Қазақстандағы еңбек нарығындағы ағымдағы жағдай

09.11.2023

Электрондық еңбек биржасының деректері бойынша бүгін Қазақстанда 1 бос орынға 8 түйіндемеден (резюме) келеді. 2023 жылдың 20 қарашасындағы жағдай бойынша түйіндемелер саны 234 204 құрады, бұл бос жұмыс орындарының санынан 8 есе көп. 

Бос жұмыс орындары мен түйіндемелердің қалыптасқан арақатынасы отандық еңбек нарығының жұмыс күші туралы мәлімдейді.


Өңірлер бөлінісінде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстары, Жетісу облысы және Шымкент қаласы бойынша еңбек күшінің артықшылығы байқалады. Бұл өңірлерде 1 бос орынға 8-ден 22-ге дейін түйіндемеден келеді.
 
Еңбекке ең үлкен сұраныс (барлық бос жұмыс орындарының 1/3 бөлігінен астамы) Астана, Алматы қалаларында және Қарағанды облысында тіркелді.
Бұл ретте еңбек ұсыныстарының ең көп саны (түйіндеменің 1/3 бөлігінен астамы) еліміздің оңтүстік өңірлерінде (Алматы қаласы, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары) орналастырылған.

Еңбек нарығындағы жұмыс күші артықшылығының себебі неде?
 
Еңбек нарығындағы жұмыс күші артықшылығы себептерінің бірі қызмет салалары бойынша сұраныс пен ұсыныстың құрылымдық сәйкессіздігі болуы мүмкін. Қазақстандағы кәсіби қызмет түрлері бойынша бос орындар саны мен түйіндеменің арақатынасын қарастырайық.


HR және хатшылық, көлік және логистика, құрылыс және сәулет, тұру және тамақтану, қаржы және бухгалтерлік есеп, сауда және қоймаға сақтау, мемлекеттік қызмет, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және БАҚ, біліктілігі жоқ кәсіптер, IT және телекоммуникация, жеке қызметтер мен сервис, туризм, қауіпсіздік  және ТЖ, ауыл шаруашылығы, басшылар, мұнай, газ, ресурстарды өндіру, юриспруденция сияқты кәсіби қызмет түрлері бойынша ең үлкен сәйкессіздіктер қалыптасты. Осы қызмет түрлері бойынша 1 бос орынға 8-ден 22-ге дейін түйіндемеден келеді.

Жалпы, қалыптасқан жағдай кәсіби қызмет түрлері бойынша еңбек ұсынысының көлемі мен құрылымы (түйіндеме) сұранысты (бос жұмыс орындарын) қанағаттандыратынын көрсетеді.
 
Осылайша, Қазақстандағы еңбек нарығының, яғни жұмыссыздықтың негізгі себебі жұмыс орындарының тапшылығын сақтау болып табылады. Бұл бағытта мемлекет өз алдына үнемі жаңа жұмыс орындарын құру міндеттерін қояды. 

Дина Бектілеева
 жетекші сарапшы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!