Қазақстанда ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау: Атырау облысы. 2-бөлім

17.12.2023

2023 жылғы 2 шілдеден бастап Атырау облысында 2 ауданда (Мақат, Исатай) және Атырау қалалық әкімшілігінде ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау өтті.


Атырау қалалық әкімшілігінде Атырау ауылдық округінде сайлау өтті. Барлығы 4 кандидат тіркелді. Барлық кандидаттар өзін-өзі ұсынды. Кандидаттардың орташа жасы 41 жасты құрады. Ең ересек кандидат 58 жаста, ең жас кандидат 28 жаста болды. Гендерлік белгісі бойынша кандидаттардың құрамы – ер адамдар, қызмет түрі бойынша – мемлекеттік қызметшілер.
 
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6 846 азамат енгізілді, оның 3 097-сі дауыс берді. Сайлаушылардың қатысуы 45,2% құрады.  
Дауыс беру қорытындысы бойынша Атырау ауылдық округінің әкімі болып Атырау ауылдық округінің 43 жастағы әкімі, Атырау қаласының тұрғыны сайланды.
Мақат ауданында сайлау Мақат кенті мен Байгетобин ауылдық округінде өтті.
  
Мақат кенті бойынша барлығы 3 кандидат тіркелді. Барлық кандидаттар өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды. Кандидаттардың орташа жасы 37 жасты құрады. 
Ең ересек кандидат 43 жаста, ең жас кандидат – 29 жаста. Айта кету керек, барлық кандидаттар ер адамдар болды. Олардың барлығы – мемлекеттік қызметшілер. Мақат сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 7 996 азамат енгізілді, оның 4 222-сі дауыс берді. Сайлауға қатысу 52,8% құрады. 
Дауыс беру нәтижесі бойынша Мақат кентінің әкімі болып Мақат ауданының Мақат кентінде тұратын «Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ-нің 40 жастағы басшысы сайланды. Ол өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.

Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша 3 кандидат тіркелді. Барлық тіркелген кандидаттар өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды. Кандидаттардың орташа жасы 42 жасты құрады. Ең ересек кандидат 53 жаста, ең жас кандидат – 29 жаста. Кандидаттардың гендерлік құрамы: екі ер адам және бір әйел адам. 
Сайлау қорытындысы бойынша Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі болып Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 46 жастағы аға оқытушысы, Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғыны сайланды.

Исатай ауданында сайлау екі ауылдық округте (Исатай, Зинеден) өтті. Барлығы 6 кандидат тіркелді.
Исатай ауылдық округінде сайлауға 3 кандидат қатысты. Оның 1-і «Amanat» партиясынан ұсынылды, қалған 2-і өзін-өзі ұсынушылар болды. Кандидаттардың орташа жасы 34 жасты құрады. Ең ересек кандидат 46 жаста, ең жас кандидат – 29 жаста. Барлық кандидаттар ер адамдар болды. Исатай сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 886 азамат енгізілді, олардың 573-і дауыс берді. Сайлаушылардың келуі 64,7% құрады.
 
Дауыс беру қорытындысы бойынша Исатай ауылдық округінің әкімі болып Исатай ауылының 46 жастағы тұрғыны, Исатай ауылдық округінің қазіргі әкімі сайланды. Оны «Amanat» партиясы қоғамдық бірлестігінің Исатай аудандық филиалы ұсынды.

Зинеден ауылдық округінде 3 кандидат тіркелді. 1 кандидатты «Amanat» партиясы ұсынды, қалған 2 кандидат өзін-өзі ұсынды. Кандидаттардың орташа жасы – 37 жас. Ең ересек кандидат 42 жаста, ең жас кандидат – 34 жаста болды. Барлық кандидаттар – ер адамдар. Зинеден сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 778 азамат енгізілді, олардың 482-сі дауыс берді. Сайлаушылардың қатысуы – 62%.
 
Дауыс беру нәтижелері бойынша сайлауда Исатай ауданы Зинеден ауылының 42 жастағы тұрғыны, Зинеден ауылдық округінің әкімі жеңіске жетті. Оның кандидатурасын «Amanat» партиясы қоғамдық бірлестігінің Исатай аудандық филиалы ұсынды.

Қорытындылай келе, ұсынылған 16 кандидаттың 2-уі «Amanat» партиясынан, қалған 14-і өзін-өзі ұсынушылар болғанын екенін атап өту қажет. Кандидаттардың гендерлік құрамы – 15 ер адам және 1 әйел адам. Кандидаттардың жалпы санының 13-і мемлекеттік қызметшілер болды, ал 3-і өз ауылдық округінде қайта сайланды. 


Ең жас кандидат 28 жаста (ер адам, мемлекеттік қызметші), ал ең ересек кандидат – 65 жаста (Жаңаталап ауылының мәдениет үйіндегі жарық жөніндегі инженер) болды.

Диана Садуахасова
 аға сарапшы 



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 21.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!