10.05.2020
Сұрақтарға АИДА АЛЬЖАНОВА жауап береді
Стратегиялық және ұйымдастырушылық даму жөніндегі маман. Өз мансабының 13 жылын БҰҰ-ға арнады - Қазақстандағы БҰҰ халық қоныстануы жөніндегі қорының (UNFPA) елдік кеңсесін басқарды, Азия-Тынық мұхит департаментінде Нью-Йорк қаласындағы Қордың штаб-пәтерінде жұмыс істеді.
ҚР БҰҰ жанындағы Нью-Йорк қаласындағы тұрақты өкілінің орынбасары, сыртқы істер министрінің кеңесшісі Тони Блэрдің басшылығымен мемлекеттік даму жөніндегі шетелдік сарапшылардың жұмысын үйлестірді.
Ғылым академиясында, "Самұрық-Қазына Фармация", ADAM DAMU қоғамдық қорында және БҰҰ мен ЕҚЫҰ халықаралық ұйымдарының кеңесшісі ретінде жұмыс тәжірибесі бар. Гендерлік теңдік және ОДМ бойынша сарапшы.
Ұйымдастырушылық дамуға маманданған ACG консалтингтік компаниясын құрды. Жаттықтырушы, коуч, фасилитатор.
Корр.: Соңғы жылдары Қазақстанда некеге тұрудың төмендеуі, некеге тұру уақытының әлдеқайда кеш уақытқа жылжуы, ажырасудың өсуі байқалады. Біз бар үрдістерді екінші демографиялық ауысудың және некеге тұру тәртібінің дәстүрлі моделінен бас тартудың белгілері деп атай аламыз ба?
Екінші демографиялық ауысу – өмір сүру ұзақтығының артуы аясында туылудың төмендеуі – бұл бірде-бір ел құтыла алмайтын жаһандық үрдіс. Егер көптеген дамыған елдер оны аяқтаса, Қазақстан оның соңғы кезеңінде орналасқан. Және жыл сайын өсіп отыратын некеге тұру мен ажырасу жасы сияқты көрсеткіштер аталған үрдістің елдің демографиялық дамуына ықпалын байқатады.
Бұл қазіргі заманғы адамның өмір кезеңіндегі іргелі құрылымдармен байланысты – өмір сүру жасының ұзақтығы жоғары және аз өмір сүретін адамның негізгі тіршілікету функциясы болып келетін репродукция өмір сүру кезеңдерінің бірі болып табылады.
Ғылыми-техникалық прогресс адамның демографиялық тәртібіне ықпал ететін тұлғаның дамуы мен өзін-өзі іске асыру үшін көптеген мүмкіндіктер жасады. Адамдардың көпшілігі жоғары білім алады, маңсабын дамытумен айналысады және сондықтан некеге тұруды кейінгі кезеңдерге ауыстырады. Егер бұрын некені кейінге қалдыру ерлердің басымдығы болса, қазіргі заманғы контрацепция құралдарының пайда болуымен байланысты, әйелдер де өзінің фертильдігін реттеп, бала тууды жоспарлап және сонымен бірге маңсабын дамытумен және өзін-өзі дамытумен айналыса алады.
Әйелдердің еңбек нарығына жаппай шығуы әйелдердің жұмыс орындары үшін бәсекеге қабілеттілігін байқатты және оның экономикалық пен әлеуметтік мәртебесін арттырды. Сондықтан отбасыда әйелді екінші орынға қою дәстүрлі некеге қызығушылықтың төмендеуіне және сәйкесінше ажырасуға алып келеді.
Екінші жағынан, әлеуметтің ер адамға отбасының барлық мүшелерін толық қамтамасыз етуге жауапты отбасы басшысы рөлін беруі ерлердің балалар үшін ғана некеге тұру шешіміне теріс ықпал етеді. Ерлерге де, әйелдерге де отбасыда мейірімді қарым-қатынас қажет, ол өзін асыраушы ғана емес, өзінің эмоциялық қажеттіліктері бар тұлға ретінде сезінгісі келеді.
Адам үшін физикалық қауіпсіздік көрінісін жасайтын дәстүрлі отбасы моделінен бас тарту екі жақтың да дәстүрлі отбасының тік иерархиясы шарттарында құру қиынға соғатын отбасыда достық және эмоциялық қауіпсіз атмосферада қажеттілікпен айқындалған.
