28.09.2023
Халықаралық көші-қонның жалпы жағдайында 2022 жылдың ақпанынан бастап маңызды вектор ресейлік болды, арнайы әскери операция соңғы бірнеше онжылдықта Еуропа аумағында босқындар санының күрт өсуіне әкелді.
Ресейліктердің өз елінен жаппай кетуі басталды, ал бул қабылдаушы мемлекеттердің үкіметтеріне бірқатар әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық проблемалар туғызды.
Бүгінгі күні кеткен ресейліктердің саны туралы техникалық және басқа шектеулерге байланысты нақты пікір жоқ. Әр түрлі бағалаулар бойынша, олардың саны бірнеше жүз мыңнан 1 миллионға дейін, бұны Қазан төңкерісі мен одан кейінгі Азаматтық соғыстан кейінгі ақ эмиграция толқынымен салыстыруға болады. Осылайша, Росстаттың ресми мәліметінше, 2022 жылы Ресейден 622,9 мың адам қоныс аударды, олардың көпшілігі 40 жасқа дейінгі азаматтар.
Әлеуметтанулық сауалнаманың қорытындысы бойынша елден кеткен ресейліктердің шамамен 70%-і жоғары білімді, ал елге келгендердің ішінде тек 15%-інде ғана жоғары білім бар, бұл халықтың жалпы мәдени және білім деңгейіне әсер етеді.
Анықтама үшін: Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Әлеуметтік талдау және болжау Институты әскери әрекеттері басталғаннан кейінгі бірінші айда кеткен 150 мың адам санын келтірді, ал Ресейлік электрондық коммуникациялар қауымдастығы осы кезеңде елден кеткен кем дегенде 70 мың адам IT-мамандар туралы хабарлады. Өткен жылы кем дегенде 155 мың Ресей азаматы Еуропа, Түркия және ТМД елдерінде уақытша тұруға рұқсат алды деген ақпарат болды.
РФ ФҚҚ мәліметтері бойынша, 3,8 миллион ресейлік 2022 жылдың 1-тоқсанында елден тыс жерлерге кетті, бұл санға қайта оралғандар кірмегеніне қарамастан, ол әсерлі. Мұндай қабылдау статистикалық сауалнама нәтижелері бойынша тек 3%-і ғана отанға ораламыз деп жауап бергендігімен, сондай-ақ 2022 жылдың 1-тоқсанында жаңа жол жүру құжаттарының 1,2 млн. шетелдік төлқұжаты берілгендігімен күшейтіледі, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 87%-ке артық.
Сол Росстаттың хабарлауынша, мигранттардың көп бөлігі ТМД елдеріне, аз бөлігі Түркия, АҚШ, БАӘ, Сербия, Португалия және Кипрге кеткен. Кеткен ресейліктердің ең көп үлесін Қазақстан, Грузия, Түркия және Армения қабылдады.
Қабылдаушы мемлекеттердің мәліметтері бойынша, 2022 жылы Еуропалық одақ елдерінде қоныстанған ресейлік мигранттардың саны небәрі 36,3 мың адамды құрайды, посткеңестік елдерде және Түркияда - әлдеқайда жоғары: Қазақстанда - 146 мың адам, Түркияда - 79 мың, Грузияда - 60 мың, Арменияда - 42 мың адам. Ал Израильде ЕО-ның барлық елдеріндегідей ресейліктер қоныстанды.
Ресейлік мигранттардың дәл осы елдерге баруының себептері әр түрлі. 2022 жылдың көктемі мен күзінде «OutRush» зерттеу тобы жүргізген панельдік сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі (58%) елді таңдау кездейсоқ жүргізілгенін және әуе билеттері мен кіру ережелерімен анықталғанын, мигранттардың бір бөлігі (32%) туыстары тұрып жатқан елдерге барғанын атап өтті, кеткендердің 13%-і үшін ең бастысы елдің мәдениетімен танысу болды, 10%-ін жұмыс беруші қоныс аудартты немесе халықаралық көмек бағдарламаларынан өтті.
