14.12.2023
Таңертең, кофе, кептеліс, таксиге тапсырыс беру, 2 минуттан кейін автокөліктің келуі – бұл сөздер көпшілікке таныс.
Қосымшалар болмаған, такси қызметіне қоңырау шалып, 10-15 минуттан такси күткен алыстағы нөлінші жылдарды еске түсірсек – бұл басқа өмірде болған сияқты. Бүгін біз қосымшаларға рахмет айтамыз – өйткені бұл стартаптар біздің өмірімізді бір сәтте біржола өзгертті.
Жас стартаперлердің белсенді дамуы бизнес-акселлерацияның қолдауымен басталды. 2014 жылы MOST жеке бизнес-инкубаторы Ұлттық технологиялық даму агенттігімен серіктестікте перспективалы стартаптарды іріктеу және оларды АҚШ-қа пысықтау үшін жіберу бойынша алғашқы акселерациялық бағдарламаны іске қосты. Ал 2018 жылдың 6 қарашасында Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің жұмысы іске қосылды, ол қазір баршаға танымал. Сондай-ақ, белгілі акселераторлар мен инкубаторлар бар: Astana Business Campus, Tech Garden, Kazakhstan Digital Accelerator және т.б.
Қазіргі уақытта қазақстандық стартаптар экожүйесінің локомотиві Astana Hub болып табылады. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді және қазіргі уақытта олардың саны 1000 адамды құрайды. Зерттеу жүргізу кезінде технопарктің резиденттері болып табылатын стартаптардың 45%-і Астанада орналасқан, шамамен 43%-і Алматыда дамиды, 5%-і Қарағанды, Шымкент және Шығыс Қазақстан өңірлері арасында бөлінген, ал 7%-і еліміздің түрлі өңірлері мен елді мекендерінде ұсынылған.
Қалай болғанда да, барлық стартаптар IT-әзірлемелермен және қарқынды дамып келе жатқан жасанды интеллектпен байланысты. Жобалар наноэлектроника, робототехника, спутниктік және радионавигация, биометрия жүйелері, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бұлтты есептеу, виртуалды шындық, медицина, жер қойнауын пайдалану, жеке өндірістер және, әрине,
білім беру мен қызмет көрсету салалары сияқты салаларда дамуда.
«Startup Genome» зерттеуіне сәйкес, бүкіл әлем бойынша 10 стартаптың 9-ы сәтсіздікке ұшырайды, тек біреуі ғана үлкен табыс әкеледі және барлық шығындарды өтейді. Иә, шынында да, стартаптар өте көп және тек ең-ең дегендері венчурлық инвесторлар мен бизнес-инкубаторлардың, конкурстар мен өтеусіз негіздегі гранттардың, сондай-ақ «Seed money» сияқты түрлі бағдарламалардың көмегі арқылы қолдау мен іске асыруды табады, онда «Revenue Share» моделі бойынша стартаптарды қаржыландыру 5 жыл ішінде кірістердің 1%-іне сәйкес келеді.
Astana Hub стартаптарының тартылған инвестициялары 2019 жылдан 2022 жылға дейін 17,8 млн. АҚШ долларынан 132 млн. АҚШ долларына дейін өсті. Тартылған қаражаттан басқа қатысушылар көптеген салықтық преференциялан алды: 2019 жылы олардың мөлшері 2,6 млн. АҚШ доллары, 2020 жылы 11 млн. АҚШ доллары, 2021 жылы 41,4 млн.
АҚШ доллары болды, ал 2022 жылы 90,5 млн. АҚШ долларына екі еседен астам өсті.
2029 жылға дейін қатысушылар көптеген салықтардан босатылды – 0% мөлшерлеме: КТС, тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатудан ҚҚС, тауарлар тізбесі бойынша импортқа және бейрезиденттердің қызметтерін сатып алуға және т.б. Қызметкерлердің жалақысы бойынша салық жүктемесі төмендеді: қазіргі уақытта жеңілдіктерсіз ол жиынтық 31%, ал жеңілдікпен 23% құрайды.
Салықтық жеңілдіктер көптеген стартаптарға пандемия кезінде де дағдарысты болдырмауға көмектесті. Әрине, пандемия әлемді дүр сілкіндірді және өзгертті, көптеген компаниялардың бюджеттерін қысқартты. Сонымен қатар ол ең жақсы цифрландырушы болды және оның кейбір артықшылықтары диджитализация мен әртараптандырудың маңыздылығы туралы түсініктер болды, өйткені бүкіл өмір бір күнде өзгеруі мүмкін. Денсаулық сақтау саласындағы қиындықтарға да назар аударылды. Бірақ кәсіпкер үшін қиындықтар – әрдайым мүмкіндіктер, ал қоғам үшін – бұл эволюция.