Сонымен бірге, некеге ерте тұру кезінде жас адамдар туыстарына материалдық және моральдік тәуелді болады, осының негізінде оларға жас отбасының ішкі істеріне араласу құқығын береді, бұл отбасының құлдырауына алып келеді. Мысалы,«Қазақстандық отбасы 2019» Ұлттық баяндамасында респонденттердің 60%-дан астамы ажырасудың негізгі себебі ретінде туыстардың араласуын атады.
Осылайша, отбасы ішіндегі дау дәстүрлі отбасы функциясының әр тұлғаның құқықтарын құрметтеуге негізделген заманауи реалийлерге сәйкес келмеуі салдарынан байқалады.
Корр.: Елде некеге тұру мен ажырасуда байқалатын аталған үрдістер біздің еліміздегі туылу деңгейіне қалай ықпал ете алады?
Қазақстан екінші демографиялық ауысумен айқындалған жаһандық үрдіс ықпалынан бас тарта алмайтындықтан алдағы онжылдықта біз өмір сүру ұзақтығының бірте-бірте артуын және дәстүрлі отбасы-неке қатынастар нысандарының өзгеруі аясында туылудың әртараптандыру жағына қарай төмендеуін байқай аламыз: азаматтық және қонақтық некелердің артуы, жалғыз ата-аналы және баласыз отбасылар, бір адамдан тұратын отбасы.
Бұл ретте нуклеар отбасының (ата-аналар мен балалар) функционалдық тұрақтылығы гендерлік қатынастар модельдерімен айқындалады. Отбасыда гендерлік теңдік және әріптестік өзара іс-қимыл деңгейі неғұрлым жоғары болса, отбасы мүшелерінің өзінің тұрмыстық, экономикалық, әдептік-тәрбиелік, қорғау және басқа да маңызды функцияларды орындауда жауапкершілігі мен нәтижелілігі соғұрлым жоғары болады.
Сонымен бірге, аталған процестерге басқа жаһандық үрдіс айтарлықтай ықпал етеді – бұл Қазақстанда 58%-ды құрайтын урбандалу, ал болжамдар бойынша 2040 жылы ол 70%-ға жетеді.Қала жағдайында туылу деңгейі қала тұрғындарының жоғары білім деңгейі, тұрғын үйдің және қызметтердің жоғары құны, өзін-өзі дамыту үшін мәдени-сауықтыру ресурстарының қолжетімділігі мен алуантүрлілігі салдарынан ауылдық жерлермен салыстырғанда әр уақытта төмен болады.
Ал қалаларда ажырасу деңгейі әйелдердің білім деңгейінің жоғарылығы және олардың отбасы экономикасына және сәйкесінше дәстүрлі қарым-қатынастардан гөрі әріптестік өзара қарым-қатынастарға қойылатын жоғары талаптар салдарынан әр уақытта жоғары болды.
Корр.: Коронавирус пандемиясы салдарынан әлемдік экономикада жағдайдың нашарлауы болжамдалады және еліміздің алдында күрделі экономикалық талаптар тұр. Сіздің пікіріңізше, осының барлығы некеге тұру мен ажырасу, жалпы елдегі демографиялық жағдайға қалайша әрекет етеді?
Дағдарыс кезінде туылу қуатты құлдырайды. Пандемия салдарлары әлі бірнеше жыл бойы әрекет етуіне байланысты, туылу төмендей бастайды. Бала тууды жоспарлағандардың барлығы, оны кейінге қалдыратын болады. Сондай-ақ әйелдердің некеге тұру жасының бірте-бірте артуы, неке санының азаюы және ажырасулардың артуы байқалатынын атап кеткен жөн, сонымен бірге репродуктивтік жастағы халық арасында көшіп кету көңіл-күйін есепке алу қажет. Аталған үрдіс экономикалық дағдарыс салдарынан шиеленісе түсіп, алдағы жылдары да жалғасады.
Алайда, ең басты фактор репродуктивтік жасқа тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы 1995-2002 жылдар аралығында туылған ең саны аз ұрпақтың кіруі болып табылады – туылудың ең аз саны 1999 жылы байқалды, барлығы 217 мың бала, ал 2019 жылы - 403 мың. Сондықтан ағымдағы онжылдықтың алдағы жылдары біз туылудың төмендеуі байқаймыз. Соңғы бес жылда орта есеппен жылына 398 мың бала туылса, алдағы 5 жылда (https://www.populationpyramid.net/kazakhstan/2025/) болжамынша)Қазақстанда орта есеппен жылына 341 мың бала туылады. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай елде 250 мың бала "жетіспейді".
