Қалалардағы тұрмыс сапасының 2020 жылғы ұлттық рейтингі

29.03.2021

Қалалардағы тұрмыс сапасының 2020 жылғы ұлттық рейтингі

Урбандалу әлемдік экономикалық дамудың жаңа кезеңін сипаттайтын жаһандық үрдіс болып табылады.
Елдің өңірлік саясаты басқарылатын урбандалуды ескере отырып, «өсу нүктелерін» дамыту және өңірлік стандарттар жүйесі негізінде базалық тұрмыс сапасын қамтамасыз ету сияқты тәсілдерді көздейді.

Елдің өңірлік саясаты басқарылатын урбандалуды ескере отырып, «өсу нүктелерін» дамыту және өңірлік стандарттар жүйесі негізінде базалық тұрмыс сапасын қамтамасыз ету сияқты тәсілдерді көздейді.

Тұрмыс сапасы қалалардың даму деңгейін сипаттайтын ең маңызды кешенді көрсеткіш болып табылады және қалалар тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мәселесі урбандалу деңгейінің өсу шамасына қарай күшее береді.


Қазақстанда урбандалу деңгейі өсу үрдісіне ие. Осылайша, қала халқының саны 2010-2020 жылдар аралығында 8,8 млн.адамнан 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 11,1 млн.адамға өсті және урбандалу деңгейі 59%-ды құрады.

2030 жылға қарай урбандалу деңгейі 65%-ды құрайды деп күтіледі. Осыған байланысты қалаларды, олардың инфрақұрылымын дамыту, тұру қолайлылығы және онымен байланысты әлеуметтік-экономикалық мәселелер өзекті болып келеді.

Қалаларда тұрмыс сапасын әрі қарай жақсартуға жәрдемдесу мақсатында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік зерттеулер орталығы 2020 жылы қалалардағы тұрмыс сапасының мерзімді ұлттық рейтингін әзірледі. Аталған зерттеу жыл сайын өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Рейтинг оған кіретін индикаторларға жыл сайын мониторинг жүргізуге және қалалардың дамуына салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Рейтинг қалалар үшін олардың күшті және әлсіз жақтарын бағалауда, сондай-ақ олардың даму мақсаттары мен стратегияларын айқындауда, қайта түсінуде маңызды басшылық және эмпирикалық негіз болады деп күтіледі. Қалалар арасындағы бәсекелестік рейтингте талданатын факторлардың, көрсеткіштердің маңыздылығын арттырады.  
Рейтингтің кеңінен жарияланып жатқан нәтижелері қалалардың маркетингтік стратегиясының негізгі бөлігі ретінде де пайдалана алады: жоғары позициялар қаланың халықаралық имиджін жақсартуға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ қалалардағы тұрмыс сапасының рейтингі қоғамның назарын өңірлік дамудың маңызды мәселелеріне аударуға, қалалардың даму стратегияларын, қалалардағы мәселелерді кеңінен талқылауды ынталандыруға, қабылданатын шешімдердің айқындылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, қалалардағы тұрмыс сапасының ұлттық рейтингін әзірлеу бойынша зерттеу адамдардың сұрауларына, қалалардың дамуы алдында тұрған жаңа сың-талаптарға әрекет етуге, көрсеткіштер жүйесіне негізделе отырып, қалалық дамудың түрлі салаларында нақты басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

2020 жылы рейтинг функционалдық қалалық аудандардың 18 орталық қаласын қамтыды - Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент.

Рейтинг сандарда

Қалалардағы тұрмыс сапасы рейтингіндегі (бұдан әрі – рейтинг) бірінші орынды 6,3 балл рейтингпен Нұр-Сұлтан иеленді.

Елорда бірден үш қосалқы фактор бойынша көшбасшы орындарға ие:

«Экономика» (6,3 балл), «Бизнес-орта» (8,3 балл) және «Қалалық инфрақұрылым» (7,5 балл). Қала «Әлеуметтік сала» қосалқы факторы бойынша жоғары орынға ие болды (4-ші орын, 6,6 балл). 
«Қалалық ортаның сапасы» (16-шы орын, 4,5 балл) және «Әлеуметтік белсенділік» (17-ші орын, 4,9 балл) қосалқы факторлар бойынша төмен орындарға ие.

Рейтингтің екінші орнында 6,2 балмен Алматы қаласы орналасқан.

