10.09.2023
Жыл басынан бері Маңғыстау облысының бірқатар аудандарында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, ауылдық округ әкімдерін сайлауға кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап Ақтау, Жаңаөзен және Бейнеу аудандарында басталды.
Сайлау науқаны басталғаннан бері 10 кандидат ұсынылды, олардың 1-і кандидат ретінде тіркелу туралы шешімнің күшін жою туралы мәлімдеді. Нәтижесінде 9 кандидат тіркеліп, сайлау бюллетеніне енгізілді. Барлық кандидаттар өзін-өзі ұсынған екенін атап кеткен жөн.
Кандидаттардың орташа жасы 36 жасты құрады. Ең жас кандидат 28 жаста, ал ең жасы үлкені 45 жаста. Ауылдық округ әкімдеріне барлық кандидаттар ер адамдар болды.
Ақтау қаласында Өмірзақ ауылының әкімі сайланды, онда ауыл әкімі 3 кандидаттың ішінен таңдалды. Кандидаттардың орташа жасы-36 жас, бүл ретте ең жас кандидат 32 жаста, ал ең жасы үлкен кандидат 40 жаста.
Дауыс беру нәтижесінде Өмірзақ ауылының әкімі болып Ақтау қаласында тұратын 40 жастағы жеке кәсіпкер сайланды.
Жаңаөзен қаласында Қызылсай ауылының әкімі 3 кандидаттың ішінен таңдалды. Ұсынылған кандидаттардың орташа жасы 32 жасты құрады. Ең жас кандидаттың жасы 29 жаста, ал ең жасы үлкені 36 жаста.
Сайлау қорытындысы бойынша Қызылсай ауылының әкімі болып 32 жастағы мемлекеттік қызметші, Қызылсай ауылында тұратын Қызылсай ауылы әкімі аппаратының бас маманы сайланды.
Бейнеу ауданында Сыңғырлау және Тәжен ауылдарының әкімдерін сайлау өтті.
Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы 4 кандидатты тіркеді. Кандидаттардың орташа жасы 36 жасты құрады. Ең жас кандидат 28 жаста, ал ең жасы үлкені 45 жаста.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Бейнеу ауылының 45 жастағы тұрғыны, Бейнеу аудандық мәслихатының әдіскері Сыңғырлау ауылының әкімі болды. Тәжен ауылында әкім болып Бейнеу ауылының 47 жастағы тұрғыны, "Бейнеумәдениет" МКҚК директорының орынбасары сайланды. Облыстың ауылдық елді мекендерінің алдында тұрған проблемаларға ауыз су тапшылығы, экологияның нашарлауы, денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы білікті кадрлардың тапшылығы және т. б. жатады.
Жаңадан сайланған әкімдердің алдында әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, көліктік, мәдени-спорттық, іскерлік, өндірістік, цифрлық және басқа да инфрақұрылымдарды кеңейту міндеттері тұр.
Алдын ала деректер бойынша Маңғыстау облысының ауылдық елді мекендерін Өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес объектілермен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз ету көрсеткіші 66,3% -ті құрайды. Сонымен қатар, 2022 жылы облыстың 16 ауылында "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында 30-дан астам жоба іске асырылды. Оған тоғыз млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. "Дипломмен ауылға" жобасы аясында 423 адам көтерме жәрдемақы алды.
Садуахасова Диана
аға сарапшысы
Барлық мақалалар