2023 жылы өңірлер әкімдерін лауазымына тағайындау

20.11.2023

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанда төрт өңірдің әкімдері тағайындалды.

Мысалы, 2023 жылғы 5 қыркүйекте үш өңірде Ақмола, Жамбыл облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдері лауазымдарына кандидаттарды қарау бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналыстары өтті.
 
Ақмола облысында ашық дауыс беру нәтижелері бойынша 177 депутат (70,8%) Қазақстан Республикасының бұрынғы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың кандидатурасын қолдады. 73 депутат (29,2%) Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі Мұрат Балпанға дауыс берді. Жиналысқа барлығы 250 депутат қатысты. Дауыс беру қорытындысын ескере отырып, Ақмола облысының әкімі болып Ахметжанов Марат Мұратұлы тағайындалды.

Жамбыл облысында әкім лауазымына ҚР Президенті Жамбыл облысы Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кандидатураларын ұсынды. Ашық дауыс беру барысында 47 депутат (24,9%) Нұрбол Жүнісбековтің кандидатурасын қолдады, 142 депутат (75,1%) Ербол Қарашөкеевтің кандидатурасына дауыс берді. Дауыс беруге барлығы 189 депутат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Жамбыл облысының әкімі болып Ербол Қарашөкеев тағайындалды.

Шымкент қаласында мәслихат депутаттарының жиналысында Президент ұсынған қала әкімі лауазымына кандидатуралар да қаралды. Олардың бірі – Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев. Екіншісі – Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары. Ашық дауыс беру нәтижесінде 10 депутат (34,5%) Рашид Мыңбаевқа дауыс берді, ал 19 депутат (65,5%) Ғабит Сыздықбековтың кандидатурасын қолдады. Жиналысқа барлығы 29 депутат қатысты. 
                                     
2023 жылғы 23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Президент ұсынған екі кандидатураның ішінен облыс әкімін сайлады. Әкім лауазымына Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сатжан Аблалиев үміткер болды. Ашық дауыс беру барысында 118 депутат (67,8%) Гауез Нұрмұхамбетовтің кандидатурасын қолдады, 56 депутат (32,2%) Сатжан Аблалиевке дауыс берді. Дауыс беруге барлығы 174 депутат қатысты. Дауыс беру нәтижелері бойынша Президент Жарлығымен Гауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.


Диана Садуахасова
 аға сарапшы

 


Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!