Қала «Әлеуметтік сала» (1-ші орын, 7,2 балл), «Бизнес-орта» (2-ші орын, 7,6 балл) және «Экономика» (2-ші орын, 6 балл) қосалқы факторлары бойынша көшбасшы орындарға ие. 
«Қалалық инфрақұрылым» (7-ші орын, 5,7 балл), «Қалалық ортаның сапасы» (12-ші орын, 5,4 балл) және «Әлеуметтік белсенділік» (16-шы орын, 5,6 балл) қосалқы факторлар бойынша төмен балдар.

1-сурет – Қалалардағы тұрмыс сапасының 2020 жылғы рейтингті
Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент

Рейтинг көшбасшыларының үштігіне 6,1 балмен Ақтау қаласы да кіреді.

Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы қалалық инфрақұрылым (2-ші орын, 7,0 балл), экономиканың даму деңгейі (3-ші орын, 5,9 балл) және бизнес-ортаның жағдайы бойынша (3-ші орын, 7,2 балл) жоғары көрсеткіштерді байқатты.

«Әлеуметтік сала» (14-ші орын, 5,6 балл), «Әлеуметтік белсенділік» (15-ші орын, 5,7 балл) қосалқы факторлар бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері қорытынды позицияға теріс әсер етті. Қалалық ортаның сапасы жақсаруды талап етеді (5,5 балмен 11-ші орын).

Рейтингтің 4-шы орнында Атырау қаласы орналасқан.

Қала тұрғындардың әлеуметтік белсенділігі (3-ші орын, 7,0 балл) және қалалық инфрақұрылымның сапасы (3-ші орын, 6,7 балл) бойынша ең үздік көрсеткіштерді ие. Қалалық ортаның сапасы да жоғары бағаланады – 5-ші орын (6,2 балл). 
Қалалық экономиканың дамуы бойынша қала 5,7 балмен 5-ші орынға, ал әлеуметтік саланың даму деңгейі бойынша елдің 18 қаласының ортасынан 8-ші орынға ие болып, 6,0 балды иеленді. Қаладағы бизнес-ортаның жағдайы 4 балды құрайды, қала осы көрсеткіш бойынша рейтингтің 7-ші орнында орналасқан.

Рейтингтің 5-ші орнында күтпеген жерден 5,7 балмен Қызылорда қаласы орналасқан.

Қаланың мұндай позициясы халықтың жоғары әлеуметтік белсенділігімен (1-ші орын, 7,3 балл) және дамыған әлеуметтік саламен (2-ші орын, 6,9 балл) байланысты. Қаладағы қалалық ортаның сапасы да айтарлықтай жоғары бағаланады (4-ші орын, 6,4 балл). Қала қалыпты бизнес-климатты қалыптастыра алды. Бизнес-ортаның жағдайы 5,1 балмен бағаланады (6-шы орын). Қалалық инфрақұрылым сапасы бойынша төмен балдар байқалады (15-ші орын, 4,4 балл).

Рейтингтің 6-шы орнында 5,6 балмен Қостанай қаласы орналасқан.

Қала әлеуметтік саланың дамығандығы (3-ші орын, 6,8 балл) және қалалық экономика (4-ші орын, 5,8 балл) бойынша үздік нәтижелерді көрсетті. Қалған қосалқы факторлар бойынша 8-ден 11-ге дейінгі орындарға ие болды. 

Рейтингтің 7-ші орнында 5,5 балмен Петропавл  қаласы орналасқан.

«Қалалық ортаның сапасы» (2-ші орын, 7,1 балл) және «Әлеуметтік белсенділік» (4-ші орын, 6,7 балл) қосалқы факторлары бойынша жоғары балға ие.

Павлодар қаласы рейтингтің 8-ші орнында орналасқан.

Қалалық ортаның сапасы (3-ші орын, 6,8 балл) және қалалық инфрақұрылым (5-ші орын, 6,2 балл) бойынша жоғары позицияларға қарамастан, бизнес-ортаны жағдайы (14-ші орын, 3 балл) және қалалық экономиканың дамуы (13-ші орын, 4,6 балл) бойынша қалыпсыз жағдай қалыптасты. Экономиканы дамыту және қалыпты бизнес-климатты қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау қажет.

