Басқарылатын көші-қон: Өңірлік стандарттар жүйесі бойынша өңірлердің қамтамасыз етілу деңгейі көші-қон факторы ретінде

20.12.2023

Халықтың көші-қонын басқару – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық және этникалық аспектілеріндегі қоғамдық динамикасын қалыптастыратын күрделі, көп қырлы процесс.

Көші-қон процесін басқару тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Тікелей басқару көші-қон заңнамасымен жүзеге асырылады, онда эмиграция және иммиграция тәртібі; иммигранттардың құқықтары мен міндеттері; иммигранттарды ассимиляциялау тәртібі және т.б. Жанама басқару елде көші-қонның оң процестерін қамтамасыз ететін ортаны қалыптастыруды көздейді, мысалы, Қазақстан үшін бұл көші-қонның теріс сальдосын қысқарту болып табылады.

Өңірлердің әлеуметтік тартымдылығын қамтамасыз етілу көші-қонға жанама әсер ету құралдарының бірі болып табылады, оны Өңірлік стандарттар жүйесінің (бұдан әрі - ӨСЖ) көмегімен бағалауға болады, өйткені ӨСЖ елді-мекендердің әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының базалық нысандарымен және қызметтерімен қамтамасыз етілуін сипаттайтын интегралды индикатор болып табылады.

2022 жылдың деректері бойынша республика бойынша ӨСЖ сәйкес халықты нысандармен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілу деңгейі небәрі 55,7%-ды құрады. ӨСЖ өңірлік көрсеткіштері ҚР өңірлерінің әлеуметтік тартымдылығы мәселесінің бар екенін көрсетеді және бұл халықтың кетуінің және көші-қонының теріс сальдосы себептерінің бірі болуы мүмкін, ол 6 722 адамды немесе 10,0 мың тұрғынға 3,4 адамды құрады.
 
Әлеуметтік тартымдылық деңгейі мен көші-қон үрдістері бойынша сараланған өңірлердегі жағдайды қарастырайық.


Астана, Алматы, Шымкент қалалары келу өңірлері болып табылады, ал ӨСЖ сәйкес нысандармен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 70,0%-дан асады. Бұл әлеуметтік тартымдылықтың салыстырмалы жоғары деңгейі болып табылады және бұл осы қалаларға халық ағып келу себептерінің бірі болуы мүмкін. Бұл ретте, Алматы және Астана қалалары үшін халық ағынының жоғары қарқындылығынан және қалалардың тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымына жүктеменің ұлғаюынан тәуекелдердің болуын айта кеткен жөн. Егер халықтың осы қалаларға келу қарқындылығы мен ӨСЖ сәйкес нысандармен және қызметтермен қамтамасыз етудің өсу қарқыны сәйкес келмесе, қызметтер тапшылығы, негізгі қорлардың тозуы және ӨСЖ бойынша қамтамасыз етілу деңгейінің төмендеуі мүмкін.

Маңғыстау және Алматы облыстарында халықтың механикалық өсіміне қарамастан, ӨСЖ бойынша қамтамасыз етілу деңгейі 65,6%-дан аспайды. Адамдардың көші-қон мінез-құлқына басқа факторлар әсер етуі мүмкін. Бірақ келуші халық әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымдары қызметтерінің тапшылығына тап болуы мүмкін.
 
Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында халық ағынының қарқындылығы ӨСЖ бойынша нысандармен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейімен байланысты емес екені анық. Бұл өңірлерде ӨСЖ деңгейі салыстырмалы тұрғыдан жоғары, 80,0%-дан астам болғанына қарамастан, халықтың кетуі байқалады.

Қалған 13 өңірде ӨСЖ бойынша қамтамасыз етілу деңгейі 66,7%-дан аспайды және көші-қонның теріс сальдосы байқалады. Бұл өңірлерде халықтың кетуі халықты әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы нысандарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілумен байланысты болуы мүмкін.
 
Алынған ақпарат ӨСЖ-ін көші-қонды басқарудың жанама құралы ретінде қолдану мүмкіндігі туралы айтады. Анықталған тәуелділіктер ӨСЖ деңгейінің өсуі көші-қон ағындарын жақсарта алатынын: аумақтардың қирау қаупі бар аймақтардан халықтың кетуін азайта алатынын (бұл негізінен солтүстік, шығыс, солтүстік-батыс Қазақстанның өңірлері) және инфрақұрылымға жоғары жүктеме қаупі бар ағындарды азайта алатынын көрсетеді  (бұл негізінен республикалық маңызы бар қалалар).

Жұмысқа орналасу мүмкіндігі, еңбекақы төлеу деңгейі, тұрғын үйдің қолжетімділігі, сондай-ақ өңірдің экологиялық қауіпсіздігі халықтың көші-қонына жанама әсер ететін басқа факторлар болып табылады. Біз олар туралы келесі жарияланымдарда айтатын боламыз.

Дина Бектлеева
 жетекші сарапшы



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 21.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!