Ең танымал жағдайлардың бірі «CerebraAI» кейсі болды – бұл инсульт белгілерін он минут ішінде диагностикалауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект. Нәтижесінде пациентке жедел емдеу тағайындалады, өлім-жітім мен функцияның жоғалу қаупі азаяды. Бұл стартап «TechCrunch» нұсқасы бойынша үздік стартаптардың қатарына енді. 2021 жылдың маусым айында жоба СEO «Freedom Holding Corp» компаниясынан қаржыландыруды алды. 1 млн. АҚШ доллары сомасын алып, қазірдің өзінде Қазақстанның 46 ауруханасында пайдаланылуда.
Бүкіл Қазақстан бойынша танымал «Ticketon», «ChocoFamily», «Arbuz» бір кездері тек стартаптар болған, ал қазір олар ірі компанияларға айналды. Үлкен әлеуеті бар және қазірдің өзінде үлкен инвестициялар тартқан стартаптардың қатарында: «JET» кикшерингі (3 млн. АҚШ доллары тартылды), «CTOgram» (700 мың АҚШ доллары) жүргізушілерге сенімді жеткізушілер мен автомобиль тауарларынан автокөлік қызметтерін табуға көмектеседі, «Clockster» (450 мың АҚШ доллары) — бұл компаниядағы күнделікті процестерді автоматтандыруға арналған қосымша, мысалы, биометриялық параметрлерді танудың интеграцияланған жүйесі бар жұмысшылардың қатысуы.
Әзірге Қазақстанда жалғызмүйізді компаниялар жоқ, алайда стартаптардың экожүйесі қарқын алуда. Бұл қатысушылар кірістерінің өсуі мен тартылған инвестициялардың көлемін көрсетеді. Көптеген көрші елдер таңданыспен қарайтын Қазақстандағы цифрлық трансформацияның жоғары деңгейі болашақта жаңа биіктерге жетуге және табысты жалғызмүйізді компаниялардың пайда болуына әкеледі деп үміттенуге мүмкіндік береді.
Жастарға жол: өңірлік жоғары оқу орындарында стартап инфрақұрылымды дамыту мүмкіндіктері
2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелеріне баса назар аударатынын атап өтті. Қазақстанды IT-елге айналдыру — стратегиялық міндетін қойды.
Бізде цифрландыру саласындағы жетістіктер бар — біз электрондық үкімет пен қаржылық технологияны дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылар қатарындамыз. Отандық IT-саланың экспорт көлемі өткен жылы ғана 5 есеге өсті. Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 500 млн. АҚШ долларына жетуі мүмкін. Үкіметтің жаңа міндеті — 2026 жылға қарай IT қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға жеткізу.
Осы өршіл мақсатқа жету үшін жаңа IT хабтар мен инкубаторлар ашылуда. Алайда, бүгінгі күні өңірлік хабтар санындағы және сәйкесінше стартаптар мен IT-индустрияны дамытудағы диспропорция күрт байқалады, өйткені оның басым бөлігі Астана мен Алматыда оқшауланған.
Дамыған елдердің шалғай аумақтарды қолдау және дамыту жөніндегі тәжірибесін талдай отырып, бірнеше қызықты құралдарды атап өтуге болады. Біріншіден, әр түрлі өлшемдерді қадағалау және республика бойынша орташа көрсеткіштерден төмен өңірлер үшін ақша қаражатын бөлу. Мысалы, кедейлік деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, отбасылық табыс деңгейі, өңірден жұмыс күші немесе капиталдың кетуінің жоғары деңгейі. Сондай-ақ, тұрғын үй қорының, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің қанағаттанарлықсыз жай-күйі өңірге көбірек көңіл бөлудің сигналдары болуы мүмкін. Осы өлшемшарттарды ұлғайту мәселесін шешудің мысалы ретінде әлемде салықтық демалыстар мен жеңілдіктер алуға, құжаттаманы жүргізу рәсімін жеңілдетуге, оны қолдау және дамыту үшін қызметті жеңілдетілген қаржыландыру қорына қол жеткізуге болатын арнайы кәсіпкерлік аймақтар құрылады.
