25.09.2023
1. Қазақстан экспорты $49,1 млрд-тан $44,8 млрд-қа дейін төмендеді (-8,8%)
2. Көлемінің азаюы мұнай мен металдардың әлемдік бағаларының тұрақсыздығымен байланысты - бұл елдің шикізатты және жартылай фабрикаттарды сатудан түсетін экспорттық кірісінің сәйкесінше 12% және 8%-ға төмендеуіне ықпал етті.
3. Сонымен қатар Италияға (-4%), Қытайға (-3%), Нидерландыға (-18%), Түркияға (-15%), Өзбекстанға (-3%) және Францияға (-2%) жеткізілетін экспорттың түсуі тіркелді. Бұл ретте Ресейге экспорт 34%-ке, Оңтүстік Корея 5%-ке және Румынияға 33%-ке өсті.
4. Республика экспортының төмендеуі (-8,8%) және импорттың өсуі (+32,9%) сауда сальдосының 2 еседен астам құлауына әкелді ($22,9 млрд-тан $10,0 млрд-қа дейін)
5. Елдің шикізаттық емес экспорты (реэкспорттан тазартылғаннан кейін) 4,2%-ке төмендеді, соған қарамастан дайын тауарлардың экспорты 42%-ке өсті (автомобильдер, сусындар, темекі, шиналар, қорғасын аккумуляторлар, макарон өнімдері, кондитерлік өнімдер және т.б.)
6. Азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы шикізатының экспорты 6,9%-ке - $3,0 млрд $3,2 млрд долларына дейін ұлғайды
7. Еуразия экономикалық одақ елдеріне экспорт 32%-ке - $4,8-ден $6,4 млрд дейін өсті. Бұл ретте ең үлкен өсім Беларусь бағытында болды, онда отандық жеткізілімдер 58%-ке өсті, ал РФ-ға 34%-ке, ал Қырғызстанға 18%-ке өсті.
Ернар Серік
орталық директоры
Барлық мақалалар