Қазақстанда жұмыскерлердің біліктілік деңгейі бойынша жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі

24.08.2023

Жұмыспен қамту құрылымы нарықтың экономикалық жағдайының жай-күйін және халықтың өмір сүру сапасын көрсететін индикаторлардың бірі болып табылады.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, соңғы 20 жылда біліктілігі жоғары жұмыспен қамтылғандардың үлесі 16,4%-ке (22,6%-тен 39,0%-ке дейін) өсті.


Біліктілігі орташа және төмен жұмыспен қамтылған халықтың үлесі төмендеді. Осылайша, егер 2002 жылы орта білікті қызметкерлердің үлесіне барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі (51,7%) тиесілі болса, 2022 жылы олардың үлесі 7,6 проценттік тармаққа төмендеп, 44,0%-ті құрады.
 
Біліктілігі төмен жұмысшылардың үлесі барлық жұмыспен қамтылғандардың 1/4 бөлігінен астамын құрады (25,7%), 2022 жылы олардың үлесі 8,7 проценттік тармаққа төмендеп, 17,0%-ті құрады. Біліктілік деңгейі бойынша жұмыспен қамтудағы құрылымдық өзгерістер 1-суретте көрсетілген.


Сонымен, біліктілік деңгейі бойынша Қазақстандағы жұмыспен қамтудың құрылымдық өзгерістерін талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
  • Біліктілігі жоғары жұмыспен қамтылғандар үлесінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Бұл процесті кірістің өсуі және өмір сүру сапасының жақсаруы деп түсіндіруге болады. 
  • Жұмыспен қамтылған орта және төмен біліктілік үлесінің төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалады. Мұндай трансформацияның маңызды әлеуметтік салдары тұрақты жұмыспен қамтылмаған және тұрақты табысы жоқ әлеуметтік қорғалмаған адамдар тобын қалыптастыру болуы мүмкін. 
  • Жұмыспен қамтудағы құрылымдық өзгерістердің анықталған бағыттары жалғасады. Мұнда кадрларды даярлау жүйесін кадрларды қайта даярлау және қайта оқыту жолымен еңбек нарығының жаңа талаптарына қайта бағдарлау және нәтижесінде еңбек ресурстарының орташа біліктіліктен жоғары немесе төмен біліктілікке ауысуы жөнінде шаралар қабылдау талап етіледі. Жұмыспен қамтудағы мұндай өзгерістер әлемдік еңбек нарығы үрдістерінің бірі болып табылады және «жұмыс орындарының поляризациясы» ретінде анықталады. Жұмыс орындарының поляризациясы – бұл жоғары және төмен біліктілік кәсіптеріне сұраныстың артуы және орташа біліктілік кәсіптерінің төмендеуі. 

Бұл неге байланысты? Жұмыс орындары поляризациясының басты себебі цифрландыру және еңбекті автоматтандыру болып табылады, бұл ретте:
  • жоғары білікті жұмыс орындарын автоматтандырылған еңбекпен алмастыруға болмайды, өйткені олар техникалық жағынан күрделі, өнімділігі жоғары және стандарттан тыс ойлау қабілеті, шығармашылық, күрделі міндеттерді шешуге қабілеттілік және т б. тәрізді дағдыларды қажет етеді. Сондай-ақ, машиналар оқыту, ынталандыру және топтық жұмыс қажет болатын мәселелерді шешу сияқты салаларда адамдарды алмастыра алмайды.
  • орташа білікті жұмысшылардың өндірістік тапсырмалары әдетте «күнделікті» тапсырмалармен сипатталады, яғни нақты нұсқаулар жиынтығына сәйкес орындалуы мүмкін, сондықтан оларды автоматтандыру оңайырақ. 
  • төмен білікті жұмыс орындары, мысалы, тамақтану және тазалау салаларындағы кәсіптер әдетте қол еңбегі болып табылады, бірақ күнделікті емес, сондықтан оларды әзірге кең ауқымда автоматтандыру қиынырақ. Алайда, болашақта олар қысқаруға бейім болады.


Бектілеева Дина, 
жетекші сарапшысы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!