Қазақстан қартаюдың жаңа шегінде

11.10.2023

Демографиялық қартаюды өлшеудің кең таралған әдістерінің бірі ретінде француз зерттеушісі Ж.Божё-Гарнье салған және поляк демографы Эдвард Россет дамытқан мектеп болып табылады.

Осы шкала бойынша демографиялық кәрілік 60 жастан асқан адамдардың популяциядағы үлесі 12%-ке тең шекті еңсерген кезден басталады.
2023 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 60 жастан асқан адамдардың үлесі 13,2% құрайды. Шкалаға сәйкес Қазақстан демографиялық кәріліктің бастапқы деңгейінде.


Елдің өңірлері халықтың қартаюының әртүрлі кезеңдерінде.
Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Астана, Шымкент қалаларында 60 жастан асқан адамдардың үлесі 8-10% құрайды. Бұл аймақтар кәріліктің алғашқы қарсаңында.

Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Атырау облыстары да кәрілік қарсаңында. Өңірлердегі 60 және одан жоғары жастағы халықтың үлесі-10-12%.

Егде жастағы халықтың үлесі 12%-тен асқан кезде демографиялық қартаю кезеңі басталады.
Демографиялық кәріліктің бастапқы деңгейінде Ұлытау облысы, Алматы қаласы және Ақтөбе облысы тұр. Бұл аймақтарда егде халықтың үлесі 12-14% құрайды.

Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарында демографиялық кәрілік деңгейінің орташа үлес салмағы 16%-тен аспайды.
Үлесі 16-18% аралығында өзгерсе, аймақтар жоғары қарттық сатысында болады. Бұл Қарағанды, Ақмола облыстары және Абай облысы.

Қарттылықтың өте жоғары деңгейінде егде жастағы халықтың үлесі 18%-тен асады. Бұл кезең Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында өтуде.

Демографиялық зерттеулерге сәйкес, 14%-ке тең қартаюдың жаңа шекарасы қазірдің өзінде өтіп кеткен немесе жақын арада барлық дамыған елдерде болды, сондықтан 21% қартаюдың жаңа кезеңі ретінде қарастырылады.
 
Талдау көрсеткендей, Қазақстанда және өңірлерде егде халықтың үлесі артып келеді және бұл үрдіс "нәресте бумы" ұрпағының қартаюымен, туудың ықтимал төмендеуімен ұлғаяды. Халықтың қартаюы экономикалық белсенділік деңгейін төмендетеді және жұмысшыларға зейнетақы жүктемесін арттырады. Алайда, мемлекеттің сауатты саясатымен «қария» халық экономикалық өсудің қосымша ынталандырушысы бола алады.




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 30.10.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!