Жалақы бойынша қалалардың рейтингі

20.09.2023

Жалақы негізгі экономикалық көрсеткіш болып табылады, өйткені ол халықтың сатып алу қабілетін, кірістерді бөлу ерекшеліктерін сипаттай алады, жұмысшылардың еңбек тиімділігін арттыруға, өңірдегі білікті кадрларды ұстап тұруға және т.б. ынталандыру ретінде қызмет етеді.

Бұған қоса, жалақы қаланың басқа елді мекендерге қатысты тартымдылық элементтерінің бірі болып табылады.
 
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша біз 2021 жылғы ұқсас көрсеткіштермен салыстырғанда 2022 жылғы 3-тоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанның 26 қаласы бойынша көрсеткіштерге талдау жасадық. Сонымен қатар, жалақы қалалар бөлінісінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіштерімен салыстырылды. 2022 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша жалақы бойынша рейтинг келесідей (теңге):


Салыстырмалы кестеден ең жоғары жалақы Жаңаөзенде – 686744 теңге, ал Талдықорғанда ең төмен – 212136 теңге болғаны байқалады. Алшақтық 3,2 есе. Бір қызығы, ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша Жаңаөзен көшбасшыларда тұр, бұл қалада өмір сүрудің жоғары құнын сипаттай алады (Жаңаөзен – 60697 теңге, Түркістан – 31211 теңге).
  
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (прожиточный минимум) ең төменгі қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардың белгіленген үлесіне ұлғайтылған азық-түлік себетінің құнынан қалыптастырылады. Мысалы, азық-түлік себетінің құны халықтың әр түрлі жыныстық және жас топтары үшін азық-түлік себетіне кіретін азық-түлікті тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын орташа бөлшек сауда бағасына көбейту арқылы есептеледі.
 
Осылайша, күнкөріс деңгейінің шамасын құрайтын азық-түлік себеті мен азық-түлік емес тауарларға жұмсалатын шығындар елді мекенде «өмірдің қымбаттығын» көрсетуі мүмкін.

«Өмірдің қымбаттығын» есепке алу үшін біз орташа жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне қанша рет сәйкес келетінін түсіну үшін қалалар бойынша күнкөріс деңгейі мен жалақыны салыстырдық.


Ең көп жалақы Атырау, Сәтбаев, Жаңаөзен, Ақтау, Жезқазған және Балқаш қалаларында, сондай-ақ басқа да бірқатар моноқалаларда «өмірдің қымбаттығын» жабады. Айта кету керек, бұл қалаларда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі аз, ал халықтың көп бөлігі ресми түрде өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Ең аз жалақы Қызылорда қаласын қоспағанда, Қазақстанның бірқатар оңтүстік қалаларында «өмірдің қымбаттығын» жабады. Бір қызығы, Астана мен Алматы тізім көшбасшылары емес. Сондай-ақ, аутсайдер Шымкент мегаполисі болып табылады, бұл жасырын «көлеңкелі экономика» мен есепке алынбаған кірістерді жанама түрде көрсетуі мүмкін.

Азамат Саменов
 


Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 20.09.2023





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!