Қазақстандағы сайлау: Шығыс Қазақстан облысы

03.09.2023

Ауылдық жерлерде әкімдерді сайлау нәтижелерімен танысуды жалғастырамыз. Тізімде келесі орында Шығыс Қазақстан облысы.

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, ауылдық округ әкімдерін сайлауға кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап 3 ауданда (Ұлан, Алтай, Зайсан) басталды.

Облыс бойынша 13 кандидат ұсынылды, оның ішінде тек 4 кандидат – «AMANAT» саяси партиясынан; қалған 9 кандидат – өзін-өзі ұсынушылар. Сайланған кандидаттардың орташа жасы – 40 жас. Бұл ретте ең жас кандидат – 28 жаста, ең ересек кандидат – 59 жаста.

Ұлан ауданында 3 кандидаттың ішінен Өскемен ауылдық округінің бір ауылдық әкімі таңдалды. Жаңа кандидаттардың орташа жасы – 36 жас, бұл ретте ең жас кандидат – 32 жаста, ал ең ересек кандидат – 43 жаста. 3 кандидаттың 1-і «AMANAT» партиясынан, ал қалған 2-і өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған. Гендерлік аспектілер бойынша екі кандидат ер, ал біреуі - әйел. Өскемен сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1082 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 984 (91%) сайлаушы дауыс берді.
 
Ақыр соңында Өскемен ауылдық округінің әкімі болып «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 43 жастағы сектор меңгерушісі сайланды, ол Ұлан ауданының Донское ауылында тұрады, «AMANAT» саяси партиясы ұсынған.
Алтай ауданында Серебрянск қаласы мен Прибрежный кенті әкімінің сайлауы өтті.
 
Серебрянск қаласында 3 кандидат ұсынылды. Ең жас кандидат – 28 жаста, ең ересек кандидат – 59 жаста. Сондай-ақ, 3 кандидаттың 2-і жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер, олардың 1-і «AMANAT» партиясынан, ал қалған 2-і өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, гендерлік аспектілер бойынша 1-уі әйел, қалған 2-уі – ер адам. Серебрянск қаласының Серебрянск сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5426 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 3443 (63,5% ) сайлаушы дауыс берді.

Осылайша, Серебрянск қаласының әкімі болып Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Парыгино ауылында тұратын, «AMANAT» саяси партиясы ұсынған 47 жастағы Парыгино ауылдық округінің әкімі сайланды.

Прибрежный кентінде де 3 кандидат ұсынылды. Ең жас кандидат – 29 жаста, ең ересек кандидат – 42 жаста. Атқаратын лауазымдары бойынша 1 кандидат жұмыстағы мемлекеттік қызметші, 1 кандидат зейнеткер, ал басқасы жұмыссыз болып табылатынын қосу қажет. 3 кандидаттың барлығы – ер адамдар. Прибрежный кентінің сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 512 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 493 (96,3%) сайлаушы дауыс берді. Қорытындысында, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласында тұратын, «AMANAT» саяси партиясы ұсынған 42 жастағы ІІМ зейнеткері кент әкімі болып сайланды.

Зайсан ауданында 4 кандидат тіркелді, оның ішінде тек 1 кандидат - «AMANAT» саяси партиясынан; қалған 3 кандидат – өзін-өзі ұсынушылар. 4 кандидаттың ішінде барлық 4 кандидат – ер адамдар. Ерлердің орташа жасы – 43 жас. Ең жас кандидат 30 жаста, ал ең ересек кандидат 55 жаста болды. Дайыр сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1462 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 1076 (73,6%) сайлаушы дауыс берді.

Зайсан ауданының Біржан ауылында тұратын, «AMANAT» саяси партиясы ұсынған «Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 50 жастағы бас маманы Дайыр ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Ауылдық аудандар әкімдеріне кандидаттардың басым бөлігі дербес тәртіпте (69,2%) шығарылған кандидаттар болып табылатынын атап өту маңызды. Бұл жалпы жеке қабілеттерді дамыту үшін бар мүмкіндіктерді және қоғамдық қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетеді.


Шығыс Қазақстан облысының ауылдарында негізгі болып табылатын бірнеше проблемалар бар. Оларға демографиялық құлдырау жатады, әр түрлі жұмыс орындарының болмауы жұмыспен қамту мүмкіндіктерін, әсіресе жастар бойынша шектейді. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде инфрақұрылым, оның ішінде жолдар, энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау және байланыс жеткіліксіз дамыған. Бұл бизнестің дамуы мен халықтың өмірін шектейді.

Ауылдардағы осы проблемаларды шешу үшін жаңа сайланған әкімдерге «Ауыл – ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жаңғырту жөніндегі жобаның тиімді орындалуына кепілдік беру маңызды. Айта кету керек, 2022 жылы өңірде «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 40 ауылда 67 жоба іске асырылды. Оған бес млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 312 адам көтерме жәрдемақы алды.

Алдын ала деректер бойынша, өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерін объектілермен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз ету көрсеткіші 50,4%-ті құрайды.

Садуахасова Диана, 
аға сарапшысы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!