ҚР өңірлерін денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету

19.10.2023

Қазақстанда 2022 жылы халықтың сырқаттану деңгейі 100,0 мың тұрғынға шаққанда 49 143,1 жағдайды құрады. Статистикалық деректерге сәйкес өңірлер бөлінісінде сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгейі Астана қаласында, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында қалыптасты (орта есеппен 100,0 мың тұрғынға шаққанда 60 000 жағдай).

Сырқаттанушылықтың ең төмен деңгейі Атырау және Түркістан облыстарында қалыптасты, онда сырқаттанушылық 100,0 мың тұрғынға шаққанда 40 000 жағдайдан төмен деңгейде болды.


Халықтың денсаулық жағдайының маңызды факторларының бірі денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету болып табылады. Өңірлердегі денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін бағалау үшін дәрігерлер мен ұйымдармен қамтамасыз ету көрсеткіштерін қарастырамыз. 

Кестенің деректері бойынша Қазақстанның 10 өңірінде (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстары, Шымкент қаласы, Жетісу, Ұлытау облыстары) халықтың сырқаттану деңгейі орташа республикалық деңгейден төмен екенін атап өтуге болады. Бұл ретте барлық дерлік өңірлерде жағдайдың нашарлау қаупі бар(ауру деңгейінің өсуі):
  • Шымкент қаласында денсаулық сақтау объектілерімен (дербес және біріккен аурухана ұйымдары мен диспансерлерге кіретін амбулаториялық-емханалық ұйымдармен) ең төмен қамтамасыз етілуіне байланысты;
  • Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қызылорда облыстарында және Жетісу облысында дәрігерлермен қамтамасыз етудің төмен болуына байланысты;
  • Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Ұлытау облысында дәрігерлермен қамтамасыз етудің төмен болуына және денсаулық сақтау ұйымдарымен қамтамасыз етудің төмен болуына байланысты.

Қазақстанның қалған 10 өңірінде (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары, Астана, Алматы қалалары және Абай облысы) сырқаттанушылық деңгейі орташа республикалық мәннен жоғары. Бұл ретте 6 өңірде жағдайдың нашарлау қаупі бар:
  • Астана қаласында халықтың дәрігерлермен қамтамасыз етілуінің төмендігіне байланысты;
  • Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтау ұйымдарының төмен қамтамасыз етілуіне байланысты;
  • Алматы облысында дәрігерлермен қамтамасыз етудің төмен болуына және денсаулық сақтау ұйымдарымен қамтамасыз етудің төмен болуына байланысты.

Медициналық мекемелермен қамтамасыз етілу көрсеткіштерін және халықтың сырқаттанушылығын талдау Қазақстанның барлық өңірлерінде денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз етілу проблемаларына байланысты денсаулық жағдайының нашарлау қаупі бар екенін көрсетті. 

Осы проблемаларды шешуде еліміздің елді мекендерінде денсаулық сақтау объектілерімен қамтамасыз ету деңгейі және кадрлардың тапшылығы туралы сенімді ақпаратты қалыптастыру бөлігінде өңірлік стандарттар жүйесіне маңызды рөл беріледі. Осы деректердің негізінде уәкілетті мемлекеттік органдар медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша басқарушылық шешімдер қабылдай алады.

Денсаулық сақтау саласындағы негізгі құжат «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі болып табылатынын атап өткен жөн. Осы Кодекс шеңберінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарлары және Денсаулық сақтауды инфрақұрылымдық дамыту тұжырымдамасы әзірленуде. 

Дина Бектілеева
жетекші сарапшы


Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 30.10.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!