«Алу немесе жинау: Қазақстанның кредитк және депозит нарықтарының өңірлік ерекшеліктері»

13.12.2023

Өздеріңіз білетіндей, өңірлердің әл-ауқат деңгейін бағалау құралдарының бірі кредит алу деңгейін және халықтың жинақтарын талдау болуы мүмкін.

Осылайша, ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 2023 жылдың басында жеке тұлғаларға шамамен 14,1 трлн теңге кредит берілді, бұл ретте депозиттерде шамамен 13,3 трлн теңге болды, яғни экономикада 856,1 млрд теңгеге көп кредит берілді, оны жалпы халықтың шамадан тыс кредит алуның жоғары деңгейі ретінде сипаттауға болады.
 
Алайда, елдің өңірлері бойынша статистика біршама өзгеше. Мысалы, жеке тұлғалардың депозиттерінде сақталған 13,3 трлн теңгенің 47%-і (немесе 6,2 трлн теңге) тек Алматы мегаполисіне тиесілі. Салыстыру үшін: алматылықтардың салым сомасы Түркістан облысы бойынша ұқсас көрсеткіштен 75 есе асады. Жалпы, Түркістан облысы банктердегі халықтың салымдары бойынша ең төмен көрсеткішке ие өңір болып табылады, дегенмен экономикадағы жұмыспен қамтылған халық саны бойынша өңір Алматыдан барынша артқа қалады - 1,26 есе төмен.  

Немесе басқа салыстыру: СҚО-да банктердегі салымдарда Түркістан облысына қарағанда экономикада 1 жұмыспен қамтылғанға қайта есептегенде 9 есе көп қаражат сақталады, бұл ретте СҚО экономикасында жұмыспен қамтылғандар саны бойынша Түркістан облысынан 3 есе төмен.


Салыстырмалы талдауда келесі ерекшеліктер мен заңдылықтар анықталды:
  • Біріншіден, депозиттер мен кредиттердің елдің өңірлері бойынша бөлінуі біркелкі емес және бұған объективті себептер ықпал етеді: экономикалық даму және өңір халқының саны. Экономикада жұмыспен қамтылған 1 адамға кредиттің ең көп үлесі еліміздің ірі қалаларына тиесілі: Алматы қаласы (3,9 млн теңге), Астана қаласы (3,6 млн теңге), Шымкент қаласы (2,3 млн теңге). 
  • Екіншіден, елдің оңтүстік өңірлерінде халық экономикада 1 жұмыспен қамтылғанға қайта есептегенде банктердегі салымдарға қарағанда көбірек кредиттерге ие. Мысалы, кредиттер көлемі Түркістан облысындағы салымдар көлемінен 4,2 есе; Қызылорда облысында 2,3 есе; Жамбыл, Алматы және Жетісуда 2 есе артық. 
  • Үшіншіден, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде, әдетте, өңір экономикасында 1 жұмыспен қамтылғанға қайта есептегенде кредиттерден гөрі салымдар басым. Абсолюттік көрсеткіштері бойынша СҚО мен Қостанай облыстарында депозиттер кредиттерден көп. Павлодар, БҚО, ШҚО және Абай облыстарында кредиттер мен депозиттердің арақатынасы шамамен тең. Бұған қоса, солтүстік өңірлерде 63 жастан асқан тұрғындардың үлесі оңтүстік өңірлерге қарағанда көбірек, бұл елдің оңтүстік аймақтарына қарағанда депозиттердің салыстырмалы түрде көп болуына әкелуі мүмкін.
  • Төртіншіден, жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің жоғары деңгейі тұрғындардың депозитте бос ақшасының көп болуына кепілдік бермейді.  Мысалы, жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша Атырау облысы 1-орынды (19,9 млн теңге ) алады және Алматы қаласының ұқсас көрсеткішінен 2,2 есе (8,9 млн теңге) асады. Бұл ретте Атырау облысы бойынша жеке тұлғалардың салымдарының абсолюттік мәні 17 есе аз, ал экономикада 1 жұмыспен қамтылған адамға қайта есептегенде Алматы қаласынан 5,7 есе аз. Бұл жағдай ел ішіндегі капиталдың ағымдағы ағындарын көрсетуі мүмкін. Немесе басқа салыстыру: Қостанай облысы жан басына шаққандағы ЖӨӨ деңгейі бойынша 10-орынды (5 млн. теңге) алады, бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттерінің сомасы бойынша Атырау облысынан 1,4 есе асады.
  • Бесіншіден, СҚО экономикасында жұмыспен қамтылған 1 адамға кредит көлемі Түркістан облысына, сондай-ақ Алматы облысы мен Жетісуға қарағанда көбірек.  Бұл үш оңтүстік облыстың жалпы кредит нарығы әлдеқайда көп болғанына қарамастан. Бұл ретте, СҚО-ның ресми кірістері еліміздегі ең төмен кірістердің бірі болып табылады. Мысалы, СҚО-да орташа атаулы жалақы – 227 мың теңге, Жетісуда – 229,7 мың теңге, Түркістан облысында – 237,1 мың теңге, Алматы облысында – 261,2 мың теңге . Экономикада жұмыспен қамтылған 1 адамға кредиттің салыстырмалы түрде аз көлемін әлеуетті қарыз алушы өз кірістерінің болуын растай алмаған кезде «көлеңкелі нарықтың» жұмыс істеуімен түсіндіруге болады. 
 
Азамат Саменов
 ӨЗО директорының орынбасары



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 30.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!