Қазақстандағы өзін-өзі реттеудің даму болмысы

25.08.2023

Әлемдік тәжірибеде кәсіпкерлік қызметті өзін-өзі реттеу мемлекеттік реттеуге балама ретінде кеңінен қолданылады, ол Қазақстанда 2015 жылдан бастап нарыққа қатысушылардың өздері – яғни, мемлекеттің араласуынсыз бизнесті реттеу мақсатында енгізілді.
 
Алайда, бүгінгі таңда тұжырымдамалар өзгеруде, нәтижесінде мемлекет мұндай тиімді құралдың неліктен жұмыс істемейтінін түсінбейді және соңғы 8 жыл ішінде өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық актілерге үнемі өзгерістер мен түзетулер енгізуде.
 
Бастапқыда «өзін-өзі реттеу» ұғымына негіз болған прогрессивті идеяларға қарамастан, іс жүзінде олар тек «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңда жазылған күйінде қалуда.
 
Өзін-өзі реттеуді енгізу жеке сала шеңберінде жалпы кәсіпкерлік қауымдастықтар бұл функцияларды мемлекетке қарағанда сәтті орындайды деп болжанғанына қарамастан, неліктен бұлай болды?

Өзін-өзі реттейтін ұйым (ӨРҰ) құралын енгізу кезіндегі маңызды қателіктердің бірі кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің мүдделерін білдіру және қорғау мақсатын көздейтін жұмыс істеп тұрған қауымдастықтар жанынан өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құру болды.

Бүгінгі таңда осы 2 құрылым іске асырылатын функцияларды қайталайды.


Көріп отырғаныңыздай, бүгінде ӨРҰ қауымдастықтардың «егіздеріне» айналды.
   
Бұл ретте ӨРҰ құрудың негізін қалаған негізгі идея мен негізгі айырмашылық бизнес және кәсіби қызмет өкілдерінің жұмыс сапасын және олардың тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін арттыру болды.

Осы мақсатқа жетудің негізгі құралдары өтемақы қоры және үшінші тұлғалар алдындағы мүліктік жауапкершілікті сақтандыру жүйесі болып табылады.
 
Осылайша, тұтынушыға өз мүшелерінің бірі зиян келтірген жағдайда, ӨРҰ осындай шығындарды өтеуге міндеттенеді. Егер 2022 жылғы 19 орталық мемлекеттік органның өзін-өзі реттеуді дамыту бөлігіндегі ресми деректерін қарайтын болсақ, онда міндетті ӨРҰ-ға қатысты ғана шағымдардың түсуін айтуға болады (бағалау қызметі – 1 шағым, заң көмегі – 71 шағым).
 
Сонымен қатар, екі жағдайда да залал нөлге тең, бұл тұтынушылар алдындағы мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету және ӨРҰ мүшелері шығаратын өнімнің сапасын арттыру үшін өзін-өзі реттеу құралын пайдаланудың орындылығына күмән келтіреді.
 
Алайда, ұйымдардың «эволюциялық» дамуы үшін бастапқы ынталандырулар және оларда ӨРҰ белгілерін  болмаған кезде (өзін-өзі тану, қоғамдық тауарларды құру, бизнесті жауапты жүргізу және т.б.), ӨРҰ-ның сапалы дамуын күтуге болмайды.

Нарық қолданыстағы шындықта өзін-өзі сапалы реттеуге дайын болмайды. 
Бұл институттың мәнін нарықтың да, мемлекеттің де түсінбеуін Қазақстанда ӨРҰ тиісті дамуы болмауының негізгі проблемасы ретінде көрсетуге болады.
 
ӨРҰ-ны дамыту тәсілдерін қайта қарау керек немесе бизнес әлі дайын емес салаларда ӨРҰ құру туралы идеядан бас тартып, оның табиғи жолмен дамуына мүмкіндік беру керек.


Қалмақбаева Еркежан, 
аға сарапшысы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!