Техникалық және кәсіби білім лайықты өмір сапасына кепілдік бере ме?

30.11.2023

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, дайындық экономиканың нақты қажеттіліктеріне бағдарланған техникалық және кәсіптік білім беру адами капиталды дамытудың драйверлері болуға тиіс. Сонымен қатар, министр жартылай білікті мамандарға экономикалық сұранысқа қарамастан, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітірген түлектердің 62 пайызы жұмыс тауып жатқанын атап өтті.

Бұл жағдайдың себептерінің бірі техникалық және кәсіптік білім лайықты өмір сапасына кепілдік бермейтіні болып табылады, өйткені бұл табысы төмен топтарға түсу қаупіне алып келуі мүмкін.


Кестеден статистикалық мәліметтерге сәйкес, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімі бар халық барлық кіріс топтарында үстемдік ететінін көруге болады. Децильді топтарда олардың үлесі 37,6% – тен (I – ең төмен табыс) 42,5% - ке дейін (X-ең жоғары табыс) өзгереді.
 
Жоғары білімнің болуы жоғары табысты топқа түсу мүмкіндігін арттырады. Қалыптасқан жағдай 1-суретте айқын көрінеді.


Суреттен жоғары білімнің болуы мен кіріс топтары арасында тікелей байланыс бар екенін көруге болады: децильді топ неғұрлым жоғары болса, онда жоғары білімі бар адамдардың үлесі соғұрлым көп болады.
 
Экономика тарапынан техникалық мамандардың қызметтеріне сұраныстың артуын ескере отырып, олардың еңбегінің төмен құны мәселесін шешу талап етіледі.

Анықталған проблеманы шешу сапалы жұмыспен қамтуға көшу жөніндегі міндеттерді іске асыру болып табылады, ол: өңірдегі орташа жалақыдан төмен емес еңбекақы төлеу деңгейімен; жұмыспен қамтудың тұрақтылығымен (кемінде 6 ай); әлеуметтік жеңілдіктердің болуымен; жұмыс ортасының қауіпсіздігімен айқындалатын болады. 

Бектілеева Дина 
орталығының жетекші сарапшысы
 


Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 21.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!