Инфрақұрылым инвестициялық тартымдылық факторы ретінде

28.12.2023

Өңірлердің инвестициялық белсенділігі мен олардың әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымының жай-күйі өзара байланысты екені баршаға мәлім. Бір жағынан, олардың инфрақұрылымының жай-күйі өңірдің инвестиция көлеміне байланысты болады. Мысалы, егер инвестиция көлемі артса, онда әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымының жай-күйі де едәуір жақсара түседі.

 
Екінші жағынан, өңірдегі инфрақұрылымның жай-күйі өңірлердің инвестициялық тартымдылығы факторларының бірі болып табылады. Мысалы, әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету неғұрлым жақсы болса, инвесторлар үшін өңірдің тартымдылығы соғұрлым жоғары болады.
 
Осы тұрғыдан өңірлердегі жағдайды олардың инвестициялық белсенділігі мен инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуінің арақатынасы арқылы бағалау қызықты. Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі инвестициялық белсенділік көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Өңірлердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін сипаттайтын интегралдық көрсеткіш олардың Өңірлік стандарттар жүйесіне (бұдан әрі – ӨСЖ) сәйкестік деңгейі болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, ӨСЖ өңірлердегі әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жай-күйін көрсететін 12 бағытты қамтиды.
 
Инвестициялық белсенділік пен өңірлердің объектілермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейінің арақатынасы 1-кестеде көрсетілген.

 
Талдау көрсеткендей, Астана қаласы мен Ақтөбе облысында ӨСЖ нысандарымен және қызметтерімен қамтамасыз етудің салыстырмалы жоғары деңгейі (ӨСЖ деңгейі 70,0%-дан жоғары) және инвестициялық белсенділік (жан басына шаққандағы инвестициялар көлемі республикалық деңгейден жоғары) байқалады. 
 
Бұл жағдайда, осы өңірлерде ӨСЖ сәйкес қамтамасыз ету деңгейі осы өңірлердің инвестициялық тартымдылығын жақсарту және олардың инвестициялық белсенділігінің өсу факторларының бірі бола алады.

Қазақстанның 5 өңірінде: Маңғыстау, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары және Ұлытау облысы, инвестициялық тартымдылықтың салыстырмалы жоғары деңгейіне қарамастан, ӨСЖ деңгейі төмен. Бұл өңірлерде инвестициялық белсенділіктің төмендеу қаупі бар, өйткені әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымдарының қазіргі жай-күйі осы өңірлердің инвестициялық тартымдылығын төмендететін фактор бола алады.

Қазақстанның қалған өңірлерінде (Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Абай, Қарағанды, Қостанай, Жетісу, Түркістан облыстары) инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің салыстырмалы төмен деңгейі (ӨСЖ сәйкес қамтамасыз ету деңгейі 70,0%-дан төмен) инвестициялық төмен белсенділік байқалады. Бұл жағдайда әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы нысандарының тапшылығы өңірлердің төмен инвестициялық тартымдылығының факторлары болуы мүмкін. Сондай-ақ, инвестициялардың жеткіліксіз көлемі инфрақұрылымдық мәселелердің себептерінің бірі болып табылады.

Қазақстанның барлық өңірлері үшін (әсіресе, ӨCЖ нысандарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі төмен 15 өңір үшін) инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс, оның ішінде инвестициялық тартымдылық пен инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету шеңберінде, маңызды болып табылатынын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, өңірлерді дамыту жөніндегі барлық инвестициялық жобалар әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын жақсарту бөлігінде оң нәтижелер мен пайда әкелуге тиіс.

Дина Бектлеева
 жетекші сарапшы



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 21.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!