Рейтингтің 9-шы орнында қалалық инфрақұрылымы жеткілікті дамыған (4-ші орын, 6,4 балл) және экономиканың даму қарқындары жақсы (6-шы орын, 5,6 балл) Өскемен қаласы (5,3 балл) орналасқан.

Халықтың әлеуметтік белсенділігі жоғары деп бағаланады (5-ші орын, 6,7 балл). 
Алайда әлеуметтік саланың дамуы (13-ші орын, 5,6 балл) және қалыпты бизнес-ортаны қалыптастыру (15-ші орын, 2,6 балл) бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері қалаға рейтингте әлдеқайда жоғары позицияға орналасуға мүмкіндік бермейді.

Рейтингтің ондығын елдегі халық саны бойынша үшінші орында орналасқан Шымкент қаласы қорытындылайды (5,2 балл).

Мұндай төмен позиция қалалық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамымауымен, жергілікті экономиканың жағдайымен және қалалық ортаның төмен сапасымен байланысты.

Рейтингте 11-ші орында 5,1 балмен Көкшетау қаласы орналасқан.

Қалалық орта сапасы бойынша жоғары балл (6-шы орын, 5,9 балл). Қалған факторлар бойынша 9-дан 14-ке дейінгі орындарға ие.

Рейтингтің 12-орнында Түркістан қаласы орналасқан (5,0 балл).

Қала алты қосалқы фактордың екеуі бойынша соңғы 18-ші орында, ал бір қосалқы фактор бойынша 17-ші орында орналасқанына қарамастан, бұл позиция Түркістан қаласы үшін жоғары болып табылады.

Әрі қарай балдары бірдей (4,9 балл) екі қала орналасқан: Ақтөбе және Талдықорған, рейтингтің 13-ші және 14-ші орындары.

Мұнда Ақтөбе агломерациясы орталығының төмен позицияда орналасуы қызықты болып отыр. Барлық базалық факторларға ие болуына қарамастан (ресурстар, халықаралық дәліздің жанында орналасуы, халық, агломерациялық әлеует және т.б.) қала тұрмыс сапасы рейтингінде жоғары орындарға ие бола алмады.

15-ші орыннан 17-ші орынға дейін бірдей балдармен (4,8 балл) Қарағанды, Орал және Семей қалалары орналасқан. 

Рейтингтің соңғы орнында 4,7 балмен Тараз қаласы орналасқан.


Әр қала бойынша сараптамалық сауалнама негізінде жеке бейін жасалған және қалалар төмен позицияларға ие болған салалар бойынша ұсынымдар әзірленген.

2021 жылы қалаларда тұрмыс сапасының рейтингін жүргізу бойынша зерттеу жалғасады.

1-кесте – Қосалқы факторлар бөлінісіндегі қалалар рейтингі

Экономика. Бизнес-орта. Әлеуметтік сала. Әлеуметтік белсенділік. Қалалық инфрақұрылым. Қалалық ортаның сапасы.
Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент


Рейтингтің әдіснамасы

Рейтинг 62 көрсеткіш негізінде есептелген, оның ішінде 43-і – статистикалық, 18-і – сауалнама және 1-і – рейтингтік («Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі»).

Барлық көрсеткіштер 6 қосалқы фактор бойынша – «Экономика», «Бизнес-орта», «Әлеуметтік сала», «Әлеуметтік белсенділік», «Қалалық инфрақұрылым», «Қалалық ортаның сапасы» және 16 топ бойынша топтастырылған:

1. Экономикалық өсу
2. Материалдық әл-ауқат
3. Еңбек нарығы
4. Бизнес-ортаны бағалау
5. Бизнес-климатты бағалау
6. Қолданыстағы жұмыс күші
7. Болашақ жұмыс күші / білім
8. Денсаулық сақтау
9. Мәдениет, спорт және ойын-сауық
10. Халықтың қаладағы тұрмыс сапасын жақсартуға белсенді қатысуға дайындығы
11. Көлік инфрақұрылымы
12. Тұру шарттары
13. Қалалық ортаның қолайлылығы
14. Қауіпсіздік
15. Қоршаған ортаның жағдайы

Сараптамалық сауалнамаға 18 қаладағы түрлі тіршілік салаларынан 915 сарапшы қатысты (белсенді тұрғындар, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ҮЕҰ және басқасы).



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 29.03.2021





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!