Болжамдардың дағдарысқа дейін жасалғанын ескеретін болсақ, жыл қорытындылары бойынша түзетуден кейін сандар төмендей бастайды. Алайда онжылдықтың соңында тұрақтандыру байқалып, өсу басталады, өйткені репродуктивті жасқа 2006-2015 жылдар аралығында туылғандар кіреді – қазіргі заманғы Қазақстанның тарихындағы туылудың «алтын» онжылдығы, және осы уақытқа қарай дағдарыстың экономикалық салдарлары шешілетін болады.
Корр.: БАҚ-та жазылғандай Қытайда қатаң карантин шараларын алып тастағаннан кейін ажырасуға берілген өтініштер санының айтарлықтай өсуі тіркелген. Сарапшылар мұндай жағдайда басқа елдерде де өзін-өзі оқшаулау режимі аяқталғаннан кейін байқалады деп қорқады. Сіздің пікіріңізше, елдегі ТЖ режимі мен карантин шаралары 2020 жылы некеге тұру мен ажырасудың қорытынды көрсеткіштеріне қалай ықпал етеді?
Қазақстанда карантинсіз де ажырасулар саны жыл сайын артып отыр. Оған көп жағдайда отбасыдағы экономикалық жағдай және қарым-қатынастардың жетілдірілгені ықпал етеді.
Менің ойымша, осы жылы ажырасу статистикасы теріс болады. Еліміздің шикізат экономикасы төмен мұнай бағалары салдарынан туындаған пандемиясыз да күрделі кезеңнен өтіп жатыр, ал карантин экономиканың жағдайын одан әрі шиеленістіре түсті– көптеген адамдар табыссыз қалды және күйзеліс жағдайы күшее түсті.
Отбасыларда мәселелердің жанама көрсеткіші карантин кезінде тұрмыстық зорлық жағдайларының өсуі болып табылады.Яғни, зорлық әлеуетті түрде көрініс тапқан және жабық ортада қалған отбасы мүшелерінің аз байланыс жасағаны салдарынан оның ең нашар нысандары айқындалмаған отбасыларда барлық мәселелер сыртқа шықты.
Әсіресе, бұл ашық кеңістікте қозғалу және туыстар мен достарымен тығыз қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен шектелген шағын және жалдамалы пәтерлерде тұратын қала тұрғындарына әрекет етеді. Қалаларда ажырасу деңгейі дағдарыссыз да өңірлермен салыстырғанда жоғары болды. Өңірлермен салыстырғанда қалалардағы әлдеқайда қатаң оқшаулауды ескере отырып, қалаларда ажырасулар саны артады.
Некелер саны негізінен жастар санының азаюы салдарынан тазаяды, ал экономикалық мәселелер жағдайды тек шиелендіреді.
Корр.: 2018 жылы елде «Отбасыны дамыту мен қолдаудың 2019-2024 жылдарға арналған жол картасы» жобасы әзірленді, оның негізгі индикаторы ажырасуларды азайту болып табылады. Елде ажырасу деңгейін азайту үшін қандай қосымша шаралар қабылдау немесе қандай шараларды күшейту қажет? Жаһандандырылу, урбандалу шарттарында және неке институты мен некенің маңыздылығына құндылықтар, пікірлер жүйесінің өзгеруі аясында жағдайға қаншалықты ықпал етуге болады?
Білуімізше, Жол картасының жобасы әлі де бекітілмеді. Ажырасулар санын азайту индикатор ретінде адал әрі көрікті, алайда оған осы жобада көзделген әдістермен қол жеткізу төмен болып табылады – оқу орындары мен жастар ресурстық орталықтарының жанында жас отбасылар үшін арнайы орталықтарды құру, кітапшаларды тарату, психилогиялық тестілеу және т.б. Неліктен? Өйткені, мен жоғарыда айтып кеткенімдей, қазіргі заманғы отбасының функционалдық тұрақтылығы гендерлік қатынастар моделімен айқындалған – қарым-қатынастар неғұрлым тең құқылы және әріптестік болса, отбасылық дағдарыстар соғұрлым жеңіл шешіледі.
