Қазақстанның сыртқы саудасындағы топ-5 тренд

22.01.2024

Екінші жыл қатарынан рекордтық тауар айналымы
2023 жылдың 11 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 125,9 млрд долларға дейін жетті, көрсеткіш 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ке артық. Бұл сыртқы сауданың рекордтық көлемі болып табылады. Ол импорттың 20,4%-ке ұлғаюымен байланысты, ал ел экспорты 8,5%-ке төмендегенін атап өткен жөн.
 
Импорттың төртінші жыл қатарынан рекордтық көрсеткіштері
2023 жылдың 11 айында Қазақстанға импорт 54,6 млрд долларға жетті, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,4%-ке артық. Бұл шетелден елге автомобильдер мен жоғары технологиялық тауарларды жеткізуді ұлғайту есебінен өскен импорттың рекордтық көлемі болып табылады.

 
Бас сауда серіктестің ауысуы
2022 жылға дейін елдің негізгі сауда серіктесі Ресей Федерациясы болды, оның үлесі жыл сайын 20-24%-ке дейін жететін еді. Алайда, 2022 жылғы геосаяси өзгерістер қазір 2023 жылы еліміздің бас сауда серіктесі 22% үлеспен Қытай болды, ал Ресей Федерациясына тиесілі үлес 19%.

Экспорттың төмендеуі мұнай бағасының төмендеуімен байланысты
ҚР экспорты 11 айда 8,5%-ке 71,3 млрд долларға дейін төмендеді, бұл, ең алдымен, мұнай кірістерінің 12,4%-ке 38,3 млрд долларға дейін төмендеуімен байланысты. Бұл ретте, тоннамен санағанда, қазақстандық мұнай экспорты 7,2%-ке 60,5 млн тоннадан 64,9 млн тоннаға дейін өсті.

Шикізаттық емес тауарлардың экспорты төмендеді
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан Республикасынан шикізаттық емес тауарлардың экспорты 4,5%-ке, яғни, 22,8 млрд долларға дейін төмендеді. Бұл негізінен аралық тауарлар (жартылай фабрикаттар) экспортының 7,2%-ке 18,2 миллиард долларға дейін төмендеуімен байланысты. Мысалы, негізгі металдардың шетелдік сатылымы 9,3%-ке 12,4 млрд долларға дейін, ал мұнай өңдеу өнімдерінің экспорты 34,2%-ке 1,5 млрд долларға дейін түсті.

Сарапшы
 Ернар Серик




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 21.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!