Екіншіден, кәсіпкерлік аймақтардан басқа, жоғары оқу орындары жанындағы технопарктер өңірлік экономикаларды дамытуға үлкен қолдау көрсетеді, сондай-ақ ел Президенті 15 өңірлік жоғары оқу орны мен 5 педагогикалық жоғары оқу орны базасында 20 академиялық артықшылық орталығын (ААО) құру туралы бастама көтерді. Осы бастама іске асырылған елдердің тәжірибесі мен статистикасына сүйенсек: 2000 жылдан бастап әлемнің 30-дан астам елінде жылына шамамен 60 миллиард АҚШ доллары инвестицияланған 40-қа жуық академиялық артықшылық бастамасы жүзеге асырылуда.
Академиялық артықшылық орталықтарында университет ғалымдары ғылыми әзірлемелермен жұмыс істейді, ал студенттер заманауи цифрлық жабдықта тәжірибе жинақтай алады. DAC жобасының міндеттері құзыретті мамандарды даярлау, өнеркәсіп қызметін цифрландыру, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және ғылыми әлеуетті дамыту болып табылады. Сондай-ақ, зертханалар базасында қала және облыс кәсіпорындарының қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру өтеді.
Өңірлерді дамытудан басқа, атап айтқанда ғылым және IT-әзірлемелер саласында моноқалаларға ерекше назар аудару қажет, өйткені Қазақстан қалаларының шамамен 30%-і осындай мәртебеге ие. Моноқала әрдайым өте осал болып табылады – тұрғындар табысының едәуір бөлігі бір немесе бірнеше ірі кәсіпорындардың қызметіне байланысты. Қала құраушы кәсіпорынның жұмыс істеуі төмендеген және оның табысы азайған жағдайда азаматтар мен қалаға қызмет көрсетудің барлық саласы зардап шегеді, бұл ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізеді.
Егер өңірлік университеттер мен жоғары оқу орындарында ғалымдарға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысуға мүмкіндік беретін академиялық артықшылықтар орталықтары, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар оқшауланса, студенттер зертханаларда «жауынгерлік» практикадан өтіп, өздерінің озық бастамаларын ұсынып, дамыта алса – бұл отандық IT-сала мен ғылымның дамуына қуатты серпін бере алады. Мұндай орталықтар инвесторлардың назарын аударады және сәйкесінше стартаптар саны артады.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023 оқу жылында 575,5 мың студент оқиды, оның 55%-і Алматы, Шымкент және Астанада. Айтарлықтай аз бөлігі өңірлерде оқытылады. 2-кестеде Қазақстанның моноқалаларында орналасқан, әр түрлі мамандануы бар, бірақ негізінен металлургияға, тау-кен ісіне, энергетикаға, ақпараттық жүйелер мен қауіпсіздікке бағытталған институттар мен университеттер ұсынылған. Жыл сайын 1000-нан 2500-ге дейін студент оқудан өтеді. Егер аталған оқу орындарының әрқайсысында DAC, IT-хабтар ұйымдастырылса, ең бастысы ақпаратты тарату және оны кез келген студентке қолжетімді ету, оқу орындарының миссиясына өңірлік өндірістерде тестілеуге болатын жаңа инновациялық өнімдерді «өсіру» интеграцияланса, онда стартаптардың экожүйесін дамыту және Қазақстанның IT-елге айналуы жақын болашақта нақты болады.
Денсаулық сақтау саласындағы стартаптарды дамыту, мысалы, өндірістердегі цифрландырудан кем емес маңызды болып табылады. Өңірлерде М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қарағанды медицина университеті, Семей медицина университеті және басқалар сияқты бірнеше медициналық оқу орындары бар.
Мысалы, Семей медицина университетінде жыл сайын 4000-ға дейін студент оқиды және осындай ірі оқу орнының жанында жасанды интеллект пен IT-әзірлемелерді медицинаға біріктіруге бағытталған ұйымдар болуы керек. Тіпті, бірнеше жоғары оқу орнының симбиозын немесе басқа ЖОО-ға студенттік мобильділікті болжауға болады.
Мысалы, медициналық ЖОО-да есептеу жүйелері саласындағы мамандықтармен немесе екеуінің түйіскен жерінде мамандықтар ашу. Мұндай мамандық тіпті жаңа стартап болып, миллиондаған адамдардың өмірін өзгертуі ықтимал.
Айгерим Аманжолова
ӨЗО аға сарапшысы
Барлық мақалалар