Қазақстанда ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау: Жамбыл облысы

06.10.2023

Сіздерге еліміздің өңірлеріндегі ауыл әкімдерін сайлау қорытындыларын көрсетуді жалғастырамыз. Келесі кезекте Жамбыл облысы.
 
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінен бастап өңірде 7 ауданда (Қордай, Сарысу, Шу, Мойынқұм, Жуалы, Тұрар Рысқұлов, Байзақ) ауылдық деңгейдегі әкімдердің тікелей сайлауы өтті.

Жамбыл облысы бойынша барлығы 34 адам кандидатурасы ұсынылды, оның ішінде 7 кандидатты «Amanat» партиясы ұсынды, 1 кандидатты «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы ұсынды, қалған 26 кандидат - өзін-өзі ұсынушы. Кандидаттардың орташа жасы – 38 жас. Бұл ретте ең жас кандидат – 28 жаста, ең ересек кандидат – 56 жаста. Гендерлік аспектілер бойынша барлық 34 кандидат ер адамдар болды.


Қордай ауданында сайлау екі ауылдық округте (Сарыбұлақ, Масаншы) өтті. Барлығы 6 кандидат тіркелді. Оның ішінде 2 кандидатты «Amanat» партиясы ұсынды, қалған 4 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды. Кандидаттардың орташа жасы 34 жасты құрады. Ең ересек кандидат 41 жаста, ең жас кандидат – 29 жаста.
 
Сарыбұлақ ауылдық округінде сайлауға 3 кандидат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімі болып Сарыбұлақ ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылында тұратын «Қазсушар» РМК ЖФ «Қордай» ӨБ желілік қызметінің 32 жастағы бастығы сайланды. Оны «Amanat» партиясы ұсынды. 

Иваново ауылдық округінде сайлаушылардың көпшілігі 34 жастағы биология және химия мұғаліміне дауыс берді. 

Масаншы ауылдық округінде Сортөбе ауылдық округінің Сортөбе ауылында тұратын Масаншы ауылдық округі әкімінің 36 жастағы орынбасары сайлауда жеңіске жетті. Оны «Amanat» партиясы ұсынды.
 
Сарысу ауданында Жаңатас қаласында әкімдердің тікелей сайлауы өтті. Ауылдық округ бойынша барлығы 6 үміткер тіркелді. Оның ішінде 1 кандидатты «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы ұсынды, қалған 5 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды. Кандидаттардың орташа жасы 47 жасты құрады. Ең жас кандидат 35 жаста, ал ең ересек кандидат 56 жаста болды. Сайлау қорытындылары туралы ақпарат берілмеген. 

Шу ауданында сайлау екі ауылдық округте (Бірлікүстем, Көкқайнар) өтті. Аудан бойынша барлығы 7 кандидат тіркелді. Оның ішінде бір кандидатты «Amanat» партиясы ұсынды, қалған 6-ы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды. Кандидаттардың орташа жасы 44 жасты құрады. Ең ересек кандидат 56 жаста, ең жас кандидат 33 жаста болды.

Бірлікүстем ауылдық округінде сайлауға 3 кандидат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімі болып Бірлікүстем ауылында тұратын 56 жастағы инженер-энергетик сайланды, ол өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды. Көкқайнар ауылдық округінде сайлауда осы ауылдық округінің 54 жастағы әкімі, сол жердің тұрғыны жеңіске жетті. Оны «Amanat» партиясы ұсынды.

Мойынқұм ауданында Ақбақай ауылында әкімдердің тікелей сайлауы өтті. Ауылдық округ бойынша барлығы 3 кандидат тіркелді, оның ішінде «Amanat» партиясы ұсынған 1 кандидат, 2 өзін-өзі ұсынушы. Кандидаттардың орташа жасы 39 жасты құрады. Ең жас кандидат 33 жаста, ал ең ересек кандидат 51 жаста болды. Дауыс беру нәтижесінде сайлауды Мойынқұм ауылында тұратын ауда әкімдігінің ішкі саясат бөліміндегі Жастар ресурстық орталығының 33 жастағы директоры жеңіп алды. Оны «Amanat» партиясы ұсынды.

Жуалы ауданында сайлау екі ауылдық округте (Ақсай және Қошқараты) өтті. Сайлауға қатысу үшін 6 адам ұсынылды. Оның ішінде 2 кандидатты «Amanat» партиясы ұсынды, қалған 4 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды. Кандидаттардың орташа жасы 32 жасты құрады. Ең ересек кандидат – 37 жаста, ең жас кандидат – 28 жаста.

Ақсай ауылдық округінде сайлауға 3 кандидат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімі болып «Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ 37 жастағы бас маманы сайланды, оны «Amanat» партиясы ұсынды. 

Қошқарата ауылдық округінде Б.Момышұлы ауылында тұратын, Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» 31 жастағы директоры сайлауда жеңіске жетті. Оны «Amanat» партиясы ұсынды.

Т. Рысқұлов ауданында Көгершін ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Барлығы 3 кандидат тіркелді. Барлық 3 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды. Кандидаттардың орташа жасы 37 жасты құрады. Ең ересек кандидат 41 жаста, ең жас кандидат – 33 жаста болды. Нәтижесінде  Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 33 жастағы басшысы, Құлан ауылының тұрғыны Көгершін ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Байзақ ауданында сайлаушылар Үлгілі ауылдық округінің әкімін сайлады. Барлығы 3 кандидат тіркелді. Оның ішінде 1 кандидатты «Amanat» партиясы ұсынды, қалған 2 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды. Кандидаттардың орташа жасы 34 жасты құрады. Ең ересек кандидат – 46 жаста, ең жас кандидат – 28 жаста. Дауыс беру қорытындысы бойынша Үлгілі ауылдық округінің әкімі болып сол ауылда тұратын Әл-Фараби атындағы Байзақ аудандық мәдениет үйінің 28 жастағы директоры сайланды. Оны «Amanat» партиясы ұсынды.

Диана Садуахасова
 аға сарапшы 



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!