілдетілген форматта бизнесті жауапты жүргізу қағидаттары барлық кәсіпорындар, олардың заңды мәртебесіне, мөлшеріне, меншік нысанына немесе секторына қарамастан, олар жұмыс істейтін елдерде тұрақты дамуға ықпал ете отырып, өз қызметінің жағымсыз салдарын болдырмайды және жояды деп белгілейді.

Осылайша, портал қатысушыларының кәсіпкерлік субъектілеріне шартты жеңілдік беру сияқты «бизнесті жауапты жүргізу» қағидаттарына сәйкестігі тәсілін енгізу мемлекеттік сатып алу жүйесін жақсарту үшін әлеуетке ие және жосықсыз қатысушылар санын азайтуға ықпал етеді, сондай-ақ Қазақстан кәсіпорындарының тұрақты дамуына жағдай жасайды. 


Касенова Азиза
орталығының директоры




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!