15.10.2023
2023 жылдың 6 тамызынан бастап облыстың төрт ауданында (Жамбыл, Жуалы, Қордай және Мойынқұм) ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.
Жамбыл ауданында сайлау Қаратөбе ауылдық округінде өтті. Ауылдық округ әкімі лауазымына 4 кандидат үміткер болды. Барлық кандидаттар өзін-өзі ұсыну арқылы қоссылды. Кандидаттардың орташа жасы – 37 жас. Бұл ретте ең ересек кандидат 52 жаста, ең жас кандидат – 30 жаста.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлауында тіркелген кандидаттың өз кандидатурасын алып тастау туралы жазбаша өтініші негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бір кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жойғанын қосу қажет.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Қаратөбе ауылдық округінің әкімі болып Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі әкімінің 36 жастағы орынбасары сайланды, ол Аса ауылында тұрады. Жаңа әкім өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Жуалы ауданында сайлау екі ауылдық округте (Билікөл және Нұрлыкент) өтті. Барлығы 6 кандидат тіркелді. Оның ішінде 3 кандидатты «Amanat» партиясы ұсынды, қалған 3 кандидат өзін-өзі ұсынды. Кандидаттардың орташа жасы 35 жасты құрады. Ең ересек кандидат 52 жаста, ең жас кандидат – 29 жаста болды.
Билікөл ауылдық округінде сайлауға үш кандидат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қайрат ауылында тұратын «Жуалы ауданы әкімі аппаратының» персоналды басқару бөлімінің 33 жастағы басшысы Билікөл ауылдық округінің әкімі болды. Оның кандидатурасын «Amanat» партиясы ұсынды. Нұрлыкент ауылдық округінде «Жуалы ауданы әкімі аппараты» кеңсесінің 29 жастағы бөлім басшысы, Түктібай ауылының тұрғыны сайлауда жеңіске жетті. Оны «Amanat» партиясы ұсынды.
Қордай ауданында өз әкімін Ауқатты ауылдық округінің тұрғындары таңдады. Ауылдық округ бойынша барлығы 3 кандидат тіркелді. Оның ішінде 1 кандидатты «Amanat» партиясы ұсынды, қалған 2 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды. Кандидаттардың орташа жасы 31 жасты құрады. Ең ересек кандидат 35 жаста, ең жас кандидат 29 жаста.
Сайлау қорытындысы бойынша Қордай ауылында тұратын «Қордай ауданы әкімі аппаратының» ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің 29 жастағы басшысы Ауқатты ауылдық округінің әкімі болды. Ол «Amanat» партиясының мүшесі.
Мойынқұм ауданында сайлау екі ауылдық округте (Мойынқұм және Хантау) өтті. Сайлауға қатысу үшін 6 кандидат өз кандидатураларын ұсынды.
Мойынқұм ауылдық округі бойынша сайлауға 3 кандидат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының» мемлекеттік-құқық бөлімінің 29 жастағы басшысы әкім болып сайланды. Сайланған әкім Мойынқұм ауылының тұрғыны болып табылады және оны «Amanat» партиясы ұсынды. Хантау ауылдық округінде сайлауда қазіргі әкім, Хантау ауылының 50 жастағы тұрғыны жеңіске жетті. Оның кандидатурасын «Amanat» партиясы ұсынды.
Диана Садуахасова
аға сарапшы
Барлық мақалалар