Шағын және орта бизнесті дамыту

19.01.2024

Шағын және орта бизнес – барлық елдер экономикасының маңызды секторы.  Шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау әрқашан шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылады. 

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызметі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен регламенттелетін заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары жатады.

Бұдан басқа, жыл сайын ШОБ секторының республика экономикасына қосқан үлесін бағалау үшін ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі көрсеткіші қалыптастырылады. 
Соңғы жылдары жалпы ШОБ өсімі байқалды (тіркелген, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны, жұмыспен қамтылған халық саны, өнім шығару көлемі).

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылғы қаңтар-маусымда тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2 223,5 мың бірлікті құрады. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2015 мың бірлікті құрады және 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда – 1559,9 мың бірлікке 77,4%-ке өсті. Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы қолданыстағы үлесі 90,6% құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 3,9 п.т. жоғары.

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санында 2023 жылғы қаңтар-маусымда жеке кәсіпкерлердің үлесі 69,1%, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларының үлесі – 17,6%, шаруа немесе фермер қожалықтарының үлесі – 13,1%, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларының үлесі – 0,1% құрады. 
Соңғы 5 жылда ШОК субъектілерінің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының үлесі 68,3%-ке өсті.


Қазіргі уақытта Қазақстанда шағын кәсіпкерлікке 1,7 млн. адам тартылған. Бұл ретте оның елдің экономикалық белсенді халқындағы үлесі 18,9% құрайды. 
2022 жылы ШОК-та ең көп жұмыспен қамтылған өңірлер: Алматы қаласы – 21,1% (868 496 адам), Астана қаласы – 12,0% (489 593 адам), Түркістан облысы – 6,4% (263 611 адам).

Ертеде Қазақстан Дүниежүзілік банк құрған Doing Business (бизнес жүргізу) рейтингіне бағдарланған болатын. Рейтингте Жаңа Зеландия бизнесті жүргізудің ең оңай елдерінің бірі деп аталды және бизнесті жүргізудің негізгі артықшылықтарын атап өтті, мысалы:
  • инвесторларды қорғаудың жоғары деңгейі;
  • сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейі; 
  • бизнесті жүргізуге аз шығындар; 
  • күшті және дамыған банк жүйесі. 

Кәсіпкерлерді қолдау үшін Бизнес, инновациялар және жұмыспен қамту министрлігі бар. Елде шағын және орта бизнеске арналған 20 мемлекеттік бағдарлама қолданылады. Мысалы, 2020 жылғы пандемиядан кейін Жаңа Зеландия билігі кәсіпкерлерге өз ісін онлайн-жұмысқа жаңғыртуға көмектесуге арналған Digitalboost («цифрлық серпіліс») бағдарламасына 44 миллион доллар инвестициялады. 2022 жылдың тамызында жеке аудиторлар осы бағдарламаға тәуелсіз бағалау жүргізді және шағын және микробизнес сауалнамасының нәтижелері бойынша қолдау алушылардың 80%-і осы платформа арқылы өз сайттарын құрғаны, ал респонденттердің 23%-інде пайда өскені анықталды.
 
Оңтүстік Кореяда шағын бизнестің өнімділігі туралы үнемі есеп беретін жеке Стартаптар министрлігі бар. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Кореяның шағын және орта бизнесі экспорттық кірістің 1,7%-ке, 117,5 млрд долларға дейін өсуіне қол жеткізді. Елдегі шағын және орта бизнес айналысатын негізгі бағыттар — автомобиль құрамдастарым мен жартылай өткізгіштер жасауға арналған жабдықтар.

Бизнесті қолдау үшін пайданың өсуін, жұмыспен қамтуды, жаңа әзірлемелерді, цифрландыруды, мемлекет тарапынан қолдауды, жаңа нарықтарға шығуды және т.б. дамыту маңызды. 

Айдана Байканова
 Аға сарапшы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 21.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!