Көптеген отбасыларда жұмыс істейтін әйелдер екі еселенген жүктемеге ие болады – отбасы бюджетіне үлес қосады және үй шаруашылығын жүргізуге жауапты болады. Ерлер жеткілікті дәрежеде бағаламайтын ақы төленбейтін үй еңбегі түріндегі қосымша жүктеме әйелдердің психологиялық және физикалық әлсіреуіне алып келеді, бұл ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынастарға теріс ықпал етеді.
Отбасылық-тұрмыстық міндеттемелердің ерлі-зайыптылар арасында тең дәрежеде бөлінуі қарым-қатынастарды нығайтады және екі ата-ананың да әлеуметтік сау балаларды тәрбиелеу мен дамытуда жауапкершілігін арттырады. Отбасыдағы патриархалды қарым-қатынастар негізінен отбасы мүшелері арасындағы ашық қарым-қатынастарға, жалпы отбасының бір адамның (отбасы басшысының) пікірі мен шешіміне байланысы және зорлыққа алып келеді.
Осыған байланысты қазіргі заманғы шарттарда отбасы-неке қатынастарын нығайту үшін жынысына байланыссыз сөзбен емес, практикада отбасының кез келген мүшесі үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктер түсініктемесін кеңейту, демалыс – тұлғааралық қатынастарға, отбасыдағы психологиялық атмосфераға және отбасының ересек мүшелерінің мәдениет деңгейіне байланысты болатын бірге өткізілген бос уақыт сапасы арқылы бағаланатын мәдени және рухани әлеуметтендураге назар аудару қажет.
Мемлекет барлық отбасы мүшелерінің, ең алдымен, кәмелеттік жасқа толмағандардың гендерлік теңдігін, қауіпсіздігін және тұрмыстық зорлықтан, оның ішінде, психологиялық, физикалық, сексуалды, экономикалық және т.б. зорлықтан қорғалуын қамтамасыз ететін заңдарды әзірлеуі және қатаң қолдануы тиіс.
Мектептен бастап оқу орындарында адам құқықтары, жыныстық тәрбиелеу бойынша пәнді енгізу; эмпатия мен ортақтасып көңіл бөлу сезімін тәрбиелеу үшін жастарды мұқтаждарға, мүгедектерге, қарттарға көмек көрсетудің әлеуметтік-гуманитарлық волонтерлік бағдарламаларына тарту; бүкіл отбасы болып мәдени демалысты бірлесіп өткізу үшін мүмкіндік жасау; медиа контентті шектеусіз отбасы құндылықтарымен толтыру, бұқаралық тұлғалардың, әсіресе, депутаттар ммен мемлекеттік қызметшілердің сексистік пікірлерінің жолын кесу қажет.
Қосымша сұрақтар:
Корр.: Тарихқа жүгінетін болсақ, ХХ-ғасырға дейін отбасы құру адамның еркін таңдауы немесе оның бақытты болуға ұмтылу құқығының іске асырылуы емес тіршілік етуінің шарты болған. Урбандалудың дамуымен байланысты жағдай өзгерді, адамдардың қарым-қатынастар мен отбасы құруға тәсілі эволюциялық өзгерістерге тап болды, бұл уақытта өмір сүру қажеттілігінің орнына басқа уәждер келді: бақытқа ие болу, өзін-өзі дамыту, ортақ қызығушылығы бар адамды тауып алу. Нәтижесінде жалғыздық ұғымы қалыпқа айналды.
30 жасқа дейінгі көптеген жас қазақстандық әйелдер өз қызметінде табысқа жете отырып, қарым-қатынастарын тіркеуге асықпайды, көп жағдайда қазіргі заманғы неке институтының тұрақтылығы мен беріктігіне күмән келтіреді, өзінің жеке басының қолайлылығын отбасы тұрмысын қамтамасыз етуге ауыстырғысы келмейді.
Және бұл көпшілікке жайылатын жаппай үрдіс. Ал дәстүрге, қалыпқа, үлкен дастарқан басында жиналатын отбасыларға келетін болсақ ше? Алдағы онжылдықтарда жалғыздық үрдісі сақталатын болса, біз балаларымызға отбасылық құндылықтарды қалай тапсырамыз?
«Жалғыздық үрдісі» факторларының бірі әйелдің патриархалдық дәстүрлермен айқындалатын оның отбасы мен әлеуметте рөліне қанағаттандырылмауы болып табылады. Өйткені отбасы өз отбасы мүшелерін сыртқы қол сұғушылықтардан қорғау функциясын жоғалтқандықтан және әйелге өмір сүру үшін экономикалық тұрғыдан оны және оның балаларын қорғайтын кез келген ер адамға тұрмысқа шығудың өткір қажеттілігі болмаған кезде, эмоциялық-психологиялық фактор бірінші кезекке шығады. Отбасыда сенімді және эмоциялық қауіпсіз атмосфераны құру оның нығаюына және отбасы мүшелері арасында ашық өзара іс-қимылдың қалыптасуына жәрдемдеседі.
