Агроөнеркәсіптік кешенге шолу

08.09.2023


АӨК-тің елдің ЖІӨ-не қосқан үлесі қандай?

Ауыл шаруашылығы тарихи тұрғыдан Қазақстан экономикасының негізі болды. ХХ-ғасырдың 80-ші жылдарының соңындағы даму шыңында ауыл шаруашылығы саласының ЖІӨ-дегі үлесі 35% - ке жетті. Ең дамыған бағыттарға шалғайдағы мал шаруашылығы және дәнді дақылдарды тәлімі (суарылмайтын) өсіру кірді. 90-шы жылдардағы жоспарланған экономикадан нарықтық қатынастарға көшу жалпы экономикалық құлдыраумен және ауылшаруашылық өндірісінің төмендеуімен қатар жүрді. 

1990 жылы елдің ЖІӨ 47,9 млрд. рубльді құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығына 16,3 млрд.рубль тиесілі болды, яғни ауыл шаруашылығы ел ЖІӨ-нің 34% -ін қамтамасыз етті. 2022 жылы елдің ЖІӨ 103 трлн. теңгені құрады, бұл ретте ауыл шаруашылығының ұлттық экономикаға қосқан үлесі 5,2% -ті құрады. 

Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстанды Әзірбайжан (5,1%), Болгария (5%), Латвия (5,8%), Румыния (4,9%), Литва (4,4%) және Исландия (4,5%) сияқты елдермен салыстыруға болады. Басқа елдердің мысалдарын да алуға болады: Тәжікстан (27,1%), Өзбекстан (25,2%), Албания (21,3%), Қырғызстан (13,7%), Украина (9,3%), Франция (2,1%), Германия (1,2%).


АӨК-ке түскен инвестициялар

2008-2022 жылдар аралығында АӨК-ке түскен инвестициялар 10 еседен астам, 74 млрд. теңгеден 853 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Алайда, ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар көлемі ұлттық экономикаға салынған инвестициялардың жалпы көлемімен салыстырғанда салыстырмалы түрде аз болып қала береді – 2022 жылғы экономикаға салынған барлық инвестициялар сомасының 5,5%. 

АӨК-ке шетелдік инвестициялардың түсімі өте төмен деңгейде қалып отыр. Осылайша, 2021 жылы ТШИ (Тікелей шетелдік инвестиция) жалпы ағыны 28 млрд.АҚШ долларын құрады. Салалар бөлінісінде ТШИ жалпы ағынындағы ең үлкен үлесті тау – кен өнеркәсібі алады-43,4% немесе 12,1 млрд.АҚШ доллары. ТШИ жалпы ағынындағы ең аз үлесті сумен жабдықтау саласы 15,7 млн. АҚШ доллары ТШИ жалпы көлемінің 0,06% және ауыл, орман және балық шаруашылығы 32,5 млн. АҚШ доллары немесе 0,12% құрайды.


Импорт және экспорт 

2022 жылдың қорытындысы бойынша АӨК өнімі экспортының көлемі 44% - ке ұлғайып, 5,5 млрд. АҚШ долл. құрады (2021 жылы-3,8 млрд. АҚШ долл.). Экспорт құрылымында дәстүрлі түрде өсімдік шаруашылығы басым - 2021 жылы 2,3 млрд. АҚШ доллары және 2022 жылы 3 млрд. АҚШ доллары, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі айтарлықтай өсті - 2021 жылғы 1,4 млрд. АҚШ долларынан  2022 жылы 2,3 млрд. АҚШ долларына дейін (1,6 есе). 

Мал шаруашылығы тауарлары импортының көрсеткіші 2021 жылғы 153 млн. АҚШ долларынан 2022 жылы 287 млн. АҚШ долларына дейін айтарлықтай өсті  (1,9 есе). 2023 жылдың алғашқы бес айында өсімдік шаруашылығы тауарларының импорты 4,6 мың тоннаны құрады,бұл 2022 жылдың алғашқы бес айынан 1000 мың тоннаға артық, алайда ақшалай баламада айырмашылық 84 млн. АҚШ долларынан аспады. 

2022 жылдың қаңтар – мамыр айларында бір тонна өнімнің орташа бағасының төмендеуі 352 АҚШ долларды құрады және 2023 жылдың ұқсас кезеңінде 287 АҚШ долларына дейін төмендеді, пайыздық қатынаста құлдырау 22%-ті құрады.

 
Келесі бірқатар жарияланымдарда АӨК негізгі секторларын және сектордың негізгі проблемаларын талдауды жалғастырамыз.

Аят Наурузов
 Салалық талдау орталығының жетекші сарапшысы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 08.09.2023





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!