08.02.2024
Ел өңірлеріндегі көші-қон жағдайы өңірдің сыртқы және ішкі көші-қон процестеріндегі жағдайымен бағаланады.
Соңғы онжылдықтың басында (2012 жылы) оңтүстік өңірлерде және Атырау (407 адам), Маңғыстау (5562) облыстарында сыртқы көші-қон сальдосы оң болды. Еліміздің солтүстік өңірлерінде көші-қонның теріс сальдосының жоғары мәні байқалды.
Онжылдықтың соңында (2022 жылы) Атырау (237 адам), Маңғыстау (3336 адам), Алматы (1011 адам), Түркістан (314 адам) облыстарында және мегаполистерде сыртқы көші-қонның оң сальдосы қалыптасты. Сыртқы көші-қонның теріс сальдосының салыстырмалы түрде жоғары мәні 2012 жылдағыдай солтүстік өңірлерде байқалады.
Қазақстанның сыртқы көші-қонында ТМД елдерімен көші-қонның үлесі жоғары екенін атап өткен жөн. Иммигранттардың шамамен 70-80% осы елдерден келеді, эмигранттардың 80-90% осы елдерге кетеді.
Өңіраралық көші-қонда еліміздің мегаполистері өңірлердің халқы үшін тартымды болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша келушілер саны кететіндер санынан асып түсті: Алматы қалаларында - 35302 адамға, Астана қаласында - 33798 адамға, Шымкентте - 2576 адамға өңірлердің тұрғындары Алматы облысына (898 адам) Алматы қаласына жақын аумақ ретінде көшіп келеді.
Жалпы, халықтың көші-қон өсімі мегаполистерде, Маңғыстау, Алматы облыстарында байқалады. Қалған өңірлерде халықтың көші-қон кемуі байқалады.
Елде болып жатқан урбанизация процесі халықтың елдің мегаполистеріне тартылуымен де сипатталады. Білім, жұмыс, мүмкіндіктерді іздеу халықтың осы қалаларға көшуінің негізгі себептері болып табылады. Маңғыстау облысында халықтың көші-қон өсімі негізінен көрші елдерден көші-қон ағынынан туындайды.
Шынар Төлешова
жетекші сарапшысы
Барлық мақалалар