Өкінішке орай, отбасы құрылымында мыңдаған жылдар бойы болған тік бағыттағы иерархия әлі күнге дейін отбасы қатынастарына ықпал етеді.
Әйелдердің еңбек нарығында тең құқылы қатысушылар болып келуімен байланысты, экономикалық фактор отбасылық-неке қатынастарының тұрақтылығында айқындаушы рөлге ие емес. Жоғары жастағы туыстар салдарынан қысым көрсету мен аталған қатынастарға араласу және тәуелсіз әйелдердің әлеуметтік айыптау улайтын туыстық байланыстардың тарылуы мен шектелуіне және тең құқылы – достар, әріптестер, қызығушылықтары бар серіктестермен әлеуметтік байланыстарды таңдауға алып келеді. Демалыс пен ойын-сауықты өткізуде ашылған түрлі мүмкіндіктерді ескере отырып, үлкен дастарқан басында отбасымен дәстүрлі жиналу – бұл әйелдер тарапынан көп күш жұмсауды талап етеді – жұмыстан бос уақытты өткізудің тартымды тәсілі болып табылмайды.
Тұлғаның жынысына байланыссыз өзін-өзі дамытуға құқықтарын құрметтеу, жеке тұлғаның шекараларын және таптаурындарын бұзбай қарым-қатынас жасау, тұлғаны бақылау мен зорлықтың болмауы, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қабылдау – бұл туыстармен және айналадағылармен жылы және салауатты қатынастарды ұстап отыруға жәрдемдесетін қазіргі заманғы әлеуметтік ұғымдар мен дағдылар.
Корр.: Басқа да мәселе бар. Отбасы өмірін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілін әлеуметтанушылар сериялық моногамия деп атайды. Ол адамдар әлі де некеге тұрып, серігінен адалдықты күтетінімен сипатталады. Алайда балалар әлеуметтік дербестік жасына жеткен кезде, ата-аналары ажырасып, және тіпті жаңа отбасы құруғ мүмкіндігіне ие болады.
Соңғы онжылдықта кеш жаста ажырасулар саны екі есе артты, адамдар өткендегі ортақ өміріне құрмет көрсету салдарынан ғана қарым-қатынастарын сақтай алмайды. Сонымен бірге психологтар жас дағдарысын және отбасыдағы рөлдерге көңіл толмаушылықты атап кетеді. Қазіргі заманғы әлеуметтанушылар осымен қалай жұмыс жасауды ұсынады?
Бұл сонымен бірге ортақ мүдделерге негізделген отбасыда тең әріптестік қатынастардың болмауының да көрініс болып табылады. Ересек жасында адамдар өмірлік мақсаттары мен мәнін қайта ойлай бастайды. Әдеттегідей, барлық өткен жылдары отбасыда рөлдер мен міндеттер гендерлік теңдік бойынша нақты бөлінген болса, балалар тәрбиесіне, бірлесіп қиындықтарды жеңу мен мақсаттарға қол жеткізуде тең дәрежеде күш пен уақытты жұмсау болмаса, ерлі-зайыптылар ортақ мақсат пен мүддесіз мұндай одақты жалғастыра алмайды.
Гендерлік теңдікті және серіктесінің мүдделерін құрметтеуге негізделген эгалитарлы одақтар патриархалды одақтармен салыстырғанда әлдеқайда тұрақты заманауи отбасылық құрылым болып табылады.
Білуімше, әлеуметтанушылар қазіргі заманғы отбасылық-неке қатынастарының дамуын қарқында зерттеуді және тұлғаның әлеуметтендірілуіне жәрдемдесетін әлеуметтік-психологиялық қызметтердің ауқымды спектрін ұсыну арқылы жаһандық үрдістердің талаптарына уақтылы әрекет етуді ұсынады.
