Ғылыми құқықтық сараптама

09.10.2023

Ел үшін нормашығармашылық процесін жетілдіру – бұл экономиканы дамытуға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға ықпал ететін маңызды міндет.
 
Заңнамалық шешімдердің тиімділігі, құқықтық сауаттылығы, заманауилығы және дәлдігі көптеген жағдайларда экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың анықтаушы факторларына айналады. Сондықтан заң шығару процесінің мәселелері әрдайым өзекті және Президенттің, депутаттардың, Үкіметтің және азаматтардың тұрақты бақылауында болады.

 
Заң жобалары мен халықаралық шарттар жобаларына ғылыми құқықтық сараптама нормашығармашылық процесінде маңызды рөл атқарады.

Ғылыми құқықтық сараптама бұл – ғылыми құқықтық сараптама объектілерінің сапасын, негізділігін, жобаның ғылыми пысықталуын бағалау, оны қабылдаудың ықтимал теріс әлеуметтік және құқықтық салдарын анықтау, ұсынылған нормалардың құқық жүйесі мен заңнама жүйесіне сәйкестігі бөлігінде тәуелсіз кәсіби сараптамалық талдау.

Ғылыми құқықтық сараптама объектілері заң жобасы, халықаралық шарт және халықаралық шартың жобасы болып табылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ғылыми құқықтық сараптама заң жобаларына, халықаралық шарттарға және ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына жүргізіледі.

Қазақстандағы ғылыми сараптама институтының даму тарихы 2002 жылдан бастау алады. 2021 жылғы наурыздан бастап Қазақстанда посткеңестік елдерінде баламасы жоқ ғылыми құқықтық сараптама жүргізу моделі қолданылады.
 
Қазір осы модельге сәйкес ратификациялауға жататын заңдар, халықаралық шарттар және халықаралық шарттар жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасын Ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімінде тұрған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Бұл ретте ғылыми құқықтық сарапшы тек қазақстандық ғалым немесе маман ғана емес, сонымен қатар шетелдік сарапшы бола алады. Сондықтан сараптаманың объективтілігі мен тәуелсіздігі артады, бұл, өз кезегінде, әзірленіп жатқан жобалардың сапасын арттырады.

Сарапшыларға қойылатын талаптарға заңгерлік білім және заң мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кіреді. Кандидатты сарапшыларға қосу немесе қосудан бас тарту/шығару туралы туралы шешімді комиссияның қорытындысы негізінде уәкілетті ұйым қабылдайды.

Ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру ҚР Әділет министрлігіне жүктеледі. Ғылыми құқықтық сараптама жүргізу ҚР ӘМ «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтына» жүктелген, ол уәкілетті ұйым ретінде сарапшылардың ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруы үшін үйлестіру және жағдай жасау жөніндегі қызмет арқылы ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.

Ғылыми құқықтық сараптаманың негізгі рөлі:
  • заңдылықты қамтамасыз ету: заңнамада ұсынылған өзгерістердің заңдылығы мен конституциялық пысықталуын қамтамасыз ету;
  • құқықтық салдарды бағалау: сарапшылар ұсынылған заң жобаларын қабылдау нәтижесінде қандай құқықтық салдарлар туындауы мүмкін екенін талдайды және ықтимал жағымсыз салдарлардан сақтандырады;
  • заңдардың сапасын жақсарту: заң жобаларының мәтініндегі кемшіліктер мен қайшылықтарды анықтайды және жояды, заңдарды барынша айқын және тиімді етеді;
  • халықаралық міндеттемелерді сақтау: халықаралық шарттарды бағалау кезінде сарапшылар шарттың жобасы Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келетіндігін және елдің ұлттық заңнамасына қайшы келмейтіндігін тексереді;
  • ашықтық пен қоғамдық қатысуды арттыру: заң шығару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және ұсынылған өзгерістер туралы жұртшылықтың өз пікірін білдіру мүмкіндігі.

Ғылыми құқықтық сараптама жүргізу жауапты, күрделі және уақытты қажетсінетін процесс болып табылады. Ғылыми құқықтық сарапшы тек тиісті білімге ие болып қана қоймай, белгілі бір рәсімдерді, ережелер мен шарттарды сақтауы керек, өйткені ол азаматтық-құқықтық және беделді жауапкершілік жүктейді.


Ғалия Маканова
 жетекші сарапшысы



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 30.10.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!