03.10.2023
1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 12,2%-ке өсіп, 9,6 трлн теңгені құрады.
2. Экономикаға инвестиция көлемінің өсуі негізінен энергетика секторына (+64,6%), көлік және қоймалауға (+49%) және ауыл шаруашылығына (+20,7%) капитал салымының ұлғаюымен байланысты.
3. Алайда, өңдеу өнеркәсібіне инвестициялардың төмендеуі жалғасуда (оның ішінде электр жабдықтарын өндіруге (-75,2%), темекі бұйымдарын өндіруге (-60,4%) және қағаз бен қағаз өнімдерін өндіруге (-56,1%) инвестициялардың төмендеуі есебінен). Бұл ретте өңірлік бөліністе өңдеу өнеркәсібіне қарқынның төмендеуі Ақмола облысында (-72%), Маңғыстау облысында (-49%), БҚО-да (-47%) және Шымкент қаласында (-46%) байқалды.
4. Негізгі капиталға инвестициялар елдің 20 өңірінің 19-ында өсті. Өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ке аз инвестицияланған Атырау облысы ерекше көзге түскен өңір болып табылады.
5. Соңғы айларда инвестицияның өсуі бойынша Абай облысы көшбасшы болды, алайда 8 айдың қорытындысы бойынша жаңа лидер – Маңғыстау облысы болды, онда өсу қарқыны 53,5%-ті құрады. Бұл ретте Абай облысына салынған инвестициялар 45%-ке, Түркістан облысына – 33,7%-ке, Павлодар облысына – 31,3%-ке, Ақмола облысына – 27,6%-ке және Қызылорда облысына – 27%-ке өсті.
6. Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі кезең ішінде 7,3 трлн теңгені немесе жалпы көлемнен 75,9% құрады.
7. Сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен экономиканы қаржыландырудың 21,9%-ке өсуі байқалады.
Айтолкын Сагынбаева
аға сарапшы
Барлық мақалалар