Корр.: Некенің жаңа түрлері пайда болды – сынақ некесі, жастар бөлек тұрып, ортақ шаруашылықты жүргізбейтін демалыс күнгі неке немесе қонақтық неке;ерлі-зайыптылар түрлі қалаларда тұратын және бір-біріне сапар жасап отыратын қашықтықтағы неке. Оған сонымен бірге Childfree қосуға болады. Қазақстанда аталған форматтардың көпшілігі танымал болып табылады және одан да жоғары демографиялық құлдырауға алып келеді. Жыл сайын тіркелмеген некелер санының артуын ескере отырып, жағдай қалай өзгереді?
80-жылдардан кейін туылған әлдеқайда жас ұрпаққа тән некенің жаңа түрлері – бұл дәстүрлі патриархалды отбасыға қарсы ішкі қарсылықтың көрінісі және серіктестермен өзара қарым-қатынас жасаудың жаңа нысандарын іздеу. Ортақ тұрғын-тұрмыстық мәселелермен немесе балалармен байланыспаған қатынастар әдеттегідей серіктестің өзін-өзі дамытуға құқығын құрметтей отырып, ортақ мүдделер мен құндылықтарға құрылады. Серіктестің біреуінің құқықтары бұзылса, жұптар ауыртпалықсыз, ұзақ ажырасу істерінсіз бұзылады және әлдеқайда қолайлы серіктестікті іздеу басталады.
Негізінен бұл өмір сүру ұзақтығының артуымен байланысты. Адамдар балаларын қайтыс болғанға дейін аяққа тұрғызу қажет болатын ата-бабалары сияқты ерте жаста некеге тұруға асықпайды. Қазіргі заманғы жастардың өзін-өзі дамытуға да, отбасы құруға да, бала тууға да, тіпті немерелі және шөберелі болуға да уақыты мен мүмкіндігі жеткілікті деп түсінеді. Сондықтан олар некеге тұру мен бала тууны кеш уақытқа саналы түрде қалдырады, бұл ретте некенің басқа да бос түрлерінде серіктестік өзара қарым-қатынастарды пайдаланады, өйткені олардың ата-аналарының мысалы – қатаң міндеттемелері мен таптаурынды гендерлік рөлдері бар ұзақ және моногамды неке – олардың көңілінен шықпайды.
Childfree қосалқы мәдениеті ХХ-ғасырда эмансипация аясында қарсы қозғалыс ретінде туындады, ол ана болуды міндет емес, құқық деп қабылдауды талап етті. Аталған мақсатқа қол жеткізу шамасына қарай баласыз қалу жағдайлары өзгеріп отырған және түрлі жыныстарға, жас санаттарына, әлеуметтік мәртебеге байланысты түрлі адамдарда ерекшелене алады. Мысалы, көп жағдайда ерлерде бұл экономикалық дәрменсіздік, отбасыны асырау мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Әйелдерде – маңсапта өсудің тоқтап қалу қаупі. Біреулер өзінің баласыз болуын Жерде халық санының артып кетуінен сақтау деп таниды, басқасы нашарлап жатқан экологиялық жағдай немесе балаларды зорлықтан қорғай алмау қаупі салдарынан балалы болғысы келмейді.
Қазақстанда бұл феномен терең зерттелмеген, алайда баспасөзде сhildfree жақтаушыларының пікірлеріне негізделетін болсақ, бұл отбасы мен әлеумет тарапынан тұлғаға қысым көрсетуге қарсылық болып табылады, ал кейбіреулер сыбайлас жемқорлық деңгейінің жоғарылығы салдарынан балалы болғысы келмейді. Негізінен бұл қарсылық әлеуеті айқын көрініс табатын жастар, алайда жасы мен тәжірибесі артқан сайын олардың мақсаттары мен өмірлік құндылықтары өзгереді.
Барлық жоғарыда аталғанды қорытындылай келе, отбасылық-неке қатынастарының жаңа нысандары – бұл қазіргі заманғы реалийлерге сәйкес келмейтін отбасыдағы мың жылдық патриархалды қалыпқа қарсылық білдіру. Ал кез келген қарсылықты әлеуметтің тұлғаға қысым көрсетуімен жеңу мүмкін болмайды. Мысалы, туылу көрсеткіштері әлемдегі ең төмен болып табылатын Жапонияда және Азияның басқа дамыған индустриялық елдерінде (Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея) әйелдер бағынышты жағдайда бола отырып, балаларды туудан бас тарта отырып қарсылық білдіреді.
Осы тақырыппен сіздер economy.kz сайтындағы NATIONAL ECONOMY онлайн-журналының шілде айындағы шығарылымында нақтырақ таныса аласыз
Барлық мақалалар