Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы ретінде дамыту басымдылықтары

30.12.2023

Түркістан қаласына 2018 жылы облыс орталығы мәртебесінің берілуіне байланысты халық санының, негізгі капиталға инвестициялар көлемінің, халық табысының, кәсіпкерлік субъектілерінің, өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемінің күрт өсуі байқалды.

Мәселен, 2018-2022 жылдары:
  • Халық саны 1,3 есе өсті;
  • Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8 есе өсті (Қазақстан Республикасының негізгі капиталына инвестициялардың жалпы көлеміндегі Түркістан қаласының үлесі соңғы 5 жылда 0,3%-тен 2%-ке дейін өсті);
  • Қызметкерлердің орташа айлық номиналды жалақысы 2 есе өсті;
  • Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының саны 28 есеге өсті (627-ден 18 056 бірлікке дейін) (Қазақстан Республикасының жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы Түркістан қаласының үлесі соңғы 5 жылда 0,1%-тен 1%-ке дейін өсті);
  • Өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің көлемі 11,5 есе өсті.

Бұл ретте Түркістан қаласының даму үрдісін толыққанды талдау үшін статистикалық деректер жетіспейді.

Туризмді дамыту мүмкіндігін ескере отырып, Түркістан облысы үшін «Туризм» жеке статистикалық жинағы жоқ.
«Түркістан облысы және оның өңірлері» жалпы жинағында облыстың әкімшілік-аумақтық бөлінісіне бөлінбей, облыс бойынша объектілер саны (оның ішінде номерлер, қызмет көрсетілген келушілер, төсек-орын, тәуліктік төсек-орын саны) туралы статистикалық деректері бар «Туризм» шағын бөлімі көзделген. Сонымен қатар, «Қазақстан туризмі» статистикалық жинағында тек Қазақстан Республикасының облыстары мен курорттық аймақтары бөлінісінде қызмет көрсетілген сырттан кірген және ішкі келушілер саны бойынша статистика енгізіледі.

Түркістан қаласының рөлін арттырудың одан әрі қадамы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» жеке Заңды әзірлеу арқылы оған Қазақстан Республикасының рухани және тарихи орталығы ретінде ерекше мәртебе беру болады.

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді ескере отырып, оның ішінде Түркістан қаласында қызмет көрсетілген сырттан кірген және ішкі келушілер саны бойынша статистикамен Түркістан облысы үшін жеке «Туризм» жинағын құру қажет.

Түркістан қаласына туристерді тартатын негізгі объект - 14 ғасырда салынған Қожа Ахмет Ясауи тарихи кесенесі болып табылатынын атап өткен жөн.
Осыған байланысты, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» жаңа Заңда осы объектіге қатысты, оның ішінде объектіге қызмет көрсету және оның сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты жекелеген нысаналы нормалар көзделуге тиіс.

Дәулет Жамбайбеков
  Ғылыми экономикалық сараптама және зерттеулер орталығының жетекші сарапшысы





Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 29.12.2023





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!