Таяу болашақта Қазақстанда 500-ден астам ауыл жойылуы мүмкін

14.09.2023

Соңғы 10 жылда елімізде ауыл халқының азаю үрдісі және ауылдық елді мекендер саны сақталуда. Мәселен, 2012-2022 жылдар аралығында еліміздің ауыл халқы 7,6-дан 7,5 млн. адамға дейін азайды, ал ауылдар саны 6,9-дан 6,3 мың бірлікке дейін қысқарды.

Жойылған ауылдардың ең көп саны елдің солтүстік аймақтарына тиесілі (269 ауыл жойылды). Оңтүстік өңірлерде ауылдар саны 119 бірлікке, батыс өңірлерде 118-ге, орталық-шығыс өңірлерде 103-ке қысқарды.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрақты халық саны кемінде 50 адам болатын аумақ елді мекен болып саналады. Бұл 50 адамнан аз халқы бар елді мекендер ауыл мәртебесін жоғалтады және ресми есептен шығарылады дегенді білдіреді.
 
Алдағы жылдары елде 500-ден астам халық саны аз ауыл жойылуы мүмкін. 
Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарға Қазақстанда 50 адамнан аз халқы бар 549 ауыл бар. Оларда 14 мыңнан астам адам тұрады.

 
Өңірлер бөлінісінде шағын ауылдардың ең көп саны Солтүстік Қазақстан (128 бірлік), Ақмола (56) және Батыс Қазақстан (49) облыстарында байқалады. Мұндай ауылдардың ең азы Атырау (9 бірлік), Жамбыл (4) және Маңғыстау (3) облыстарында.
 
Ауыл тұрғындары көші-қонының негізгі факторы қарапайым өмір сүру жағдайлары болып табылады. Адамдар тұруға қолайлы өмір үшін ауылдардан кетеді. Тек 2022 жылы ауылдық жерлерден 326 мыңға жуық адам көшіп кетті. Бұл ретте ауылдан көші-қонның негізгі ағымы қалаларға бағытталған.

Ауылдарда көп жағдайда су, қажетті инфрақұрылым, демалыс орындары, даму және жұмыс мүмкіндіктері болмайды.
 
Бүгінгі таңда еліміз бойынша 1,4 мың ауылдың тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізе алмайды. Ал 6,3 мың ауылдың тек 27,1% - і (1,7 мың ауыл) орталықтандырылған газбен жабдықтауға қосылған.
 
Білім беру және медициналық қызмет көрсетумен байланысты проблемалар бар. Ауылдық жерлерде 2,7 мың мектеп шағын жинақталған болып табылады. Көптеген ауылдарда медициналық нысандар жоқ, ал 2,3 мың ауылдық елді мекендерде құрылыс мерзімі 40 жылдан астам салынған нысандар бар. Ауыл тұрғындары көбінесе  өз жеке шаруашылықтарында жұмыс істейді немесе олардың әл-ауқатына әсер ететін жалақысы төмен жұмыстарда жұмыс істейді. Мәселен, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар ауыл халқының үлесі 7,3% -ті құрайды. Салыстырcақ, қалаларда бұл көрсеткіш 2 есе аз – 4%.

Ауыл шаруашылығын жаңғырту да ауыл тұрғындарының көші-қонына өз әсерін тигізуде. АӨК автоматтандыру және цифрландыру, әдетте, еңбек өнімділігін арттырады. Тиісінше, аграрлық секторға "жұмыс қолы" аз дәрежеде қажет.
 
Ауыл тұрғындарының қалаларға кетуінің тағы бір факторы адамдардың санасының өзгеруіне байланысты. Көптеген ауыл тұрғындары балаларына сапалы білім беріп, лайықты болашақты қамтамасыз еткісі келеді.
 
Ал ауыл жастары өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында тұру үшін қалаларды таңдайды.
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған  тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылатын шаралар ауылдық көші-қон белсенділігін төмендетуі мүмкін.

Тұжырымдама шеңберінде инфрақұрылымды жаңғырту есебінен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған "Ауыл – Ел бесігі" жобасы іске асырылуда. Жобада білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, инженерлік инфрақұрылым, көлік инфрақұрылымы объектілерін салу және реконструкциялау жөніндегі жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру көзделеді.

Ауыл дамуының маңызды бағыты жұмыс орындарын құру және ауыл халқының табысын арттыру болып табылады. Осы мәселені шешу мақсатында Тұжырымдама шеңберінде ауыл тұрғындарына өз бизнесін бастауға көмектесетін "Ауыл аманаты" жобасы іске асырылуда. Жоба ауыл тұрғындары үшін 2,5% жеңілдікті несие беруді және кооперативтер үшін ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қарастырады. 

Мейрембаев Айтжан
 Өмір сапасы орталығы директорының орынбасары



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 30.10.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!