Ыстық толқынның күшеюі әлемдік экономикаға үлкен зиян келтіруде

05.09.2023

Осы жылдың тамыз айының басында метеорологиялық бақылаулар тарихында ең ыстық күн тіркелді, ал 2023 жылдың шілдесі соңғы 100 мың жылдағы рекордтық ыстық нүктеге келді. Төтенше ауа-райы жағдайлары экономиканың әр түрлі салалары үшін маңызды проблемаға айналды.
 
ЖІӨ-ге әсері 
Дартмут колледжі зерттеушілерінің есептеулеріне сәйкес, 1992-2013 жылдар аралығында қатты ыстық толқындары 16 трлн АҚШ доллары мөлшерінде әлемдік экономикалық шығындарға әкелді.  Бір қызығы, дамыған елдер жаһандық оңтүстіктің дамушы елдерімен салыстырғанда ЖІӨ-де аз шығын көрсетеді. Дамыған елдер үшін шығындар жан басына шаққанда жылдық ЖІӨ-нің шамамен 1,5%-ын құрайды, ал дамушы елдер үшін бұл көрсеткіш 6,7%-ды құрайды.

Жұмыс өнімділігіне әсері
Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) талдауына сәйкес, жұмысшылардың өнімділігінің төмендеуі 26 градус температурадан басталады. 33-34 градус температурада орташа қарқындылықпен жұмыс істейтін адамдар өнімділіктің 50%-ға төмендеуін көрсете бастайды. Проблемалар барлық сектордағы жұмысшылар арасында, тіпті, кеңсе міндеттерін орындау кезінде де туындайды, бірақ ең үлкен тәуекелдерді физикалық еңбекпен айналысатындар көтереді. Осыған байланысты ХЕҰ 35 градусқа жеткенде ақылы демалыс күндерін беруді ұсынады.
ХЕҰ бағалауы бойынша, климаттың өзгеруінің салыстырмалы түрде қалыпты сценарийлері болса да, аптап ыстық 2030 жылға қарай әлемдегі жұмыс уақытының жалпы көлемін 2,2%-ке қысқартады. Ал бұл дегеніміз 80 миллион жұмыс орнын жоғалтуға тең және жаһандық экономика үшін 2,4 трлн АҚШ доллары мөлшерінде экономикалық шығынды білдіреді.
 
Ауыл шаруашылығына әсері 
Табиғи құбылыстар бүгінде мал өсіруге және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге елеулі қауіп төндіруде. Зерттеулер көрсеткендей, аптап ыстықтан егіннің өлімі мен құрғақшылықтың пайызын 1964-1990 жылдардағы 2,2%-тен 1991-2015 жылдары 7,3%-ке дейін арттырды.  
Бұған қоса, ХЕҰ онжылдықтың соңына қарай жылу жүктемесінен жоғалған жұмыс уақытының 60%-і ауыл шаруашылығына келеді деп болжайды. Өнімділіктің төмендеуі экспортқа уақытша тыйым салуға әкелуі мүмкін, бұл әлемдік бағаның айтарлықтай өсуін туғызуы ықтимал. 
Жоғары температура экономиканың барлық салалары мен аялары үшін қиындық тудырады, сондықтан кез келген экономикалық қызмет жаңа климаттық шындыққа бейімделу процесінен өтуі керек.

Санатова Салтанат, 
жетекші сарапшысы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!