ДСҰ құқығы жаңа плюрилатералдық келісіммен толықтырылады

06.09.2023

Даму мақсатында инвестицияларға жәрдемдесу туралы көпжақты келісім жасасу жөніндегі бастама 2017 жылы қалыптасты. Буэнос-Айресте өткен ДСҰ-ның 11-ші министрлік конференциясы аясында құрамында Қазақстан болған 70 елден тұратын топ  даму мақсатында инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі диалогты бастауға шақыратын бірлескен мәлімдеме таратты. 
 
Келесі үш жылда келіссөздерге дайындық жүргізілді; келісімге мүдделі ДСҰ-ға мүше елдердің ауқымы артты. Дамушы әлемнің бастамасын дамыған елдер қолдады. Бүгін, 2020 жылдың қыркүйегінде ашылған келіссөздерге ДСҰ-ға мүше елдердің үштен екісінен астамы қатысады (110-нан астам ел, оның 70-тен астамы – дамушы елдер, оның ішінде ең аз дамыған 20 мемлекет). Келіссөздер кейіннен ашық пленарлық отырыспен екі күн бойы ай сайын өткізіледі.

Бүгінгі күні келісімнің мәтіні іс жүзінде келісілді және Абу-Дабидегі ДСҰ-ның келесі Министрлік конференциясы аясында оған қол қоюға үміт бар. 
 
Келісімнің мақсаттары қандай?
 
Келісімнің мақсаты оның атауында бекітілген – бұл дамушы әлемнің, әсіресе аз дамыған елдердің ТДМ-ға қол жеткізуді ынталандыру мақсатында тұрақты инвестицияларға қол жеткізуін жеңілдету.
  
Бүгінгі таңда инвестициялық ағындарды бөлу өте теңгерімсіз. ЮНКТАД баяндамасына сәйкес 2021 жылы инвестициялардың жиынтық көлемі 1.58 трлн АҚШ долларын құрады. Бұл ретте  халықтың шамамен 80%-і тұратын 180-ден астам дамушы елдерге аталған соманың жартысынан сәл астамы келеді (837 млрд. АҚШ доллары). Ал инвестицияның екінші жартысының реципиенті (47% немесе 746 млрд. АҚШ доллары) планета халқының 20%-імен 66 дамыған ел болып табылады. Ең сапалы инвестициялық ағындар әлемнің дамыған елдерінде де өз айлақтарын табады. 

Бұған қоса, дамудың жақсы жағдайларының арқасында (мемлекет тарапынан қолдау шаралары, капиталдың төмен құны) дамыған елдердегі инвестициялар экономикалық күйзелістерден кейін тезірек қалпына келеді. Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша пандемия дағдарысымен байланысты құлдыраудан кейін дамыған елдердегі инвестициялардың өсуі 134%-ті,, ал дамушы елдерде – 30%-ті құрады.

Әзірлеушілер алға қойған міндеттер – инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал ету және ДСҰ-ға мүше елдер арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту үшін халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ең алдымен, дамушы және неғұрлым аз дамыған елдерге (НАДЕ) инвестицияларды ұлғайту. 
  
Мазмұны туралы

Келісім елдердің инвестициялық саясатын өзгерту және инвестициялық режимдерді ырықтандыру мәселелерін қарастырмайды. Нарыққа қол жеткізу, күрделі салымдарды қорғау, сондай-ақ инвестор мен мемлекет арасындағы дауларды шешу мәселелері бұл келіссөздерде талқыланбайды.
 
Бастысы – шартқа қатысушы мемлекеттің инвестициялық саясатының ашықтығы деңгейін барынша теңестіру, бизнесті жүргізу үшін әкімшілік рәсімдерді оңайлату және жеделдету, инвестицияларға жауапты органдардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Келісім сондай-ақ озық тәжірибелермен тәжірибе алмасу алаңын (ДСҰ инвестицияларды оңайлату жөніндегі комитетін құру жоспарлануда), реформаларды жүзеге асыру және ұсынылып отырған әлемдік стандарттарға көшу кезінде дамушы елдер мен НАДЕ-ге (Неғұрлым аз дамыған елдер) техникалық көмек көрсетуді көздейді.

Инвестициялық ортаны жетілдіру шеңберінде инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға жауапты мамандандырылған органды тағайындау, жергілікті өнім берушілер туралы жаңартылатын деректер қорын құру және инвесторлардың талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынатын өнім берушілерді дамыту жөніндегі бағдарламаларды енгізу туралы нормаларды көздеу ұсынылады.

Дамушы елдердегі, оның ішінде донор елдердің көмегімен инвестициялық ахуалды айтарлықтай жетілдіру «Оңтүстік елдеріне» шектеулі инвестициялық ресурстар үшін күресте «Солтүстік елдерімен» неғұрлым сенімді бәсекелесуге мүмкіндік береді деп болжануда.


Сонымен қатар, үлкен капиталды тартудағы жетістік – бұл жарты жеңіс. Көптеген дамушы елдердің, әсіресе НАДЕ дамуы мен экономикалық өсуі, демек, ТДМ-ға қол жеткізу олардың тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетін ірі инвестицияларды тарту мен сақтаудың сәттілігіне байланысты. Мұндай инвестициялар зауыттар мен фабрикалар салуды, өндірістік процестерді жаңғыртуды және жетілдіруді, жаңа технологияларды енгізуді және жергілікті қоғамдастықтың мүдделерін қорғауды ескере отырып, жаңа салалар құруды көздеуі тиіс. 
 
Осы орайда даму мақсатында инвестицияларға жәрдемдесу туралы келісім жауапты бизнес-практика туралы ережелерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ережелерді бекітуді жоспарлап отыр. 

Келісіммен реттелетін жоғарыда көрсетілген мәселелерде қатысушы елдердің дамуының әр түрлі деңгейін ескере отырып, міндеттемелерді қабылдау бойынша жұмсақ шарттар көзделген. ДСҰ-ның Сауда рәсімдерін жеңілдету туралы келісіміне ұқсас міндеттемелерді қабылдаудың үш санатын көздеу жоспарлануда. Келісім күшіне енген сәттен бастап міндеттемелерді орындауға дайын болған кезде ел оларды А санатында мәлімдейді. Өтпелі кезең өткеннен кейін міндеттемелерді орындауға дайын болған кезде ел оларды В санатында мәлімдейді. Ал ел үшін міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болған жағдайда, оған техникалық жәрдем берілген кезде және белгілі бір уақыт өткеннен кейін С санаты мәлімделеді, міндеттемелерді орындауда қиындықтар туындаған жағдайда, ДСҰ Сауда рәсімдерін жеңілдету туралы келісімдегідей, В санатын С санатына өзгерту немесе өтпелі кезең мерзімін ұлғайту мүмкіндігін көздеу жоспарлануда.

Міндеттемелерді орындау бойынша икемді нормалардың болуы, әрине, келісімнен оң нәтиже алуды кешіктіретіні сөзсіз. Алайда, бұл тәсіл елдерге жоғары стандарттарға көшу процесіне біркелкі енуге, яғни бастамаға көбірек елдерді тартуға мүмкіндік береді. ДСҰ деңгейінде келісім жасасу, ДСҰ мүшелерінің толық емес құрамымен болса да, қатысушылардың барлық міндеттемелерді тезірек орындауы үшін дамушы елдер мен НАДЕ-ге техникалық көмек көрсетуге халықаралық даму институттары мен донор елдерді белсенді тартуға үміттенеді.
 
Нургуль Хайдарова
кеңесші




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 06.09.2023





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!