Кеткендердің көпшілігі сол елдерде қалды, шамамен 25%-і басқа елдерге кетті. Бір қызығы, 56% осы елдерде қаламыз деп болжады .
Украинадан кеткендер бойынша нақты сандар жоқ. Осылайша, Украина шекара қызметінің мәліметі бойынша, елдің батыс шекарасы арқылы 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың маусымына дейін 1,8 млн адамға көбірек шыққан. Ал ЕО елдерінде уақытша қорғау мәртебесі бар шамамен 4 млн украин азаматы тіркелген, бұл - 3 млн еңбек мигранттарын ескерсек, әсерлі көрсеткіш.
Әр түрлі себептерге байланысты Қазақстанға келген ресейлік мигранттардың саны туралы тексерілген деректермен де қиындықтар бар.
2022 жылдың желтоқсанында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті 2022 жылдың ішінде Қазақстанға барлығы 3 млн. ресейліктер келіп, соншасы кеткенін, ал 2022 жылдың 21 қыркүйегінен бастап ішінара жұмылдыру (мобилизация) жарияланғаннан бері елге 837 мың ресейліктер келгенін, 780 мың адам кеткенін хабарлады. 2022 жылдың аяғында әр түрлі себептермен елде Ресей Федерациясының 298 мың азаматы болды.
Бұл, әрине, шетелдік дереккөздердің жоғарыда келтірілген мәліметтеріне қайшы келеді. Осыған қарамастан, өткен жылдың көктем-жазында орын алған Қазақстандағы ресейлік мигранттар санының күрт өсуіне байланысты дүрбелең мен тәуекелдердің туындау қаупі негізсіз болып шықты деп айтуға болады. Сонымен қатар, келген ресейліктердің көпшілігі біздің аумақты басқа елдерге транзит үшін пайдаланды.
Бұл деректер, айтпақшы, Қырғызстанның Еңбек және көші-қон министрлігінің мәліметтерімен сәйкес келеді, ол 2022 жылы елге 760 мың ресейлік кіргенін, оның 730 мыңы басқа елдерге транзитпен өткенін хабарлады.
Жалпы, Қазақстанда, басқа Орталық Азия елдері сияқты, қоғамның ресейлік мигранттарға деген көзқарасы салыстырмалы түрде қолайлы, өйткені келген жастар, көп жағдайда, әр түрлі салалардың, соның ішінде перспективалы IT-саланың білімді және білікті мамандары болып табылады.
Әрине, 2023 жылғы қаңтарда заңнамаға енгізілген өзгерістер көші-қон қағидаларын қатаңдатты, енді Қазақстанда бірнеше айдан артық болуды жоспарлап отырған көшіп-қонушылар уақытша тұруға немесе тұруға ықтиярхат (шетелдіктің ҚР-да тұрақты тұруға құқығын растайтын құжат) ресімдеуге мәжбүр болады, ал бұрын олар «визаран» деп аталатын құжатты қолданды. Бұл да түсінікті, Қазақстан мемлекеті шектес мемлекеттің аумағынан көші-қон ағындарын қатаң бақылап, реттеуі қажет. Әлеуметтік-экономикалық (әлеуметтік қамсыздандыру, валюта, жылжымайтын мүлік, еңбек және т.б. нарықтар) проблемаларды шешу үшін де, саяси сипаттағы проблемаларға қатысты алдын алу шараларын қабылдау үшін де.
Әрине, ресейліктердің көші-қон мәселесі бір қарағаннан әлдеқайда күрделі және көп өлшемді.
Қазақстан үшін көшіп келушілерді қабылдайтын басқа посткеңестік елдерден кем емес. Өйткені, Қ. Тоқаев Ресей мен Украинаның әскери қақтығысына қатысты өз елінің ұстанымын ашық білдірген Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларының бірі болып қала беретінін ұмытпауымыз керек.
Ғабит Матаев
жетекші ғылыми қызметкері
Барлық мақалалар