«Бөл де биле»: қоқыс Қазақстанда жаңа мұнайға айналуы мүмкін бе?

04.10.2023

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, қоқысты қайта өңдеу тек энергия көзі ғана болып қоймай, сонымен қатар қосымша ресурстар өндіре алады. Осылайша, «Apple» компаниясы 2015 жылы «trade in» (ескі құрылғыларды жаңаларына айырбастау) есебінен бір тоннаға жуық алтын және тағы үш тоннаға жуық күміс өндірді.
 
Қазақстанда жылына 3 млрд. кг астам қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) жиналады, яғни еліміздің әрбір тұрғыны жылына орта есеппен 157 кг қоқыс шығарады.
 
ҚТҚ қалыптастыру көлемі бойынша көшбасшы Ұлытау облысы болып табылады, онда оның әрбір тұрғыны жылына орта есеппен 374 кг қоқыс шығарады. Бұл ретте, өңірдегі ҚТҚ өңдеу деңгейі небәрі 0,1% құрайды, бұл облыс экологиясына теріс әсер етуі мүмкін.

Жетісу облысының тұрғындары ҚТҚ ең аз қалыптастырады, ол бір адамға небәрі 36 кг құрайды, сонымен бірге облыс қоқыстарының 18%-і қайта өңдеуден өтеді. Жетісу облысы (тұрғындардың пікірінше) «елдің ең таза аймағы» деп аталуы кездейсоқ емес.

Жалпы, Қазақстан бойынша тұрмыстық қалдықтардың тек 25%-і және өнеркәсіптік қалдықтардың 40%-і ғана қайта өңделеді немесе кәдеге жаратылады.
 
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ҚТҚ қайта өңдеу деңгейін 2025 жылға қарай 34%-ке дейін жеткізу болжанып отыр. Алайда, өңірлік бөліністе ҚТҚ сұрыптау және қайта өңдеу орталықтарының дамуында елеулі саралау байқалады.
 
Елдің ірі қалалары мен өнеркәсіптік аймақтарында ҚТҚ өңдеу үлесі едәуір жоғары. Осылайша, республикалық маңызы бар 3 қалаға  (Астана, Алматы және Шымкент қалалары) және 4 өнеркәсіптік өңірге (Қарағанды, Павлодар, Атырау және Маңғыстау облыстары) ҚТҚ өңдеудің 38%-тен астамы келеді, қалған өңірлерде оның деңгейі 15%-тен аспайды.

Сонымен қатар, кейбір сарапшылар өңірдегі қоқыс көлемі халықтың әл-ауқатын жанама түрде көрсете алатынын атап өтті. Осылайша, қоқыстың көп мөлшері халықтың жоғары кірістер есебінен ресурстарды көбірек тұтынатындығын көрсетуі мүмкін.


Қатты-тұрмыстық қалдықтарды азайту, сондай-ақ тапшы электр энергиясын өндіру мақсатында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қазіргі заманғы қоқыс жағу зауыттарының құрылысы өте тартымды болуы мүмкін. Қазақстанда қазірдің өзінде 6 қоқыс жағу зауытын салуға талпыныс жасалуда, алайда БАҚ-та мұндай қондырғылардың артықшылықтары туралы өте аз айтылады, сондықтан адамдарда мұндай зауыттардың экологиялық тазалығына қатысты сұрақтар туындауы мүмкін.

Бүгінгі күні әлемде 2 мыңға жуық қоқыс жағу зауыты бар, олардың көпшілігі ЕО, АҚШ және Жапония елдерінде шоғырланған. Қоқыс жағу зауыттарында қолданылатын заманауи технологиялар барлық қауіпті шығарындыларды ұстауға мүмкіндік береді (шығарындылар белгіленген нормалардың 10%-інен аспайды), қоқысты жағу арқылы электр және жылу энергиясы өндіріледі, бұл жергілікті халықты жылу мен электр энергиясына жеңілдікті тарифтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал қалған «шлактар» жол құрылысында қолданылады.

Мысалы, Жапонияда аралды кеңейту және әуежайлар сияқты ірі нысандарды, тіпті Осака қаласындағы EXPO-2025 нысандарын салу үшін қождан (шлак) брикеттер шығарылады. 

Швеция өз зауыттарының жұмысын қамтамасыз ету үшін көрші елдерден қоқыс импорттауға мәжбүр. 

Австрияда жергілікті тұрғындар қоқыс жағу зауыттарының жанынан тұрғын үй сатып алуға тырысады, өйткені үй жеңілдетілген негізде жылу мен электрмен қамтамасыз етіледі. 

Германияда Ганновер қоқыс электр станциясы (EEW Energy from Waste) 280 мың тонна қалдықтарды жағып, 53 мың үй шаруашылығын электрмен қамтамасыз ету үшін 170 000 МВт*сағ электр энергиясын өндіреді. 

Ерлан Каримов
 сарапшы





Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 04.10.2023





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!