Қазақстандағы салық жүктемесі: көтеру немесе төмендету?

02.10.2023

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы үшін экономикаға қысым жасамайтын және жеке инвестициялар деңгейін төмендетпейтін ұлттық табысты қайта бөлудің шекаралары қандай болуы тиіс деген мәселе ашық күйінде қалып отыр. 

2009 жылғы салық реформасынан кейін Қазақстанда салық жүктемесі бөлігінде бизнесті жүргізу үшін жағдайлар жеткілікті қолайлы болды. Осыған байланысты мемлекеттік бюджет кірістерінің ЖІӨ-ге қатынасы төмендеді, ал мемлекеттік шығыстардың ЖІӨ-ге қатынасы жоғары емес болды. 


Нәтижесінде, Қазақстанның фискалдық саясатының қалыптасқан моделі бюджеттің қайта бөлу функциясының жеткіліксіз рөлімен ерекшеленеді. Экономикалық өсудің инклюзивтілігіне қол жеткізу және ЭЫДҰ стандарттарымен жақындасу қажеттілігі бюджеттің кірістері мен шығыстарын арттыруды, ұлттық табысты қайта бөлуде мемлекеттің неғұрлым белсенді рөлін талап етеді.

Халықаралық салыстырулар 
1. Экономикаға салық жүктемесі. "Салық түсімдері, ЖІӨ-ге % - пен" (2020) көрсеткіші бойынша Қазақстанның позициясын  басқа өндіруші елдермен салыстырамыз: Қазақстан-ЖІӨ-нің 16,4%; Ресей-24,2%; Чили-20,2%; Канада-32,2%; Норвегия-38,2%.
  
Көріп отырғанымыздай, Қазақстан негізгі өндіруші елдер арасында ЖІӨ-ге салық түсімдерінің ең төмен деңгейіне ие.

2. Бизнеске салық жүктемесі. World Bank Group әлем елдерінің салық жүктемесінің рэнкингі, Paying Taxes (2020).

Анықтамалық. Рэнкинг жыл сайын келесі негізгі көрсеткіштер бойынша өткізіледі:
TTCR салық жүктемесі (Total Tax and Contribution Rate) – салыққа дейінгі пайдадағы салық төлемдерінің үлесі ретінде есептеледі. TTCR мыналарды қамтиды:
  • табыс салығы (Profit tax TTCR), 
  • жалақыдан түсетін салық (Labour tax TTCR), 
  • басқа салықтар (Other taxes TTCR).

Рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстандағы салық жүктемесі (TTCR): 28,4% құрады 
оның ішінде:
  • Табыс салығы бойынша салық жүктемесі (Profit TTCR %): 16,4%, 
  • Жалақыдан түсетін салық (Labour tax TTCR): 10,1%, 
  • Басқа салықтар (Other taxes TTCR): 1,9%.

Салыстыру үшін, басқа елдердің салық жүктемесі (TTCR) (жақшада Profit TTCR, Labour tax TTCR және Other taxes TTCR):
  • Ұлыбритания – 30,6% (16,6%, 12,0%, 2,0%)
  • АҚШ – 36,6% (20,7%, 9,8%, 6,1%)
  • Германия – 48,8% (23,2%, 21,5%, 4,1%)
  • Ресей –  46,2% (7,4%, 36,6%, 2,2%)
  • Қытай– 59,2% (6,3%, 46,2%, 6,8%)
  • Украина– 45,2% (10,2%, 33,8%, 1,1%)
  • Беларусь– 53,3% (11,1%, 39,0%, 3,2%)
  • Өзбекстан– 31,6% (11,8%, 17,4%, 2,5%)

Көріп отырғаныңыздай, Қазақстандағы салық жүктемесі әлемдегі ең төмен жүктемелердің бірі болып табылады.
 
3. Қазақстанның ЕАЭО - дағы экономикаға салықтық жүктемесі де ең төмен.  ХВҚ (2019): Ресей ЖІӨ-нің 34,9%, Армения 23,5%, Беларусь 37,7%, Қазақстан 21,0%, Қырғызстан 33,3%.

4. Қазақстанның ЖІӨ-ге мемлекеттік шығыстар деңгейі бойынша орналасуы.
Қазақстанның "ЖІӨ – ге мемлекеттік шығыстары" (2022) , басқа мұнай өндіруші елдермен салыстырғанда да төмен: Қазақстан-ЖІӨ-нің 21,7%; Сауд Арабиясы-28,1%; Ресей-36,6%; Норвегия-38,5%; Канада, 41,7%.  Әрине, бұл Қазақстандағы салық жүктемесінің төмендігімен түсіндіріледі.
 
Халықаралық салыстырулардан алынған түйінді тұжырым 

Кірістерді неғұрлым әділ бөлуге және инклюзивті дамуға қол жеткізу үшін Қазақстан бюджет шығыстарын ЖІӨ-ге ЭЫДҰ елдерінің немесе ең болмағанда ЕАЭО-ның орта деңгейіне дейін ұлғайтуға ұмтылуы қажет.
  
Бұл бюджеттің салық кірістерінің тиісті өсуін талап етеді. Бұл ретте мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі бойынша екінші бабы - "Ұлттық қордан берілетін трансферттер" - қысқартылуы тиіс.

Оған қалай қол жеткіземіз? Бизнеске және экономикалық өсуге шамадан тыс теріс қысымға жол бермей, Қазақстан экономикасына салық жүктемесін арттыру шектерін қандай әдістермен сандық бағалауға болады?
 
Қазақстан экономикасындағы салық жүктемесін арттырудың нақты дәлізін қалай анықтауға және бюджеттің фискалдық функциясын арттыруға болатындығы туралы келесі шолуда айтып береміз.

Алпысбаева Сара Нұрбекқызы
 э.ғ.д., профессор, Қоғамның бас ғылыми қызметкері



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!