Қазақстан Республикасында 1,6 млн-нан астам жұмыспен қамтылғандар қолайсыз немесе зиянды жағдайларда жұмыс істейді

18.01.2024

Еңбек жағдайлары ел халқының өмір сүру сапасының көрсеткіштерінің бірі болып табылады. 

Статистика деректері бойынша 2022 жылы Қазақстанда зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшылар саны 1,6 млн-нан астам адамды немесе барлық жұмыспен қамтылған халық санынан 18,6% құрады, бұл 2021 жылдан 30,0 мыңға жуық адамға (1,8%) артық (1-кесте).
 
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес зиянды еңбек жағдайлары зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталады, олардың қызметкерге әсері ауруға немесе еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Кәсіптік ауру – қызметкердің өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерге әсер етуінен туындаған созылмалы немесе өткір ауру.


Қазақстанның бес өңірінде жұмыспен қамтылғандардың төрттен бірінен астамында зиянды және қолайсыз еңбек жағдайлары бар. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың басым бөлігі өнеркәсіпте еңбек ететін өнеркәсіптік өңірлер: Ұлытау облысы – 40,3%, Атырау облысы – 38,8%, Павлодар облысы – 27,0%, Қарағанды облысы – 26,5%, Маңғыстау облысы – 25,5%.
 
Қазақстанның тағы 5 өңірінде жұмыспен қамтылғандардың 1/5-тен астамы зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларына ие. Олардың ішінде келесі өнеркәсіптік өңірлер бар: Шығыс Қазақстан облысы – 23,1%, Ақтөбе облысы – 21,9%, Қостанай облысы – 20,4% жұмыспен қамтылғандар. Осы топта Республикалық маңызы бар қалалар бар: Алматы – 20,4%, Астана – 19,3%.

Қолайсыз және қауіпті еңбек жағдайларының салдары нәтижесінде уақытша немесе тұрақты еңбекке жарамсыздық, кәсіптік ауру немесе өлім пайда болатын өндірістік жарақаттар, денсаулығының нашарлауы немесе жұмысшының улануы болып табылады.

Еңбек заңнамасына сәйкес зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлердің кепілдіктер мен өтемақыларға құқығы бар. 2022 жылы зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін өтемақы шығындарының сомасы 207631,7 млн теңгені құрады. Бұл негізінен жұмысшылар үшін қосымша демалысқа байланысты шығындар және зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдер болды.


Зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді қолдауға байланысты шаралардың тиімділігі жарақаттану деңгейімен және кәсіптік аурулар деңгейімен бағаланады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің мәліметтері бойынша, 2022 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 1465 қызметкер зардап шекті, оның 203-і қаза тапты. Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2021 жылдың деңгейінде қалды: 1000 жұмысшыға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 0,22 құрады.
 
Көріп отырғанымыздай, жағдай сақталуда және бұл мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласындағы кешенді шараларына қарамастан, мысалы: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі стандарттарды енгізу, мүгедектігі бар адамдарды «халық бақылаушылары» ретінде тартуды көздейтін Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп «Халықтық бақылау» жобасын іске асыру, «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасын іске асыру, жұмыскерлермен және жұмыс берушілермен еңбек туралы заңнаманы сақтаудың тиімділігін арттыру бойынша қашықтықтан өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін және жұмыс берушінің еңбекті қорғау талаптарының сақталуын өзін-өзі тексеруден өтуін көздейтін «Онлайн еңбек консультанты» электрондық сервисін іске қосу. 

Дина Бектлеева
 жетекші сарапшы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 21.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!